Қарапайым математика

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарапайым математика

Материал туралы қысқаша түсінік
аааааааааааааа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Жумахметова Жазира Серікқызы
Білім беру саласы: Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: Тасша баланың ойындары
Мақсаты:
Балалардың математикалық білімі мен ұғымдар негізінде ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.

Дамытушылығы:Балалардың 10 көлемінде санау дағдысын және ақыл ойларын,танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:Балаларды тапқырлыққа ,ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап ,ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: пішінді кілемше,дидактикалық ойын құралдары.


Келген қонақтармен сәлемдесу

Балалар ,шаттық шеңберіне тұрып, көңіл- күйімізді көтеріп алайық.


Оқу қызмет барысы:

Шаттық шеңбері

Күлім қағып қолымды,

Бір ,екі,үш деп соғайын.

Қарап тұрған досыма ,

Қолымды мен бұлғаймын.

Ыстық алақаныммен ,

Маңдайымнан сыйпаймын.

Құшақтасып досыммен,

Амандасып алайын.


-Осындай тамаша көңіл-күймен математика негіздері ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастаймыз.

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Бір жылда төрт жыл мезгілі бар: Қыс,көктем,жаз,күз

-Бір жылда неше ай бар?

Бір жылда он екі ай бар:

Қаңтар,ақпан,наурыз,сәуір,мамыр,маусым,шілде,тамыз,қыркүйек,қазан,қараша,жетоқсан.

-Айтыңдаршы балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде неше ай бар және оларды атап берші?

-Айлар аптадан тұрады.Бір аптада неше күн бар?

-Өте жақсы, жарайсыңдар!

-Балалар, мен сендерге тәулік бөліктеріне байланысты жұмбақ жасырамын.Мұқият тыңдап,дұрыс шешімін табамыз.


Ұясынан күн шығып,

Барлық жұртты оятты.

Бұл уақыт балалар,

Айтыңдаршы не дейміз ? (Таң)


Бақшада біз жүреміз,

Ойнап билеп күлеміз.

Бұл мезгілді балалар,

Айтыңдаршы не дейміз ?( Күндіз)


Күн жылжып барады ,

Ұясына жақындап.

Бұл мезгілді балалар,

Айтыңдаршы не дейміз? (Кеш)


Күн ұясына батады,

Айда аспанға шығады.

Елдің бәрі ұйқыда,

Бұл мезгілді кім табады? (Түн)

-Тәулік бөліктерінің реттілігін өте жақсы біледі екенсіңдер.


Ғажайып сәт : Тасша баланың келуі

Тәрбиеші: Сәлем балақай!

Тасша бала: Сәлем балабақайлар!Қалайсыңдар?Мен ертегілер еліндегі Тасша балмын.

Тәрбиеші: Я Тасша бала , бізге қарай асығып жеткен секілдісіз?

Тасша бала: Иә мен сіздерге қарай асығып жеттім.Ертегілер елінде ішім пысты.Сосын сендерге келдім.Менің дорбамда мынадай көптеген асықтар ,түрлі ойындар бар.Соны сендермен бірге ойнайын деп жүгіріп жеттім.

Тәрбиеші: Ой қандай тамаша Тасша бала.Асықтарыңды достарыңмен бөліскенің сондай жақсы.Ендеше балалар Тасша баланың әкелген ойындарын ойнау үшін дамытушы орталықтарға бөлініп алайық.

Тасша бала: Ендеше менде балалармен бірге ойын ойнап,көңілімді көтеріп, білімімді толықтырайын.

Тәрбиеші: Иә Тасша бала сенің әкелген ойындарың сондай қызықты секілді.Кел бірге ойнайық.

Тасша бала : Ой тамаша .Мен ойын ойнағанды сондай жақсы көремін.

Тәрбиеші: Ендеше балалар дамытушы орталқтарға пішіндер арқылы бөлініп,ойындарымызды ойнайық.


Пішіндер арқылы орталықтарға бөліну


«Жарық шам» ойыны

Мақсаты:Балалардың есте сақтауын,санай білу қабілетін дамыту.

Шарты:Суреттегі дорба ішінде жатқан асықтарды санап,сандарды орналастыру.


«Домино» ойыны

Мақсаты:балаларды санай білуге үйрету.Балалардың ептілігін,шапшаңдығын дамыту.

Шарты: Әр ойыншы текше тастайды.Текшеде түскен сандарға сәйкес ,нүктелі асықтарды кесемен алдарына ұяшыққа жинайды.


«Түстерін сәйкестендір»

Шарты: Суретте берілген асықтарға қарап,қақпақ үстіндегі асықтарды түстеріне қарай сәйкестендіріп орналастыру.Орналасқан асық түстерінің реттілігімен түстерді бір біріне қосып сызу.


Тасша бала: Балалар менің әкелген ойындарым сендерге ұнадыма .

Балалар: Әрине.

Тасша бала: Мағанда сендермен ойнаған сондай көңілді болды.

Тәрбиеші: Рахмет саған Тасша бала.Сенің ойындарыңды ойнап біздің балалардың білімдері толықты.Кел енді балалармен бірге сегіту сәтін орындап бойыңды сергітіп ал.


Сергіту сәті

Әуенмен асық арқылы қимылдар жасау.

«Бірдейін тап»

Шарты: Екі жерде жасырын орналасқан суреттердің бірдейін табу.

Санамақтар Сәл демалып тынып ал,

Тақпақ жаттап үғып ал.

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі дүйсенді,

Екіншісі сейсенбі,

Үшіншсі сәрсенбі,

Төртіншісі бейсенбі,

Бесіншісі жұма,

Алтыншысы сенбі,

Жетіншісі жексенбі.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеумәз

Бас бармағым әкем

Балан үйрек анам

Ортан теке әкем

Шылдыр шүмек мен

Кішкентай бөбек сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


Бір дегенім баспақ,бұзауды жүр бастап

Екі дегенім ешкі,ешкі қойдан есті

Үш дегенім үйрек,үйректі қолға үйрет

Төрт дегенім тайлақ,тайлақты қой байлап

Бес дегенім бие,Құлыныма ие

Алты дегенім атан,мініп жүрсін атам

Жеті дегенім жорға,жорғаны мін жолға

Сегіз дегенім сиыр,сиыр тұзға үйір

Тоғыз дегенім тоқты,тоқты жемді соқты



Тасша бала: Ой қандай тамаша.Мен енді санамақта білетін болдым.Балалар сендер биыл мектепке барасыңдарма?

Балалар: Әрине.

Тасша бала: Ендеше мынау меннен сендерге естелік болсын.Оқуда озат алғыр болыңдар.Менің ойындарымды қызығып ойнағандарың үшін рахмет.Ал енді мен ертегілер еліне қайтайын.Ол жақтағы Таусоғар,Желаяқ достарым мені іздеп жатқан болар.

Тәрбиеші: Рахмет Тасша бала.Сау бол.Еліңе бізден сәлем айт.


Қорытынды:

-Балалар бүгін бізде қандай оқу іс-әрекеті болды?

-Қонаққа кім келді?

-Бүгінгі іс-әрекетте, қандай ойындар ұнады?

Жарайсыңдар балалар!Сендер сондай ақылды,білімді екенсіңдер.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2025
39
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі