Материалдар / Қарахан мемлекеті ҚМЖ 6-сынып

Қарахан мемлекеті ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарахан мемлекеті презентация: https://ust.kz/powerpoint/qarahan_memleketi-323964.html Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2024
383
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарахан мемлекеті


Бөлім:

X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Қарахан мемлекеті
Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3. 1. 3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6. 2. 1. 2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;
6. 3. 1. 4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Қарахан мемлекетінің дамыған орта ғасыр кезеңіндегі тарихи орнын анықтап, орталықтанған мемлекеттің белгілерін талдау.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну: иқта, иқтадар, вақф, мүлік мағыналарын біледі;

Қолдану: Қарахан мемлекетіне қатысты ақпараттың кемінде 3-уін картадан көрсетеді;

Сыни ойлау мен зерттеу: Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі, тұрмыстағы өзгерістерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саяси-қоғамдық, экономикалық-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер ақпаратты туралы тыңдайды, оқиды, әңгімелейді, жазады (оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

иқта, иқтадар, вақф, мүлік

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Қарахан мемлекетінің ислам дінін мемлекеттік дін етуінің себептер/факторлар мыналар: әлеуметтік/........................, экономикалық/, ........................ саяси/мәдени .................... болып табылады.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл өзгерістер ерте орта ғасырларға қарағанда маңыздырақ болды, өйткені

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Құндылықтарды дарыту

Дамыған орта ғасырлық қоғамдағы болған өзгерістердің бүгінгі күнмен байланысын анықтау арқылы әдет-ғұрып пен діни-нанымге құрметпен қарауға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру

АКТ қолдану

дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Бастапқы білім


Оқушылар ерте орта ғасырлық мемлекеттер Түргеш, Қарлұқ қағанаты кезінде арабтардың Қазақстан жеріне келе бастауы н және Атлах шайқасының тарихы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин




3 мин































2 мин

  • Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау).

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

  • Оқушыларды 3 топқа бөлу.


(Б) Ой шақыру. Суреттермен жұмыс.

Ортағасырлық мешіттердің, кесенелердің, моншалардың суреттері көрсетіліп, төмендегі сұрақтар қойылады.

  • Не көрдің?

  • Не сездің?

  • Не ойлайсың?

  • Осындай құрылыстардың таралуын қандай себептермен байланыстырасыз?

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.










Презентация

1-слайд


















2-слайд












Сабақтың ортасы
5 мин





















7 мин




















10 мин


































«Білу және түсіну» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 1. Жаңа ұғымдармен жұмыс

Төмендегі берілген ұғымдарының мағынасын ашыңыз

Ұғымдар

Мағынасы

Иқта


Иқтадар


Вақф


Мүлік



Дескрипторлар:

  • Иқта сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Иқтадар сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Вақф сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Мүлік сөзінің мағынасын анықтайды;

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы



«Қолдану» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 2. Картамен жұмыс

Батыс және Шығыс Қарахан аумағын, оның орталықтарын және Қарахан мемлекетімен шекаралас мемлекеттерді белгілеңіз.

Рисунок 1



Дескрипторлары:

1.Қарахан мемлекетімен көршілес мемлекеттерді анықтайды;

2.Батыс иелік аумағын анықтайды;

3. Шығыс иелік аумағын анықтайды;

4. Әр иелік орталықтарының атауын жазады.


Бағалау. Оқушылардың бір-біріне кері байланысы.


«Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 3. Мәтінмен жұмыс

Топтарға Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саяси-қоғамдық, экономикалық-әлеуметтік өмірдегі өзгерістерді талдау үшін ықшамдалған мәтін мен суреттер таратылады. Зерттеу нәтижесінде жинақтаған дәлелдемелерін сынып алдында ауызша қорғайды.


Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың келуімен, ене бастады. Боғра хан Мұса 960 ж. исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендігі анықталды.Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерленген.Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің ықпалы күшті болды. Мешіт пен мұнара әкімшілік биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қала тұрғындарының өмірінде мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орын моншалар болған.Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті. Араб мәдениеті, жазуы, ғылымы тарады. Тараз, Отырар, Бұхара т.б. қалаларда араб мәдениетінің, ислам дінінің ірі орталықтары пайда болды.Ислам діні Қазақстанның саяси-экономикалық, мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкелді.


1-топ.Саясатта;

2-топ. Экономикада;

3-топ. Мәдениетте;

4-топ. Тұрмыста



Дескрипторлары:

  • Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты саясаттағы 1 өзгерісті анықтайды;

  • Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты экономикадағы 1 өзгерісті анықтайды;

  • Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты мәдениеттегі 2 өзгерісті анықтайды;

  • Қарахан мемлекетінде ислам дінінің енуіне байланысты тұрмыстағы 2 өзгерісті анықтайды.


Бағалау. Мұғалімнің бағалауы


Қосымша1

















3-слайд


6- сынып Қазақстан тарихы

Алматы Атамұра -2018, Оқулық авторлары: Н.С.Бакина, Н.Т.Жанақова, Қ.Қ.Сүлейменова












Қосымша 2


http://e-history.kz/kz





















Сабақтың соңы

7 мин
















6 мин





Бекіту сұрақтары. «Ақиқат/Жалған»


  1. Қарахан мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғра хан

  2. Мұса Боғра хан 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялады

  3. Шығыс Қарахан мемлекеті аумағына Мауараннахр аймағы енді

  4. Батыс Қарахан мемлекеті аумағына Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағы енді

  5. Иқта-әлсіз адамның өзінің шамалы жерден алған өнімін өзін және отбасын қорғағаны үшін күштіге төленетін салығы

  6. Коммендация- билеушілердің өздерінің туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, феодалдық жер сыйлықтары /Жалған/

  7. Қарахан мемлекеті дамыған феодалдық-патриархалдық мемлекет


Жауаптары:1) Ақиқат; 2) Ақиқат; 3) Жалған; 4) Жалған; 5) Жалған; 6) Жалған; 7) Ақиқат


Рефлексия. «Бағдаршам»

1.Бүгінгі сабақта  білдім,үйрендім?(жасыл стикер)

2.Қиындықтар кездесті,бірақ жеңе білдім. (сары стикер)

3.Түсінбедім,үйренбедім (қызыл стикер)
















Стикерлер

Үй тапсырмасы

Сәулет өнеріне тың өзгерістер әкелген Айша бибі, Қарахан кесенелері туралы мәліметтер жазу.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ