Материалдар / ҚАРАҚҰМЫҚТАН КОТЛЕТ ЖӘНЕ ҚАРАҚҰМЫҚ ҰНЫНАН ПЕЧЕНЬЕ ӘЗІРЛЕУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАРАҚҰМЫҚТАН КОТЛЕТ ЖӘНЕ ҚАРАҚҰМЫҚ ҰНЫНАН ПЕЧЕНЬЕ ӘЗІРЛЕУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарақұмықтан котлет және қарақұмық ұнынан печенье әзірлеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2023
271
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАРАҚҰМЫҚТАН КОТЛЕТ ЖӘНЕ ҚАРАҚҰМЫҚ ҰНЫНАН ПЕЧЕНЬЕ ӘЗІРЛЕУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қарақұмық – емдік қасиеті бар дақыл. Оның отаны Оңтүстiк Сiбiр, Алтай болып есептелінеді. Осы уақытқа дейiн қарақұмықты Қазақстан, Ресей және Украина жерлерiнде, сонымен қатар Канадада өңдейді.

Қарақұмық жармасы дәмді, пайдалы және емдiк қасиетi бар құнды тағам. Өзінің пайдалы қасиетi мен энергетикалық құндылығы жағынан ол астық тұқымдастарынын iшiнде бiрiншi орында, екiншi орында бидай, одан кейiн күрiш, соя және арпа.

Қарақұмықтың құрамында, органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций, калий, магний, йод, никель, кобальт және мыс қосылыстары басқа дақылдарға қарағанда 3-5 есе көп болады. Оның құрамында сонымен қатар В1, В2, РР дәрумендері және ең маңызды деген тағамдық заттар: ақуыз- 13-15%, крахмал-70%ға дейiн, қант- 2-2,5%, май- 2,5-3% және клетчатка 1,1- 1,3%.

Ғалымдар қарақұмықтың құрамындағы ақуыздардағы алмастырылмайтын аминқышқылдардың мөлшерi еттiң құрамындағы алмастырылмайтын аминқышқылдармен тең екендiгiн анықтады. Сонымен қатар, қарақұмық етке қарағанда әлдеқайда жақсы қортылады. Сондықтанда қарақұмықты етпен алмастыруға болады. Қарақұмық әрі - экологиялық таза өнім болып табылады. Біріншіден, бұл түрлендiруге келмеген өсімдік.

Екiншiден, әр түрлi нитраттар, пестицидтер және гербицидтер қарақұмық құрамында жоқ. Бұл өсімдіктер химикаттарды қажет етпейді. Ол тыңайтқыштарсыз тамаша дамиды, арамшөптермен және зиян келтірушілермен басқалардың көмегiнсiз күресе алады.

Қарақұмық өзінің жоғары калориялығымен ерекшеленеді - 100 г өнiмде 307 ккал бар. Ол астық тұқымдастардың iшiндегi тағамдық және диеталық қасиеті бар жалғыз өнім.

Қарақұмықтың емдік қасиеттерін атап айтатын болсақ, біріншіден, қарақұмық жармасының ең маңызды қасиеттерiнiң бiрі: қатерлi iсiк ауруының алдын алу және емдеу болып табылады.

Екіншіден, қарақұмық - өте күшті дәрi. Ол диабетпен ауыратын адамдарға өте қажетті өнім, себебі оның құрамында көмірсулар басқа дақылдарға қарағанда аз. Сондықтан да қарақұмықтан жасалған тамақтар картоп пен нанды алмастыра алады. Оның құрамындағы калий мен марганец диабет кезiнде пайдасы өте көп. Қарақұмық диабет ауруы кезiнде қан құрамындағы қантты тұрақтандырып ұстап тұра алады. Егер қарақұмықты тағам құрамына қосып пайдаланса, қанның құрамындағы қант мөлшерi бiрден секірмелi жоғарылап емес, керiсiнше баяу өзгеріп отырады.

Үшіншіден, анемия. Қарақұмық құрамындағы клечатка мен ақуыз өте пайдалы және жақсы қортылады. Сондықтан да ол анемия кезiнде гемоглобиннің жоғары болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар қарақұмық құрамында фолий қышқылы өте көп, ол жүктілік және оған дайындық кездерінде өте қажетті зат. Сондай-ақ осы қышқылдың арқасында адам ағзасы қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұруға қабілетті.

Қарақұмық халықтық емде. Жаңадан ұнтақталған қарақұмықтың жапырағын iрiндi жараларды емдеуге, ал осы өсімдіктің шырынымен конъюктивиттi емдеуге қолданады.

Қарақұмық ұнынан емдiк жақпалар жасайды және оларды түрлі тері аурулары мен қатерлі iсiктердi емдеуде қолданады. Қарақұмық ұны балалардың ағзасына өте жағымды әсер етеді.

Қарақұмықты сонымен қатар тамақ ауырғанда, бел ауырғанда қолданады (қарақұмық дәнін қыздырып, матаға байлап мойын мен белдi орау керек).

Халықтық емге тек қана қарақұмықтың жапырақтары мен жемiсiн ғана қолданбайды. Сонымен қатар қарақұмықтың балы да өте пайдалы. Ол асқазан, ішек-қарын ауруларында, қан аздық және журек-қолқа ауруларында ұсынылады.

Қарақұмықты диетада қолдану. Ағзаны тазарту. Ересек адамдар қарақұмықты ағзаларын тазарту ушiн де қолданады, өйткені ол азада жиналып қалған түрлi шлактар мен токсиндердi iшектен бөлiп шығарады және де құрамындағы басқада органикалық қышқылдарға байланысты адамнын ас қорытуы жақсарады. Қарақұмықтың құрамындағы флавоноидтардың көмегiмен адам ағзасындағы барлық артық жиналып қалған холестериндердi ағзадан шығарады. Осының арқасында жүрек қан тамырлары дұрыс, әрi жақсы жұмыс iстейдi.

Артық салмақ тастау. Қарақұмықтың құрамындағы рутин ағзадан артық сүйықтықты бiржола жоюына мүмкіндік туғызады. Бұл қасиеттер бас құпия, мұндай қарақұмық диетасы қазiргi уакытта өте кең тараған диетанын бiрi болып табылады.

Қарақұмықты 3-5 күн аралығында қолданса, ағзадағы барлық артық сұйықтық шығады. Осының арқасында екi аптаның iшiнде 7-10 килограммды тастауға болады және ең бастысы, қарақұмық басқа астық дақылдарына қарағанда әлдеқайда жәй қорытылады. Сол себептен ағза біраз уақытқа дейiн өзiнiң тоқтығын жоғалтпайды, соның нәтижесiнде адам мөлшерден көп тамақтанбай өз дене пiшiнiн қалыпты формада сақтай алады.

Бұндай диета біраз адамдарға қиындау болады, өйткені екі апта бойы тұзсыз, майсыз және басқада тұздықсыз тек қана суда пысырылған қарақұмықты ғана тұтынады. Әрине қарақұмықты қалағанынша жеуге болады, бiрақ көп су ішкен жен. Диета кезiнде рационға айран, алма, апельсин қолдануға болады, ал жүзiм мен бананды қолдануға болмайды.

Балаларға арналған тағам және тағам ретіндегі қасиеті: балаларға қарақұмықты кішкене кездерiнен берген өте пайдалы, себебі қарақұмықтың құрамындағы турлi микроэлементтер мен минералды заттар баланың организмiнiң дұрыс жетiлуiне және өсуіне көмектеседі.

Әдеби ізденістер арқылы қарақұмық ұны қосылған печенье мен қарақұмық қосылған котлет рецептурасын ойластырдым.

Қарақұмық қосылған котлет жасаудың рецептурасы мен технологиялық схемасы:

Котлеттiң құрамына қосылатын шикізаттар: тартылған ет, қарақұмық, қарақұмық ұны, пияз, жұмыртқа, қара бұрыш және тұз.

Технологиялық схемасы: 500 грамм тартылган сиыр еті, алдын ала пiсiрiлiп суытылған 500 грамм қарақұмық, 100 грамм қарақұмық ұнын, майда қуырылған 50 гр пияз, 3 жұмыртқа және 0,3гр тұз бен 0,2 гр қара бұрышты қосып араластырамыз. Алынған қоспаны бiрқалыпты формаға келтіріп котлет жасаймыз, ұнға аунатамыз. Котлеттi табада қызып тұрған майға екі жағынан 10 минут қуырамыз. Булағышта 10 минут булаймыз. Дайын котлетті картоп езбесі мен тұздықпен ұсынамыз.

Қарақұмық ұны қосылған печеньенің технологиялық схемасы мен рецептурасы:

Печеньенің құрамына қосылатын шикізаттар: қарақұмық және жоғары сортты бидай ұндары, крахмал, сода, тұз, жұмыртқа, айран, қант, ванелин, бал және шоколад.

Технологиялық схемасы: Бірінші ыдысқа: 200 гр қарақұмық және 200 гр жоғары сортты бидай ұндарын, 10 гр крахмалды, 0,2 гр ванилиндi және 0,1 г тұзды барлығын ыдыска салып араластырамыз.

Екінші ыдысқа: 200 грамм сары май мен 10 гр балды ерітіп, үстіне 150гр қантты және 3 жұмыртқаны қосып қант ерігенше мұқият еземiз. Алынган сұйықтықты және 50 гр айранды ұн қоспасының үстіне кұйып және ұсақталған шоколадты салып барлығын араластырып қамыр илеймiз.

Қамырды 1 сағатқа тоңазыткышқа салып тындырамын. Электр пешінің табасын майлап, тоңазытқыштан алынған қамырды қасықпен алып табаға домалақ пішін келтіріп құямыз, 180градуста 15-18 минутта пісіреміз.

Дайын болған екі өнiмнің химиялық құрамы мен органолептикалық көрсеткіштеріне талдау жасадым.


Қарақұмық қосылған котлет

Дәмі

Иісі

Түсі

Консистенциясы

Жалпы баға

4,95

5

4,65

4,85

4,86

Ылғалдылығы, %

Майы, %

Күлділігі, %

Ақуызы, %

Көмірсуы, %

67,7

8,5

1,6

22,2

45



Қарақұмық ұны қосылған печенье

Дәмі

Иісі

Түсі

Консистенциясы

Жалпы баға

5

4,85

4,65

4,85

4,83

Ылғалдылығы, %

Майы, %

Күлділігі, %

Ақуызы, %

Көмірсуы, %

65,6

7,4

4,2

22,8

65



Қорытынды: Жоғарыда көрсетілген кесте мәліметтері қарақұмық қосылған өнімдердің химиялық құрамы мен органолептикалық көрсеткіштерінің оң бағада болғанын көрсетті. Жалпы қарақұмық ұны қосылған печенье мен қарақұмық қосылған котлеттің тауарлық және емдік қасиеті жоғары өнім болып табылады. Яғни, дайын болған екі өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығы тамақ өндірісінде қойылатын талаптарға сай келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.- 232 бет. ISBN 9965 – 36 – 414 -1.

  2. Шаңырақ: Үй – тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5 – 89800 – 008 – 9

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!