400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарапайым мәтіндік редакторы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 5-сынып оқушылары үшін. Осы жоспарды пайдаланып сабақ өтсеңіз онда оқушылар. Мәтіндік процессордың түрін анықтайды. • Қарапайым мәтіндік редакторының қызметі мен жұмыстарын тұжырымдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы

Күтілетін нәтиже:


Білім

  • Мәтіндік процессордың түрін анықтайды.

  • Қарапайым мәтіндік редакторының қызметі мен жұмыстарын тұжырымдайды.


Түсінік

  • Wordpad мәтіндік редакторының атқаратын қызметіне қорытынды шығарады.


Қолданыс

  • Кез келген қолданыстағы мәтіннің пішімін өзгерту тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолданады.


Анализ

  • Қарапайым мәтіндік редакторында пішімдеу амалдарының қолданысын саралайды.


Синтез

  • Қарапайым мәтіндік редакторының адам өміріндегі маңызы ұғымдарын тұтастырады.

  • Әдебиет сабағымен тығыз байланыстыра отырып, мәтінді пішімдеу амалдарының қолданысын қайта қарастырады


Баға

  • Мәтінді теру мен өзгертудің маңыздылығын ерекшелейді.

Сабақ құрылымы:

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
1.1.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.«Шаттық шеңбері»
1.2.
Топқа бөлу. ( «W-O-R-D-Pa-d” , «М-Ә-ТІ-Н-Д-І-К» әрітердің қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді)
(3
минут)
І топ «WordPad» , ІІ топ: «Мәтіндік» болып оқушылар топтарға бөлінеді.

І. Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау(4мин.).

Сабақ типі: Сабақты жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық.

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:

  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Мәтіндік процессор, пішімдеу, жұмыс аймағы.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:


Оқушы жетістігін бағалау:

  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Бонус - балл тапсырмасы:

WordPad қарапайым мәтіндік редакторына қосылудың схемасын сызып көрсет.

Үй тапсырмасы:

  1. Келесі Анықтамаларды жаттау.

  2. Келесі тапсырманы орындау:

сабаққа дайындық тапсырмасы

Құжатты құрудың соңғы сатысы қалай аталады? Осы процессті жазбаша сипаттап бер.


1. Үй тапсырмасы





Тест сұрақтары:
1. PAINT графикалық редакторы не үшін қажет?
a) Жазу үшін
b) Сурет салу үшін
c) Есеп шығару үшін

2. Редакторды іске қосу командалары...
a) Іске қосу, бағдарламалар, қолданбалар, PAINT
b) Іске қосу, қолданбалар, PAINT
c) Жұмыс столы, бағдарламалар, қолданбалар, PAINT

3. Терезе элементтерін ата?
a) Тақырып жолы, жұмыс алаңы, мәзір қатары, құралдар, бояу таяқшасы
b) Тақырып жолы, жұмыс алаңы, құралдар, бояу таяқшасы
c) Тақырып жолы, жұмыс алаңы

4. Негізгі түс қалай таңдалады?
a) Тышқанның оң батырмасын басу арқылы
b) Тышқанның сол батырмасын басу арқылы
c) Ешқандай батырма баспай таңдауға болады

5. Сызық қалыңдығы қалай таңдалады?
a) Сызық қалыңдығы таңдалмайды
b) Қаріпті үлкейту керек
c) Сызық құралын таңдағанда төменгі жақта сызық түрлері шығады

6. Тышқанның оң батырмасымен сурет салуға болама?
a) Болады, бұл кезде сурет фондық түспен салынады
b) Болмайды, сурет тек сол батырма көмегімен салынады
c) Болады


7.  Paint графикалық редакторында құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командалар орындалады?

а) Файл ---- Сохранить

b) Файл- ---- Сохранить как

c) Файл - --- Открыть


8. Суретті салу мен оны редакторлеу құралы қанша?

a) 8

b) 15

c) 16


 9. Суретті қағазға басып шығару үшін ....

a) Файл --- Открыть

b) Файл ---- Сохранить

c) Файл -Печать


10.  Бүріккіш құралының қызметі

a) Бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды

b) ерікті сызықтарды салуға арналған

c) бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылатын құрал

2. аҚПАРАТ алмасу



Тақырып жоспары:

  1. Wordpad жайлы түсінік және оның қолданыс аясы.

  2. Қарапайым мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

Слайдтар

1 - слайд (титул)


2 - слайд Сабақтың мақсаты


3 - слайд Тақырып жоспары


4 - слайд 1 - тақырыпша. WordPad жайлы түсінік және оның қолданыс аясы


5 - слайд Мәтіндік процессор

  • Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы.

  • Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады.


6 - слайд WordPad – қарапайым мәтіндік редакторы

WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады.

Shape1

Қызметі


Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішіннен басқа пішінге өзгерту үшін пайдаланылады


7 - слайд Қолданыс аясы

  • Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады.

  • Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.


8 - слайд 1 - тақырыпша. Қарапайым мәтіндік редакторымен жұмыс


9 - слайд WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу

  • Мәтін мен абзацты пішімдеуге;

  • Шекараларды жылжытуға;

  • Шегініс орнатуға;

  • Әр түрлі қаріп қолдануға;

  • Г рафикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейне клиптерді қоюға болады.

10 – слайд WordPad бағдарламасын іске қосу

Shape2 Іске қосу үшін:

Пуск - Программы - Стандартные – WordPad

Wordpad терезесінде келесі элементтерден тұрады:

  • Тақырып жолы

  • Меню жолы

  • Құрал - саймандар тақтасы

  • Пішімдеу тақтасы

  • Сызғыш және терезенің жұмыс аймағы

Терезенің көп бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.


11 - слайд WordPad терезесінің құрамы

  • Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

  • Құрал - саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар.

  • Тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырғаннан кейін, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады.

Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.


12 - слайд WordPad - та құжат құру

  • Негізгі орындалатын сатылар

  1. Қаріп және оны өлшемін таңдау.

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау.

  3. Мәтінді пішімдеу.

  4. Құжатты сақтау және ашу.

  5. Б аспаға шығару.


13 - слайд Мәтінді енгізу мен редакциялау

  • Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:

  • Enter - жаңа жолға көшу

  • Shift - бас әріптерді теру.

  • CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу

  • Backspace - меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру

Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру.


14 - слайд Мәтінді пішімдеу. Мәтіннің әлпеті

  • М әтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

  • Ж - жартылай қалың

  • К - курсив

  • Ч - асты сызылған.

Кәдімгі пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам орындалады.


15 - слайд Мәтінді тегістеу

  • Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы

  • сол жақ шеті

  • оң жақ шеті

  • ортасы

  • бойынша тегістеу батырмалары қолданылады.

Бұл әрекетті Пішім (Формат) - Абзац командасы арқылы да орындауға болады.


16 - слайд Құжатты сақтау және ашу

  • WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін:

  • Файл - (Cохранить как ) командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады.

  • Сақталған құжатты ашу үшін:

  • Файл - (Открыть) командасын орындаймыз.

  • Жаңа құжатты құру үшін:

  • Файл - (Создать) командасын орындаймыз


17 - слайд Құжаттарды басу

Құжатты құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру.

  • Құжатты баспаға беру әрекеттері:
    Файл - Алдын - ала қарап шығу (Предварительный просмотр);

  • Файл – Баспаға шығару (Печать).



іі. Құзырлығын бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Батырма

Аты

Міндеті




Қорытынды:___________________________________________________________


ІІІ. шығармашылық әрекет



Практикалық жұмыс

«Біз мәтін жаза жаза аламыз»


1. WordPad бағдарламасын іске қосу.
2. Times New Roman қаріп түрін таңдаймыз

3.Қаріптің өлшемін 16 - ға тең деп алыңыз.
4. Мақалдарды дұрыс мағынасымен жазу.

Білім басы - зейнет, соңы - бейнет.

Білімдіге күні жарық,
Білімсіздің дүние қаріп.

5. Мақалдарды ерекшелеп алып, ортаға туралау


ІV. бекіту

Топтастыру әдісі арқылы оқушылардың сабақтан алған білімдерін тексеру


Бағалау

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________


Үйтапсырмасы: §4,5 - тақырып

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі