Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қарапайым және күрделі тіліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Студенттерге қима мен тілік ұғымдарын түсіндіру; олардың графикалық белгіленуін және сызбадағы орнын көрсету. • Дамыту: Детальдың ішкі құрылысын кеңістікте елестету қабілетін дамыту; қима мен тіліктің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. • Тәрбиелік: Сызба жұмыстарын орындау кезінде ұқыптылыққа, Мемлекеттік стандарт (МСТ/ГОСТ) талаптарын сақтауға және кәсіби жауапкершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Абилдаев Ғ.А.

_____________


1

2

3

4

Күні





Топ





Курс






Сабақ жоспары

Пән атауы

Сызу

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым және күрделі тіліктер

Бөлім тақырыбы

Қима мен тіліктер

Оқытушының аты-жөні:

Мұхтар Шаулин

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Білімділік: Студенттерге қима мен тілік ұғымдарын түсіндіру; олардың графикалық белгіленуін және сызбадағы орнын көрсету.

Дамыту: Детальдың ішкі құрылысын кеңістікте елестету қабілетін дамыту; қима мен тіліктің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік: Сызба жұмыстарын орындау кезінде ұқыптылыққа, Мемлекеттік стандарт (МСТ/ГОСТ) талаптарын сақтауға және кәсіби жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі

Студенттердің барлығы: Қима мен тіліктің анықтамасын біледі, сызбадағы қарапайым тіліктерді ажырата алады.

Студенттердің көбісі: Детальдың пішініне қарай қима мен тілікті өз бетінше таңдап, сыза алады.

Студенттердің кейбіреуі: Күрделі детальдардың қимасын жасап, оларды стандартқа сай белгілейді және өмірлік мысалдармен дәлелдей алады.


Бағалау критерийлері

  1. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

  2. Бейнежазба бойынша өз пікірін айта алады.

  3. Қима мен тіліктің графикалық айырмашылығын көрсете алады.

  4. Сызбадағы штрихтау ережелерін дұрыс қолданады.

  5. Берілген деталь бойынша тілікті дұрыс орындайды


Тілдік құзіреттіліктер

Оқылым: Мәтінмен жұмыс: оқулықтағы қима мен тілікке берілген анықтамаларды оқиды және терминдердің мағынасын түсінеді.

Айтылым: Сызбадағы кескіндерді сипаттайды, қима мен тіліктің айырмашылығын түсіндіреді, графикалық жұмыс барысын баяндайды.

Тыңдалым: Бейнежазбаны немесе оқытушының түсіндірмесін тыңдай отырып, қиюшы жазықтықтың орналасуы мен детальдың ішкі құрылысы туралы ақпаратты қабылдайды.

Жазылым: Тірек-сызбамен жұмыс жүргізеді, сызба бетіне қажетті белгілеулер мен жазуларды (мысалы: А-А) МСТ (ГОСТ) талаптарына сай түсіреді.


Ресурстар

Көрнекілік және дидактикалық құралдар

  • Суреттер мен тірек-сызбалар: Тақырыпты көрнекі түрде түсіндіруге арналған.

  • Кестелер: Мәліметтерді жүйелеу және салыстыру үшін қолданылады.

  • Слайдтар мен презентациялар: Жаңа тақырыпты (Егемен әліпби, «Мәңгілік ел» идеясы) таныстыруға арналған.

3. Техникалық және цифрлық ресурстар

  • Бейнематериалдар: Тақырып бойынша пікірталас тудыру үшін қолданылатын сілтемелер мен видеолар.

  • АКТ құралдары: Презентациялар көрсету және интернет материалдарын іздеуге арналған құрылғылар.

  • Интернет-ресурстар: Қосымша мәліметтер мен ізденіс жұмыстарына арналған сілтемелер.

4. Кері байланыс құралдары

  • Смайликтер мен стикерлер: Сабақ соңында студенттердің рефлексия жасауына арналған.


Әдіс-тәсілдер

«Миға шабуыл», ЖИ-мен жұмыс (генерация), практикалық жұмыс, «Джигсо» әдісі.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, академиялық адалдық, цифрлық сауаттылық.

Пәнаралық байланыс

атематика (геометриялық денелер), Инженерлік графика.

АКТ қолдану

И платформалары, QR-кодтар, электронды оқулықтар.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өткен сабақтарды еске түсіру.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар








Сабақтың басы

(10 минут)

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Студенттермен сәлемдесу.

2.Студенттердің қатысымын белгілеу.

3.Студенттердің назарын сабаққа аудару.

4. Топқа бөлу (ЖИ көмегімен): «Flippity.net» платформа

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын баяндау.



https://flippity.net/v2/rp.php?c=Katharine,Meryl,Jack,Ingrid,Daniel,Frances,Bette,Spencer,Denzel,Marlon,Jake,Cate,Dustin,Jane,Robert&t=Random%20Name%20Picker&d=y

ІІ. Үй тапсырмасын қ

Quizizz (Квизис).платформада тест орындайды


https://wayground.com/join?gc=12195073









Сабақтың ортасы

(20 минут)











Жаңа тақырыпты түсіндіру

Jeda.ai: https://go.jeda.ai (Бұл — визуалды ақыл-ой карталарын, диаграммалар мен стикерлерді ЖИ көмегімен жасауға арналған кеңістік).

Tinkercad: https://www.tinkercad.com (Тетікбөлшектерді 3D форматта көруге және кесіп (тілік жасап) көрсетуге өте ыңғайлы тегін құрал).

Презентация арқылы түсіндіру

https://gamma.app/docs/-0l0a0x80pupxdsw

















Анықтамасы:

Қарапайым тілік – бір ғана жазықтықпен кесу арқылы алынатын тілік.

Түрлері:

  1. Көлденең тілік – жоғарыдан төмен қарай кесу

  2. Тік тілік – алдыңғы немесе бүйір жағынан кесу

  3. Қиғаш тілік – бұрышпен кесу

Ерекшелігі:

  • Бір ғана кесу жазықтығы болады

  • Сызу оңай

  • Негізгі ішкі құрылымды көрсетуге жеткілікті

Мысал:
Болтты ортасынан кесіп қарасақ – оның ішкі ойығы көрінеді.

Күрделі тілік


Анықтамасы:

Күрделі тілік – бірнеше кесу жазықтықтары арқылы алынатын тілік.

Түрлері:

  1. Сатылы тілік (ступенчатый) – жазықтықтар бір-біріне параллель

  2. Сынған тілік (ломаный) – жазықтықтар әртүрлі бағытта

Ерекшелігі:

  • Бірнеше бөлікті бір сызбада көрсетуге болады

  • Күрделі детальдарға қолданылады

  • Сызу қиынырақ

? Мысал:
Ішінде әртүрлі деңгейде орналасқан тесіктері бар деталь.



Оқытушы сөз



Тірек-сызба

https://go.jeda.ai







Бейнематериал

(презентация, сілтеме)

https://www.tinkercad.com



Кесте









Слайд

Жаңа тақырыпты бекіту

Практикалық жұмыс: Студенттер берілген сызбадағы детальдың күрделі тілігін сызады.

Визуалды қолдау: Tinkercad қолданып, детальды 3D форматта кесіп көру.

Студенттерге арналған Практикалық алгоритм (Қалай салу керек?)

Сызбаны салуды бастағанда мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Тетікті талдау: Неше тесік бар? Олар қайда? Көріністердің қайсысы ең көп ақпарат береді?

  2. Қиюшы жазықтықты таңдау:

    • Егер барлық тесік бір түзудің бойында болса -> Қарапайым тілік.

    • Егер тесіктер параллель сызықтарда болса -> Сатылы тілік.

    • Егер тесіктер бұрыш жасап тұрса (шеңбер бойымен) -> Сынық тілік.

  3. Белгілеу: Тетікті қайдан кескеніңізді негізгі көрініске (Көрініс немесе Үстінен қарағанда) жуан үзік сызықтармен (А-А) және қарау бағытын көрсететін нұсқамалармен сызыңыз.

  4. «Ойша кесу» және «Жазу»: Бөлшекті ойша кесіңіз, алдыңғы бөлікті алып тастаңыз. Егер тілік сатылы немесе сынық болса, барлық қималарды бір жазықтыққа біріктіріңіз.

  5. Сызу: Тілікті сәйкес проекцияда сызыңыз. Пышақ тиген жерді 45° бұрышпен штрихтаңыз. Тіліктің үстіне бас әріптермен жазыңыз (мыс. А-А).

Практикалық тапсырма: «Тетіктің екі көрінісі бойынша тілігін салу»

Тапсырманың мақсаты:

Студенттерге тетіктің (бөлшектің) берілген екі көрінісі (алдынан және үстінен) негізінде оның ішкі құрылысын көрсететін фронталь тілігін орындауды үйрету.

Тапсырманың сипаттамасы:

Берілгені: Тетіктің алдынан қараған көрінісі (бас көрініс) және үстінен қараған көрінісі. Алдынан қараған көріністе тетіктің ішкі тесіктері мен ойықтары штрих (пунктир) сызықтармен көрсетілген.

Орындау қажет:

Үстінен қараған көріністі өзгеріссіз қалдыру.

Алдынан қараған көріністің орнына, тетіктің симметрия осі бойынша өтетін фронталь тілігін салу.

Тілікті ережеге сай белгілеу (штрихтау, әріптер).

Тапсырманы орындауға арналған үлгі (Графикалық мысал)

Төмендегі суретте тапсырманың берілгені (сол жақта) және оның дұрыс орындалуы (оң жақта) көрсетілген. Бұл студенттерге жақсы нұсқау болады.

Суретті талдау:

PROBLEM (Берілгені): Сол жақтағы екі көрініс. Назар аударыңыз, алдынан қараған көріністе (бас көрініс) ішкі тесік пен ойық үзік-пунктир сызықпен көрсетілген.

A-A Қиюшы жазықтығы: Жазықтықтың қай жерден өтетінін үстінен қараған көріністегі жуан штрих-пунктир сызық көрсетеді.

SOLUTION (Шешім): Оң жақтағы көріністер.

Алдынан қараған көріністің орнына фронталь тілік салынған.

Ішкі құрылым толығымен көрінеді, сондықтан пунктир сызықтар жоқ. Олар тұтас негізгі сызықпен салынған.

Пышақ тиген жерді 45° бұрышпен жіңішке сызықтармен штрихтау керек.

Тіліктің үстіне «А-А» деп жазу қажет.




Сабақтың аяғы

(15 минут)








Сабақты қорытындылау:

baamboozle.com платформасында сұрақтарға жарыса отырып жауап береді, әр дұрыс жауапқа ұпай жинайды

https://www.baamboozle.com/game/4339779



1. Сұрақ: Бір ғана қиюшы жазықтықпен орындалатын тілік қалай аталады? Жауап: Қарапайым тілік

2. Сұрақ: Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықпен орындалатын тілік? Жауап: Күрделі тілік

3. Сұрақ: Қарапайым тіліктер арқылы қандай ақауларды анықтауға болады? Жауап: Беткі ақауларды

4. Сұрақ: Тетікбөлшектің ішкі жасырын кемшіліктерін анықтау үшін қай тілік түрі тиімді? Жауап: Күрделі тілік

5. Сұрақ: Қиюшы жазықтықтар бір-біріне параллель болса, бұл қандай тілік? Жауап: Сатылы тілік

6. Сұрақ: Қиюшы жазықтықтар өзара бұрыш жасап қиылысса, бұл қандай тілік? Жауап: Сынық тілік

7. Сұрақ: Сызбадағы күрделі деректерді қабылдауға жеңілдету процесі қалай аталады? Жауап: Визуализациялау

8. Сұрақ: Күрделі тіліктерді орындау үшін не қажет? Жауап: Көбірек уақыт пен есептеу ресурстары

9. Сұрақ: Егер тетікбөлшек деректері бір өлшемді болса, қандай тілік жеткілікті? Жауап: Қарапайым тілік

10. Сұрақ: Тілік кезінде кесілген материалдың беті қалай белгіленеді? Жауап: Штрихтау (сызықтармен)

11. Сұрақ: Тетікбөлшектің тек белгілі бір шектелген жеріндегі құрылысын көрсететін тілік? Жауап: Жергілікті тілік

12. Сұрақ: Күрделі тіліктерді таңдау стратегиясының басты мақсаты не? Жауап: Тиімділік пен нәтижелілік

13. Сұрақ: Тетікбөлшектің ішкі логикасын түсіну үшін не қолданылады? Жауап: Тіліктер мен қималар

14. Сұрақ: Сызбада тіліктің бағытын көрсететін сызық қалай аталады? Жауап: Қиюшы сызық (стрелкамен)

15. Сұрақ: Көп өлшемді және өзара байланысты деректер үшін қай тілік қолданылуы тиіс? Жауап: Күрделі тілік



https://www.baamboozle.com/game/4339779


Студенттердің дәптерлері

Үйге тапсырма

Wizer.me платформасындағы "Қарапайым және күрделі тіліктерді ажырату" атты интерактивті тапсырманы орындау.

Оқулық, интернет-материалдар

Wizer.me

Рефлексия (Кері байланыс)

Сілтеме: padlet.com

"Бүгінгі сабақтан алған әсерім"

Студенттерге QR-код немесе сілтеме

. Олар телефоннан кіріп, мына сұрақтарға жауап жазады:

  • Бүгін маған не түсінікті болды?

  • Қандай сұрақтарым қалды?

  • Baamboozle ойыны ұнады ма?

Сілтеме: padlet.com

Смайликтер, (стикерлер)

Қосымша ақпарат (оқытушы үшін)

Саралау –

Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

студенттерге тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау –

Студенттердің үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері


АКТ-мен байланыс


Қосымша көмек ретінде интернет материадарға сілтемелер беремін.

Қабілеті жоғары студенттерге жаңа тақырып бойынша ізденіс жұмысын дайындаймын.

Кері байланыс арқылы тексеруді көздеймін

Ақпарат іздестіру кезінде

қауіпсіздік ережелерін сақтау

Рефлексия


Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін студенттер не білді?

Топтағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Жалпы бағалау


1.Сабақтың ең сәтті өткен екі кезеңі:

  • Интерактивті бекіту кезеңі (Baamboozle ойыны): Студенттердің жарысқа түсуі олардың тақырыпты меңгеру деңгейін нақты көрсетті. Ойын элементтері (бонустар, ұпай тартып алу) техникалық мамандықта оқитын студенттердің қызығушылығын барынша арттырды.

  • Визуалды түсіндіру кезеңі (Jeda.ai тақтасы): Күрделі және қарапайым тіліктердің айырмашылығын ЖИ арқылы құрастырылған ақыл-ой картасы (mind map) түрінде көрсету ақпаратты жүйелі қабылдауға көмектесті.

2. Сабақтың тиімділігін арттыруға не ықпал етер еді?

  • Келесі сабақтарда студенттерге тек дайын ЖИ өнімдерін көрсетіп қана қоймай, олардың өздеріне Jeda.ai немесе Baamboozle-де жеке тапсырмалар құрастыруға мүмкіндік беру (бұл олардың цифрлық құзыреттілігін одан ары дамытады).

  • Сызбаларды нақты өндірістік детальдармен көбірек байланыстыру.

3. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген студенттердің жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім?

  • Студенттердің басым бөлігі (85-90%) сатылы және сынық тіліктерді ажыратуды меңгерді.

  • Кейбір студенттерге визуалды ақпаратты (сызбаны) мәтіндік сұраққа айналдыру кезінде бағыт-бағдар беру қажет екені анықталды.

  • Ойын форматы тіпті сабаққа қатыспайтын "енжар" студенттерді де белсенді әрекетке тартты.

Мұғалім үшін қорытынды нота:

"Бұл сабақ дәстүрлі инженерлік графиканы заманауи ИТ-технологиялармен ұштастырудың тиімді үлгісі болды. ЖИ платформаларын (Jeda.ai, Baamboozle) қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, сабақтың динамикасын өзгертті."






Оқытушының аты-жөні:Шаулин М. қолы:________________.













Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау шкаласы


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Балдың пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89


Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,00

65-69


Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12