400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарахан мемлекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 19.11.2018 ж.

Өтілетін орны: 34 кабинет

Сыныбы: 7 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §10 Қарахан мемлекеті.

Сабақтың мақсаты: Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы болған, басқару экономикалық, қоғамдық құрылысы жағынан жан-жақты дамыған Қарахан мемлекетінің тарихымен және мәдениетімен таныстыру;

Дамытушылық мақсаты: Дамыған ортағасырлық мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерте отырып, оқушыларды өзіндік ойлауға тарихи оқиғаларды талдап қорытындылауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдауын, оның сәулет өнеріне әсерін түсіндіре отырып, имандылыққа бүгінге дейін мәнін жоймаған мәдени мұраларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Оқыту технологиясы:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру:

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, бағытталған оқыту.

Пәнаралық байланыс: мәдениеттану.

Сабақта қолданылатын әдістер:

▪ Іздендіру әдісі

▪ Зерттеу әдісі

▪ Синтездеу

▪ Проблемалық түсіндіру әдісі

▪ Сыни ойлау әдісі

▪ Қорыту

Күтілетін нәтиже

  • оқушылар өз бетімен жүмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады;

  • алған білімін жүйелей алады;

  • оқушының ізденіс нәтижесі анықталады;

  • өз ойын, пікірін ашық айта алады.

Көрнекілік: Интерективтік тақта, электронды оқулық, хронологиялық кесте, сызбалар.

Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:

  1. Оқушыларға ұнайтындай мүмкіндік туғызу.

  2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  3. Ойлануға уақыт беру.

  4. Жәрдем беру.

  5. Сын тұрғысынан ойлауды бағалаңыз.

Сабақты жүргізудің формалары:

  1. Жеке 3. Топтық

  2. Жұп 4. Ұжымдық


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушыларды түгендеу.

2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ерте ортағасырлық мемлекеттерге қатысты сұрақтар беруге болады.

  1. Ерте ортағасырлық мемлекеттер қай уақытты қамтиды?

(552- ХІ ғ. басы Түрік қағанаты мен Қимақ қағанаты)

  1. Ерте ортағасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?

(Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ, Оғыздар)

  1. Ерте ортағасырлық мемлекеттер туралы қандай деректерді білесің?

(«Оғызнама», «Қорқыт ата» кітабы)

  1. Қытай, Византия, Иран елдерімен қарым-қатынас жасаған түрік мемлекеттерін атаңдар.

(Түрік қағанаты, Батыс Түрік)

  1. Қалалар қазақ жерінің қай бөлігінде жақсы дамыды?

(Сырдария өзені бойында, Талас өзені, Іле өзені, Жетісу, Ертіс)

  1. Ерте ортағасырлық мемлекеттерге тән қандай жазба ескерткіштерді білесің?

(Тоныкөк, Күлтегін, Түрік балбалы)

Үй тапсырмасын қорытындылау.

«Сандар сөйлейді» ойыны.

  1. 737-751 жж. – (Тоқарстандағы арабтарды талқандау үшін, қарлұқтардың бірлесе отырып, арабтарды ойсырата соққы берді. Таразға жақын Атлақ қаласында көмекке келген арабтармен Қытай әскеріне ойсырата соққы берді)

  2. 603-704 жж. – (Батыс Түрік қағанаты өмір сүрген уақыты, астанасы Суяб қаласы)

  3. 766-775 жж. – (Атлақ түбіндегі шайқастан кейін қауіп болдырмау үшін Қашқарияны жаулап алып, Шығыстағы шекарасын кеңейтті)

  4. VI-VIII ғғ. – (қаған, батырлардың басына құлпытас орнату, оған жазу жазып қою әдеті дамыды)

  5. 766-840 жж. – (қимақтар Батыс Алтайға Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанды)


Қазақ жерінде VI-IX ғасырларда өмір сүрген ерте ортағасырлық мемлекеттердің заңды жалғасы болып табылатын басқару, қоғамдық құрылысы жағынан дамыған ортағасырлық мемлекеттер (Х-ХІІІ ғ.) тарихына шолу жасайтын болсақ, ортағасырлық қай мемлекетті алсақ та, мемлекет пайда болады, гүлденеді, құлдырайды, құлайды, тарих сахнасынан кетеді, себебі бытыранқылық салдарынан көршілес тайпа шабуылдары мен билікке таласуы, басқыншылық саясаты.

Сыни ойды дамыту технологиясы бойынша «Түртіп алу» стратегиясын жаңа сабағыма қолданамын.


«Түртіп алу» стратегиясы (мағынаны ажырату)


Білемін

Жаңа көргенмін

Білмегенім

Келіспеуім мүмкін











Жаңа сабақты оқыту жоспары:

  1. Қарахан мемлекетінің құрылуы, халқының этникалық құрамы.

  2. Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы.

  3. Мемлекеттің саяси жағдайы.

  4. Шаруашылығы мен мәдениеті.

Сабақтың негізгі ұғымдары: Қарахан мемлекетінің құрылуы, оның қоғамдық құрылысы мен саяси тарихындағы өзіндік ерекшеліктері. Шаруашылығы, мемлекеттегі ислам дінінің рөлі, мәдениеті.

Білге Күл Қадыр-хан

Базар Арслан

Оғұлшақ

Сатұқ Боғра-хан

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1









Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылыс жүйесі Түрік қағанатының басқару жүйесіне қарағанда өзгешелеу болған. Ол басқару тәртібіндегі жер иелену түрлерінен, алым-салық жинау жүйесінен байқалған. Жер иеленудің бір түрі «ихта», ал иеленушілерді «ихтадар» деп атаған. Арабша жер иеленушілерді «муқта» деп атаған. Муқта мен ихтаның айырмашылығы мынада: мухта – жерді түпкілікті иеленуді көздесе, ихта – оны алған адамдар сол жерде отырған халықтан алым-салық жинап әскери қызмет өтеуге міндетті болды. Жер иеленудің екінші түрі вақфтық жерлер – дінбасыларға, діни мекемелерге, ірі жер иеленушілерге берілген, олардан алым-салық жиналмаған. Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі олардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. Араб, парсы деректерінде ондай үлескерлерді музари немесе барзигар деп атаған. Музари дегеніміз шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық. Комендация – жеке басын қорғағаны үшін феодалдық әміршіге әскери қызмет немесе басқа да тегін жұмыстар атқаруы. 955 жылы Мұса хан болып, 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Енді қоғамдық құрылысына келетін болсақ, халқы – жікіл яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін. Хан – қаған, уәзір, тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер, қара халық. Күнбездеп салынған мешіт ғимараттары бой көтере бастады. Атақты адамдар басына күмбездер тұрғызылды. Мәселен, Айша бибі, Бабаджақатын кесенелері, сәулет өнеріне тән шығыс моншасы салына бастауы. Әдебиетіне Оғызнама дастаны VI-X ғасырлар ортағасырлық мемлекеттің ортақ дүниесі болды.

Айша бибі, Қарахан, Оғызнама дастаны бойынша қандай аңыз-әңгімелер білеміз?

1-тапсырма. Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысын-дағы ерекшеліктерді анықтауға арналады.

а) Қарахан мемлекеті мен түрік мемлекеттеріндегі басқару жүйесіндегі ұқсастықтарды анықта.

Вен диограмма

DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4





ә) Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлеріне сипаттама бер.

Иқта, ірі билік иелерінің жер үлесі, вақфтық жерлер.

б) Қарахан мемлекетіндегі қанау түрлерінің атын жазыңдар.

коммендация -

музари немесе барзигар –


2-тапсырма. Қарахан мемлекетінің саяси жағдайына қатысты хронологиялық кесте толтыру.


Оқушылар сіздерге электронды оқулық бойынша тапсырма беріледі.

«Тарихи бестік» ойыны.

  1. Мен ортағасырлық мемлекеттің бес ханын білемін.

  2. Мен ортағасырлық мемлекеттің бес датасын білемін.

  3. Мен ортағасырлық мемлекеттің бес астанасын білемін.

  4. Мен ортағасырлық мемлекеттің бес терминін білемін.


2-тапсырма: «Ортағасырлық мемлекеттер» мұражайына саяхат. Өз достарына бір жәдігер жөнінде әңгіме құра.

3-тапсырма: «Түртіп алу» стратегиясын, дайын болған бала оқып берсін.

Үйге тапсырма: 10-параграфты оқу. Картамен жұмыс. Қарахан мемлекеті тұсінда салынған сәулет өнері үлгілеріне қатысты реферат жазу.

Бағалау.

Бағалау кестесі


Оқушының аты-жөні

Талқылауға қатысуы

Топ жұмысына араласуы, қатысуы

Тақырыпқа байланысты ой қозғауы немесе мазмұндауы

Жалпы әрекетін бағалау

1





2





3





4





5






Кері әсер парағы.

Бүгін мен не үйрендім?

........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Аты-жөні .....................................

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1225
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі