400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Тақырыбы: «1 ден 10-ға дейінгі сандар »

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Даярлық топтың ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің

технологиялық картасы 


Мерзімі:

Білім беру саласы: «Таным».

Тараулар: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «1 ден 10-ға дейінгі сандар »

Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту. Кеңістікті бағдарлау.

Міндеттері:

Білімділік: балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету, геометриялық пішіндерді тануға, тура және кері жаңылмай санауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ету. айналадағы заттар дың орналасуын жоғары, төмен түсіндіру.

Дамытушылық: балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін, ойындар арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

Тәрбиелік: достық пен сыйластыққа тәрбиелеу ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: оң жақ, сол жақ, жоғары, төмен,қосу, азайту, артық, кем..

Үштілдік компоненті: сәлеметсізбе- здравствуйте-goodmorning, түс- цвет-colour, көк-голубой- blue, кызыл-красный- red, бір-один- one, екі-два- two, үш-три- three, төрт-четыре- four, бес-пять- five, алты-шесть-six, жеті-семь- seven, сегіз-восемь- eight, тоғыз-девять- nine, он-десять- ten; шеңбер-круг- circle, шаршы-квадрат- sguare, үшбұрыш-треугольник- triangle, сопақша-овал- oval.

Демонстрациялық материал: 0 ден 10 ға дейінгі сандар , топ балаларының физминутка видеосы, «+», «-», «<», «>», «=» белгілері.

Үлестірмелі материал: әр түрлі - түсті суреттер,ұшақ, күшік, балық, ағаш, үй, бұлт, күн, кемпірқосақ, торғай, салыстыру есептері. Таяқшадағы сандар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері!

Шеңбер болып тұрайық.

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты.

Қонақтарға шашайық.

Қазір жылың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз айларын айтайқшы.


Бір аптада неше күн бар?

Өткен тапсырманы қайталап сұрау.

Шеңберге тұрып,шаттық шеңберін айтады.







Қазір жылдың күз мезгілі.

Үш ай бар.

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

Бір аптада жеті күн бар. Апта күндерін атау.

Іздену-ұйымдастырушылық

- Балалар, бізге бүгінгі оқу іс - әрекетімізге қонақ тар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді байқамақшы. Олай болса, оқу қызметіне белсене қатысайық. Бізде қазір қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметі.
- Математика оқу қызметінде біз не үйренеміз, балалар?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, математика оқу қызметінде біз сандармен пішіндермен, пішіндер көлемімен, түстермен танысады екенбіз және есеп шығарып үйренеміз.
Ғажайып сәт: Есік қағылып хат келеді. Қане қарайық бұл хатта не жазылған екен мен ашып оқып көрейін.

- Сәлеметсіздер ме, балалар, мен сендерге пішіндердің суретін салып жібердім. Әр пішінде тапсырмалар берілген, маған осы тапсырмаларды орындау арқылы үй құрастырып берулеріңізді сұраймын. Егерде сендер менің тапсырмаларымды орындап берсеңдер, сендерге берер сыйлығым бар!Сәлеммен достарың сайқымазақ.

Тапсырма орындайсыңдар ма балалар?
Сайқымазақтың тапсырмаларын хаттан алу.

№1 тапсырма

Сандарды ретімен және кері орналастыр (үш тілде санау)

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10  (1-ден  10-ға дейін тура)

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1  (10- нан 1-ге дейін кері) Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін үйдің қаңқасы (тіктөртбұрыш) қойылады.

№2 тапсырма

1

2


4


6

7


9


1


3


5

6


8


10

Жоғалған сандарды тап.







Тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда үйдің шатыры қойылады.







Балалар жауаптары

















Балалар жауаптары






Балалар, тура және кері санайды.












Балалар жоғалған сандарды атап дұрыс орналастырады.

.



№3 тапсырма

Тыныс алу жатығуы: Түтікшемен демді ішке тарту арқылы 1 ден 10 ға дейіегі сандарды ретімен орналастыру.

Тапсырманы  дұрыс орындағандықтан үйдің есігін орнына қояды.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қоссақ,
Болады екен он саусақ.
Оңға  қарай иіліп,
Солға  қарай иіліп.
Алға  қарай бір адым,
Артқа қарай бір қадым.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.

№4 тапсырма

Көршісін тап. Карточкадағы жазылған сандардың алдыңғы артқы көршісін дұрыс табу.




№5 тапсырма

Кеңістікті бағдарлау.

Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы тәрбиешінің айтуы бойынша заттарды алдарындағы параққа орналастырады.

Дидактикалық ойын: «Келісемін - келіспеймін»
Келісемін – келіспеймін.
1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды.
2. Қарбыздар талдың басында өседі.
3. Жазда шанамен сырғанаймыз
4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
5. Лимон тәтті болады.
6. Шыршаның түсі қызыл.
7. Алма шаршыға ұқсайды.
8. Балықтар талда өседі.
9. Сиырдың 4 аяғы болады.
10. Керіктің бойы аласа.
11. Балмұздақ ыстық болады.
12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
13. Қоян балды жақсы көреді.
14. Пілдің тұмсығы қысқа.
15. Кітап – білім береді.






















Карточкалардағы цифрларды дұрыс орналастырады.






































Балалар, берілген карточкадағы тапсырманы дұрыс орындап үйдің терезесін орналастырады.



























Балалар оң жақ, сол жақ , жоғары, төмен ге заттарды орналастырады.

Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін түтікшені орнына қояды.


Рефлексивтік- түзетушілік

Қорытынды:

- Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерген ұнадыма?

- Қандай ойындар ойнадық?

- 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап үйрендік пе? – Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалар, үй геометриялық пішіндерден құралатынын түсінді.

Тапсырма орындау барысында  осындай үй құрастырып  үйрендік.

Рефлексия: Бүгінгі оқу қызмеінде ештеңе түсінбедім, түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын дегендерін бүұлтқа тамшы жапсрамыз.

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын дегендерін күннің шуақтары алып жапсырамыз.

Бағалау: Балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне барлығың белсене қатыстыңдар. Сол міне сендерге мынадай медал беріледі.






Балалар жауап береді.





Өз көңіл күйлерін көрсетіп жапсырады.




Тексерген:___________

Тәрбиеші: Зайтова.С.Б.











«Нұр-Дәулет» балабақшасы














Ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызметі

Тақырыбы: «1 ден 10- ға дейінгі сандар»













Тәрбиеші: Зайтова С.Б.



















Семей қаласы

2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі