400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарапайымдылық, шынайылық,жауапкершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін

_______________________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Жалпы білім беретін №28 орта мектеп № 12 сабақ

Тақырып: Ар – намыс керек адамға

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Қарапайымдылық, шынайылық,жауапкершілік

Мұғалiм: Л.Шұғаева Сынып 9 «Ә» Оқушылар саны 18


Мақсаты: Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

Білімділік: Оқушыларға ұят,ар,намыс ұғымдарының мәнін ашу арқылы сүйіспеншілік құндылығына түсінік беру ;

Дамытушылық: Оқушылардың ұят,намыс,ар туралы қалыптасуына ықпал ете отырып , қарапайымдылық, шынайылық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушыларды қарапайымдылыққа, шынайылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, таспа, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

Рисунок 6

1) Тыныштық сәтi.

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы «Сөз құдіреті» атты шағын мәтінді, оқып келу.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау



3. Дәйек сөз.

«Малым-жанымның садағасы,

Жаным-арымның садағасы».

Мақал

  • Хормен оқыту. Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек оқыту.

  • Жұмыс дәптерге жаздыру.

  • Осы дәйексөз сіздерге қандай ой салды?

  • Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, қорытындылау.


4. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

«Отыз алтыншы сөз» қара сөзін айтып беру.

  1. Шығармадан қандай ой түйдіңіз?

  2. Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық жамандық дейді?

  3. «Шын ұят» - деген сөзді қалай түсінесіз?

А. Құнанбаевтың қара сөзін оқу арқылы өз бойларына рухани байлық жинайды.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1- топ Ар, намыс, ұят туралы білетін нақыл сөздер жазу.

2- топ Ар, намыс, ұят туралы білетін мақал-мәтелдер жазу.

3- топ Ар, намыс, ұят туралы білетін өлең жолданын жазу.

Баяу әуен қойылады.

Постер, маркер.

6.Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр»


әні: Ш. Қалдаяқов сөзі: Ғ. Қайырбеков


Әлемнің жарығын сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілді көктемдей

Көзіңнен танимын.

АКТ-ны пайдалану. Әнді бірге шырқау арқылы аналарына өз сезімдерін білдіру.

7.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға «Абырой – ар еңбегі» тақырыбына эссе жазу ұсынылады.

Күнделікке жазу

8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі