400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарахан мемлекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісемін

Мерзімі:

21.11.2017

Сыныбы:

7 «А»

Пәні: қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Каримова Армангуль Жумабековна

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

X –XІІІ ғасырлар басындағы Қазақстан

Сабақтың тақырыбы

Қарахан мемлекеті


Зерттеу сұрағы

Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

Оқу мақсаты

6.3.1.4 – тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: X-XIII ғасыр басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін және жер иеленудегі жаңа атауларды игереді.

Оқушылардың басым бөлігі: олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын сипаттайды.

Бағалау критерийі

Қарахан мемлекетінің саяси құрылысын анықтайды.

Қарахан мемлекетінің саяси шекарасын картаға белгілейді.

Қарахан мемлекетінің жер иелену ерекшеліктерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Қарахан мемлекетінің жер иелену ерекшеліктерін анықтайды.

Оқулықтан мемлекеттің құрылуы, қоғамдық құрылысы, жер иелену ерекшеліктері жайлы мәтіннен ақпарат алады. Қарахан мемлекетінің құлау себептерін түсіндіріп, дәптерге түсіреді (жазылым).

Пәнге қатысты лексика мен терминология. Иқта, иқтадар, вақф, вассал, мильк, биліктің дуалды жүйесі.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер.

Талқылауға арналған тармақтар:

Исламданудың басталуын Қарахан мемлекетінің ханы Сатұқ Боғра ханмен байланыстырады, өйткені ....

Сіз неліктен Қарахан мемлекеті исламды мемлекеттік дін деп жариялағанын айта аласыз ба? Неліктен?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Қарахандық дәуір біздің ертедегі бабаларымыздың өміріндегі жаңа кезең болды, бұл ....

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды ойлау жұмысына қатыстыра отырып, «Мәңгілік ел» идеясының үшінші құндылығы рухында тәрбиелеу. Қазақ халқы өзінің тарихи ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бола алады.

Пәнаралық байланыс

География, дүние жүзі тарихы, мәдениеттану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Мемлекеттің ішкі саясаты туралы түсінік қалыптасқан, сол білімдерін қолдана алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


























Үй тапсырмасын

тексеру


Сынып оқушыларымен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық тренинг «Шаттық шеңбері».

Мақсаты: топта қалыпты жағдайды қалыптастырады, оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, орындарынан тұрып, тақтада көрсетілген өлең шумақтарын оқып, бір-бірлеріне жақсы көңіл-күй тілейді.

Қайырлы күн, достым.

Қайырлы күн болсын,

Сейсенбінің сәті.

Сәттілікке толы болсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Топтарға бөлу (төрт белсенді оқушы ортаға шақырылады, олар кезекпен өз топтарына оқушыларды атап бөліп алады). Әр топтың алдына әріп қиындылары беріледі, сол әріп қиындыларын пайдаланып, сөз құрау тапсырылады, құралған сөзге байланысты топтың атауы және міндеті белгіленеді. төрт топқа бөлінеді.

І топ – географ

ІІ топ – әлеуметтанушы

ІІІ топ – мәдениеттанушы

IV топ - саясаттанушы

Топ басшыларын өздерінің арасында сайлайды, топ басшыларына бағалау парағы беріледі, сабақты өту барысында топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бақылап, бағалау парағына бағасын қойып отырады.

І тапсырма

Оқушылар «Қарахан мемлекетінің ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялау себебі» атты тақырыптағы эссе жұмыстарын оқиды.

Әріп қиындылары, АКТ

Жаңа сабақты

түсіндіру



Қарахан мемлекетіне байланысты бейнефильм көрсетіледі, бейнефильмге қатысты оқушыларға ой тастау арқылы, жаңа тақырыптың «Қарахан мемлекеті» екендігі хабарланады. Жұмыс дәптерлеріне жаңа сабақтың тақырыбы жазғызылады.

ІІ тапсырма

Оқушыларға өткен сыныпта және бейнефильмді көру барысында алған білімдері бойынша төмендегі таблицаның «БІЛЕМІН» бағанын толтыру тапсырылады.

БІЛЕМІН

ҮЙРЕНДІМ

БІЛІГІМ КЕЛЕДІ






ІІІ тапсырма

Оқулықтағы мәтінмен танысу тапсырылады. 7 минут уақыт беріледі. Әр топтың алдарына А3 форматы беріледі, берілетін тапсырма әр топтың атауына байланысты болады, тапсырманы орындау үшін 10 минут уақыт беріледі.

Географ – қарахандардың орналасуы, мекендеген территориясы, климаттық жағдайын түсіндіреді.

Әлеуметтанушы – қарахандардың тұрмыс – тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы, дін мәселесін түсіндіреді.

Мәдениеттанушы – қарахан дәуірінде мәдениеттің дамуы жайлы түсіндіреді.

Саясаттанушы – қарахандардың сыртқы және ішкі саяси жағдайын түсіндіреді.

Оқулық,

таратпа материалдар,

маркер,

А-3 беттер, АКТ, кесте




Бекіту

ІV тапсырма

Оқушыларға сұрақтар беріледі, олар тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап қайтаруы керек.




942 -1212 жылы қарахан мемлекеті өмір сүрді ме?

Иә

Қарахан мемлекетіндегі билік үш тайпалық топқа бөлінді ме?

Жоқ

960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады ма?

Иә

Вақфтық жер - жасаған қызметі үшін берілген жер үлесі ме?

Жоқ

1210 жылы наймандармен күресте Шығыс Қарахан әулеті талқандалды ма?

Иә

Араб әліпбиі енгізілді ме?

Иә

Мемлекеттік салық түріндегі жерлер мүлік деп аталды ма?

Иә

Қарахандардың өзара қырқыстарын түркештер пайдаланды ма?

Жоқ

V тапсырма

Таблицаның «ҮЙРЕНДІМ», «БІЛГІМ КЕЛЕДІ» бағандарын толтырады

БІЛЕМІН

ҮЙРЕНДІМ

БІЛІГІМ КЕЛЕДІ







Қалыптасырушы бағалау тапсырмалары, кесте, АКТ

Бағалау

Сөз топ басшыларға беріледі, жаңа тақырыпты өту барысында оқушылардың жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала келе, оқушыларды бағалайды. Сабақ соңында оқушылар сабақ басында алған стикерлеріне сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтадағы смайликке жапсырады.

Стикер, смайлик, бағалау парағы

Үй тапсырмасын беру


Қарахан мемлекеті тақырыбын мазмұндау.

























Г

Е

О

Г

Р

А

Ф

М

Ә

Д

Е

Н

И

Т

Т

А

Н

У

Ә

Л

Е

У

М

Е

Т

Т

А

Н

У

С

А

Я

С

А

Т

Т

А

Н

У












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
902
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі