Қарама-қарсы түстердің ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарама-қарсы түстердің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қарама-қарсы түстердің ерекшеліктері

 

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Сурет салу дағдысы қалыптасады.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі

Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау

Әр түстің психологиялық, көркемдік ерекшеліктері әртүрлі. Сол себепті де, әр түске байланысты әр ел халықтарында тұрақты сөз тіркесіне айналған сөздер бар. Жалпы алуан түрлі түстердің ерекшеліктері жайлы білгіңіз келе ме?

Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Ақ түсінің ассоциациялануына байланысты психолог мамандар көпшілікке былай деп кеңес береді: «Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым  ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз».

Қара – ең сиқырлы түс. Батыс елдерінің дәстүрлеріне сай қара өлім символы болып есептелінеді. Алайда, көптеген халықтарда (мысалы, Солтүстік Америка үндістерінде) қара — бұл жақсы түс, себебі ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді. Қара – сенбі түсі. Қара – бұл түс емес, қара – бұл түстің жоқтығы. Әдетте, адамдар қарама-қарсылықты айтқанда олар ақ пен қара туралы айтады. Егер ақ түс бәрін анық қылса, қара түс керісінше жасырады деп ұғынылады. Қара — мағына беруші түс. Көпшілік санасында, қара адамдардың мүмкіншілігі мен деңгейі жайлы сыр беретіндігі анықталған. Қара даулы рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, қарама-қайшылықпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен ассоциацияланады.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Адам болмысы жаратушы күшімен тығыз байланыста болғандықтан көк түсі алғашқы болмыс ретінде көп тілде көрініс тапқан. Мәселен, латынша: materia – болмыс, алғашқы зат, үнді еуропаша madher – көк (синий), ежелгі үнді тілінде mati – сана, ақыл (разум); славян тілінде мать – ана; неміс тілінде mutter – мать; түрікше mabi – көк. Осыған байланысты көк түсінің ассоциациялануы барлық елде көбіне-көп, аспан, жаратушы (тәңірі), ана бейнесінде болып келеді. Соған сай туған тіркестер де көк аспан, көк заңғар, көк бөрі ежелгі таным бойынша түркілердің анасы. Көк күмбез, көк әлем т.б. Дегенмен, көк түсі кейбір этностар танымында жастық пен албырттықты ассоциациялайды.

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Сары түсті Гете «ашық түстердің ішіндегі ең мықтысы» деген екен. Сары түс адам бойын сергітеді, көңілдендіреді деп көрсетеді. Әрине бұл, қазақы таным-түсінікке жат нәрсе. Ғаламның тілдік бейнесіне байланысты орыс халқында сары түсі «ашықтық пен жақсы көңіл-күйді» ассоциацияласа, қазақы ұғымда сары түс жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да қолданылады. Көбіне қазақы ұғымда сары түсі «уайым мен қайғыны», «мұң-шер мен ауруды» ассоциациялаған.

Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі ретінде ассоциацияланады. Бұдан бөлек қызыл түс азия елдерінде қызбен байланыстырылады. Бұған дәлел, қазақы танымда: «қыздың көзі – қызылда» десе, қытайда: hong yan bo ming, hong yan (сөзбе-сөз: қызыл реңк, ‘әйелдің нұрлы жүзі’ bo ming: соры ашылмаған) «арудың маңдайы тайқы» т.б. Күн шығыс елінің дәстүрлі үйлену салтында жас келін қызылдан желек жамылып, қызыл көйлек киіп, қызыл күймеге отырған. Олар тіпті той-думандарында да қызыл шырақ жағып, қызыл түсті қима қағаз суреттер ілуді қуаныштың символына балағандықтан, таным-түсініктеріне сәйкес қызыл түсін «бақыт пен жеңіске», «адалдық пен мейірімділік» секілді ұғымдармен ассоциациялайды.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс

БББ кестесі

 

Білем

Білдім

Білгім келеді

 

 

 


Үйге тапсырма

Тапсырманы аяқтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

 

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
659
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі