Сабақтың
тақырыбы: қарама-қарсы сандар, бүтін
сандар, рационал сандар, санның модулі тақырыбына есептер
шығару.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушылардың
өткен тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету,
жүйелеу, теориялық алған білімдерін,
практика жүзінде ұштастыра білуін қамтамасыз
ету.
ә) Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, өз беттерімен
жұмыс істеуге қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын
арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға,
ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, үлкен жетістікке ұмтылуға
тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: бекіту
сабағы
Сабақ
әдісі: жарыс,
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме
карточка
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру
-
«Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын
тексеру)
-
«Ойлы болсаң, озып көр»
(сұрақ-жауап)
-
«Біліктілік сайысы» (әр топқа тапсырмалар
беру)
-
«Білімің – ұшар қанатың»
(оқулықпен жұмыс)
-
«Сергіту сәті» (топтарға сөзжұмбақ, жұмбақтар,
мақалдар беру)
-
«Шешуші сәт» (тест
тапсырмалары)
-
Үйге тапсырма
-
Қорытындылау,
бағалау.
Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеп, сабаққа
дайындықтарын тексеру.
Сайыс сабағымызды бастау үшін
сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.
Олар: «Оң сандар», «Теріс сандар», «Қарама-қарсы
сандар» топтары.
І бөлім
«Алғашқы
қадам» (үй тапсырмасын
тексеру)
№352
№358
ІІ бөлім
«Ойлы болсаң, озып
көр» (сұрақ-жауап)
«Миға шабуыл»
-
Оң сандар және теріс сандар
-
Координаталық түзу
-
Қарама сандар
-
Бүтін сандар
-
Рационал сандар
-
Таңбалар ережесі
-
Санның модулі
ІІІ бөлім
«Біліктілік
сайысы»
(әр топқа жеке-жеке
тапсырмалар беру)
«Оң сандар»
тобына.
Координаталық түзудегі
нүктелердің координаталарын жаз. Координаталары қарама-қарсы
нүктелерді көрсет.
А К С В Д
-5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3
4
«Теріс сандар»
тобына «Топтастыру
стратегиясы»
Натурал сандар

Оң сандар
Қарама-қарсы сандар


Бүтін сандар
Теріс сандар
Рационал сандар
«Қарама-қарсы сандар»
тобына
Жиындарды Эйлер-Венн дөңгелегі арқылы
көрсет:
N
= 6; 1;
99
Z
= 6;
-9; 0; 1; -100;
99
Q
= 6; -3,5; 8,7; -9; -2,65; 0; 1;
-100; 5,6; 99
І
V бөлім «Білімің – ұшар қанатың»
(оқулықпен жұмыс, әр түрлі
есеп)
№365 №370
№374
V бөлім
«Сергіту
сәті»
(әр топқа тест, сөзжұмбақ,
мақал беріледі)
«Оң сандар» тобына «Рационал
сан» сөзжұмбақ шешу.
|
|
Р
|
а
|
д
|
у
|
и
|
с
|
|
|
|
А
|
р
|
а
|
л
|
а
|
с
|
|
|
|
Ц
|
и
|
р
|
к
|
у
|
л
|
ь
|
|
|
к
|
И
|
л
|
о
|
м
|
е
|
т
|
р
|
|
|
О
|
н
|
|
|
|
Н
|
а
|
т
|
у
|
р
|
а
|
л
|
|
|
А
|
з
|
а
|
й
|
т
|
у
|
|
|
|
б
|
ө
|
Л
|
ш
|
е
|
к
|
|
|
|
т
|
е
|
р
|
і
|
С
|
|
|
м
|
а
|
с
|
ш
|
т
|
А
|
б
|
|
|
|
б
|
ү
|
т
|
і
|
Н
|
|
-
Шеңбердің элементі?
-
қандай
сан?
-
Шеңбер сызатын құрал?
-
Ұзындық өлшем бірлігі?
-
Екі орынды ең кіші сан?
-
Нәрселерді санау үшін қолданылатын
сандар?
-
Қосуға кері амал?
-
қандай
сан?
-
Оң санға қарама-қарсы сан?
10) Картаны сызуға қандай өлшем
қолданамыз?
11) 20 қандай сан?
«Теріс сандар» тобына математикалық жұмбақтар
шешу.
-
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай (Натурал
сан)
-
Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал
сан)
-
Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да (Параллель
түзу)
-
Бірдей санды, бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
-
Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? (0)
«Қарама-қарсы сандар» тобына мақал-мәтел жалғасын
табу.
-
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
-
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
-
Айдағаның бес ешкі
Ысқырығың жер жарады.
-
Елу жылда ел жаңа
-
Бір тал кессең, он тал
ек.
VI бөлім
«Шешуші
сәт»
( тест тапсырмалары)
-
Мына теңсіздікті неше бүтін сан
қанағаттандырады?
-8<х<4
А. 11 В.10 С.12 Д.9
2. Теңдеудің дұрыс жауабын
тап: |5-х| =2
А. 7; -7 В. басқа жауап С. 3; 7 Д. -3;
3
3. Есепте: |5,2
-7,7|
А. 12,9 В. 2,5 С. -2,5 Д. -12,9
4.Есепте: ( |-7,3| + |-2,6|) :
|-9|
А. 5,7 В. 1,1 С.-1,1 Д. 13
5. Модулі ең кіші санды көрсет:
А. 6,3 В. -⅞ С. 53,6 Д.-13,97
6. Қарама-қарсы сандарды
көрсет.
1) –(-6) және 6 2) –(-⅞) және -⅞ 3) 12 және 12 4)
6,5 және -6,5
А. басқа жауап В. 1,2,4 С. 4 Д.
2,4
7. 4, 3санына қарама –қарсы санды
тап:
А. –(-4,3) В. –(2,6) С. –(+4,3) Д.
0
8. Есепте: |-4,5|: |-0,9|+ |-3|:
|2|
А. -7,5 В. -6,5 С.3,5 Д.6,5
Қорытынды. Жеңген топтарды
марапаттау.
Үйге тапсырма №371,
№373
Бағалау
Өскемен қаласы
әкімдігінің
«№35 орта мектеп» КММ
Сабақтың тақырыбы:
« Рационал сандар»
6 –
сынып
Орындаған: математика пән
мұғалімі
Кайракбаева Г.К.