400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру» Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі бөбекжай тәрбиешілеріне арналған. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін , зейінің дамыту, 1 ден 5 ке дейін тура және кері санауды, түстер арқылы жыл мезгілдерін табу. Бұл оқу қызметінің соңында балалар логикалық сұраққа толық және нақты жауап бере біледі; дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын түсінді; әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын игереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Келісілді»

ШО әдіскері :А. Д. Джунусова


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Күні: 08.02.2019ж

Тәрбиеші:Денишова З.Ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Мақсаты: 5 көлемде сандық есептеуге үйрету.сандарды тура және кері санау.Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру,іс-әрекет дағдыларын меңгерту,әлемнің тұтас бейнесін түсініп,ойлауға ауызша жауап баруге,геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап,түстерді ажыратуға қарым-қатынас көмек көрсету.балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ – жауап, қорытындылау. Қажетті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, дидактикалық ойындар, пішіндер, сандар. Үштілділік компонент: бір, екі, үш, төрт, бес, один, два, три, четыре, пять, оne, two, three, four, five. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің барысы:

-Балалар топқа кіреді.

-Балалар барлығымыз жылулық шеңбер бойына тұрып амандасып жіберейік.

-Балалар шаттық шеңберін үш тілде айтады.

Тәрбеші: Балалар, сендер серуенді ұнатасыңдар ма? Сендер ғажайып математика еліне барғыларын келе ме? Ол үшін кассадан дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш билет алып орнымызға отырамыз.Автобуспен барамыз.

Тәрбиеші: Автобуста қоғамдық көлікте өзімізді қалай ұстауды білеміз бе?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-3 ай бар: желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қыс мезгілінде күн салқындайды,қар жауады, аяз болады,боран болады

-Өте жақсы балалар.

Міне балалар ғажайып математика еліне де жетіп қалдық Ғажайып сәт:Балалар қараңдаршы мына жерде қорапша жатыр, ашып көреміз бе?

- қорапшаның ішінде хат жатыр екен балалар.

Тәрбиеші:хатты оқиды,хатта тапсырмалар бар екен

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен пішіндер Патшайымымын. Сендердің топтарыңда ашық оқу қызметі өткелі жатыр деп естіп, сендердің білімдеріңді, ой ұшқырлықтарыңды білейін деп, сендерге көптеген тапсырмаларды хат арқылы беріп жібердім. Тапсырмаларды жақсы етіп орындаңдар. Сендерге сәттілік тілеймін.

1 - тапсырма: «Сандарды тап » сандарды тауып,тура және кері санау(үш тілде)

-Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы орындадыңдар.

2 - тапсырма: «Жоғалған санды тап» (Интерактивті тақта арқылы ойын)

-Балалар интерактивті тақтадағы ойын арқылы сандардың көршілерін табады.

-Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы орындадыңдар.

3- тапсырма: «Нешеу?», «жоғарда төменде » логикалық жұмбақтар ойыны. (Интерактивті тақта арқылы ойын)

1.Ағашта неше алма бар?

2.Жоғары да неше ағаш,төменде неше ағаш?

3.Ағашта неше тиін отыр,жерде неше тиін отыр?

4Ағашта неше торғай қонып отыр?

5. Бағдаршамның неше көзі бар?
(Балалар қуана ойнайды). Балалар сұрақтарға мүдірмей жауап береді.

-Өте тамаша, жарайсыңдар балалар.

-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Төрт жыл мезгілі,Кәне атап шығайық (қыс,көктем,күз,жаз).

-Балалар қараңдаршы мына жерде әртүрлі пішіндер жатыр екен(балалар түстерді үш тілде)атап шығады

-Көк түс қыс мезгілін (себебі қыста қар жауады,жер ақ түске айналады)

-Сары түс күз мезгілін(себебі күзде жапырақтар сарғаяды)

-Жасыл түс көктем мезгілін(себебі көктем мезгілінде шөптер жасыл түске айналады)

-Қызыл түс жаз мезгілін (себебі жазда бүршік жарып гүлдер шыға бастайды)

Енді орнымыздан тұрып, серігіп ойын ойнап жіберейік.

Бұл шарлардың түсі сол төрт мезгілді белгілейді.

Ойын. «Жыл мезгілдерін тап»

Шарты:балалар музыка ырғағымен билеп жүріп,музыка тоқтаған кезде күз мезгілі деген кезде балалар сары түске барып тұра қалу керек.(солай ойын әрі қарай жалғасады).

4- тапсырма:сызба ойын «санды заттың санына сәйкестендіру»

-Балалар санға сәйкес суреттерді табады.

-Балалар сендер тапсырмаларды өте тамаша орындап шықтыңдар.

-Енді сендермен бірге мына жерде тұрған сандармен ойын ойнайық.

-Ойын ойнаймыз ба?

Ойын: «Өз орныңды тап»

Шарты: Балалар сандар жазылған пішіндерді алып, әр қайсысы өз қолындағы санға сәйкес орындарын тауып алып тұра қалады.

-Өте жақсы , жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші:Балалар сендер пішіндер Патшайымымын тапсырмаларын өте жақсы етіп орындадыңдар. ал енді балалар біздің де балабақшамызға оралатын уақытымыз болды.Автобусқа жайғасып отырайық.

-Балалар автобуспен балабақшаға оралады.

-Балалар сендерге тапсырмалар ұнадыма?

-Ия ұнады.

-Қандай тапсырмаларды орындадыңдар?

-Сандардың көршісін таптық,математикалық сұрақтарға жауап бердік.

-Жарайсыңдар балалар.

- Балалар сендер Патшайымның тапсырмаларын өте жақсы орындап шықтыңдар. Білімді, ақылды екендеріңді көрсеттіңдер.

Енді бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды. Үстел үстінде смайликтер тұрады. Балалар өздеріне ұнаған смайликтерді тауып көрсетеді. Маған да осы смайликтер ұнайды.

-Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сандарды тура және кері санауды, логикалық сұраққа толық және нақты жауап бере біледі.

Түсінеді: дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын түсінді. Қолданады: әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын












4 ЖОжҚББМО жанындағы«Балбұлақ»шағын орталығы

















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

(ортаңғы топ)













Өткізген топ тәрбиешісі: Денишова.З.Ж.











2019ж















Picture 16

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі