жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қарақытайлар
Ғ.Ақтаев атындағы №6
орта мектеп тарих пәні
мұғалімі Жанғалиева
Гүлайым Шынтасқызы
Сабақтың тақырыбы: ҚАРАҚЫТАЙЛАР.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды орта ғасырларда Қазақстан жерінде өмір сүрген Қарақытай мемлекетінің қоғамдық- саяси тарихымен таныстыру.
Тәрбиелік:Жетісу жеріне қоныс аударған Қарақытай мемлекетінің жергілікті халықтармен қарым-қатынасы туралы баяндау.
Дамытушылық:Оқушылардың отандық тарих дәүірлерін меңгеру барысында логикалық ойлау жүйесінің дамып, иақырыпты білуге деген қызығушылығының арта түсуіне ықпал ету.
Сабақтың әдісі: Ассоциация, Жұппен оқу стратегиясы,5 жолдық тұжырымдама
Сабақтың көрнекілігі :карта.
Күтілетін нәтиже:
-
Қарақытай мемлекетінің қоғамдық-саяси тарихымен танысып, картадан көрсете алады
-
Тарихи деректерді салыстыра алады.
-
Өз елінің тарихын құрметтей алады.
Сабақтың барысы;
І. Қызығушылықты ояту.Ассоциация стратегиясы бойынша: «Ұлыс» сөзін естігенде ойларыңа не келеді.
1.Елестетеді. 2.Еске түсіреді. 3. Ойланады.4. Жазады.
ұлыс
2.Мағынасын тану.
Жұппен оқу стратегиясын пайдалану.4 адамнан тұратын топ құру.
-
Мәтін оқушыларға таратылып беріледі.
А) Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы.
Б) Қоғамдық құрлысы.
В) Алым-салық жүйесі.
Г) Сыртқы жағдайы.
Оқушылар;
1.Мәтінмен іштей оқу арқылы танысады.
2.Түсініп оқиды.
3.Топ мүшелерімен ой бөліседі.
4. Түсінігін бір-біріне айтады.
5.Өзгелердің пікірін тыңдай біледі.
6.Ойларын жинақтай біледі.
7.Дәптерлеріне жазып отырады.
Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы. Бұл аймаққа қарақытайлардың келіп орналасуына негізінен екі себептің өсері болды. Бірінші, Орталық Азиядан батысқа қарай жылжыған түрік тілдес тайпалардың қарақытайлар жерін жаулап алуы. Содан қарақытайлар Алтай асып. Жетісу жеріне келе бастаған. Екінші себеп, осы кезде бұл аймайқтың қожасы болып отырған Қарахан мемлекетіәлсірей бастаған. Сондықтан Қарахан ханы қарақытайлықтарға шығыстағы шекарасын қорғау қызметін тапсырады. Олар қызметтері үшін тиісті ақыларын, сыйлықтар жөне үлесті жер алып отырған.
Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы (Солтүстік Монғолия), Солтүстік Қытай, Маньжурия мен Уссури өлкесін мекендеген «қидан» тайпалары. Қидандардың Х ғасырда Батысқа қарай жылжыған бір бөлігі мұсылман деректерінде «қарақытайлар» деп айтылады. Бұл тайпалардың әтникалық тегі мен тілі туралы пайымдаулар әр түрлі. Кейбір пікірлерде қидандар (қарақытайлар) тұңғұс-монғол тілдес халық делінсе, ал екенші бір араб, парсы деректеріне жүгінсек, олардың түрік тілдес бөлігі де болғандығы аңғарылады.
924 жылы Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі аумақты алып жатқан қидандардың Ляо мемлекеті 1125 жылы құлағаннан кейін, Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісу жеріне келіп қоныстанады. Қарақытайлар біртіндеп жергілікті тайпалармен байланыстарын күшейтіп, Жетісудың ішіне қарай ене береді. Елюй Даши қарахандардың әлсіреуін пайдаланып, 1125 жылы өзінің әскерлерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді. Баласұған қаласын бастап алады. Оған жақын жерде өздерінің орталығы етіп Ғұз ордасын құрады. Енді олар өздерінің билігін тек Жетісуға ғана емес, Қазақ жерінің бүкіл оңтүстік аймағына жүргізеді.
Ал ХІІ ғасырдың 40-жылдарынан бастап Қарахан мемлекетінің Орталық Азиядағы жерлерін басып ала бастаған.
Қоғамдық құрылысы. Бұл мемлекеттің қоғамдық құрлысы Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрлысынан әлдеқайда төмен болды. Мемлекеттік басқару жүйесі жетілмеген ел еді. Сондықтанда қарақытайлар Қарахан мемлекетінің ел басқару жүйесіне тимеді.Хандық басқару құрлысын сол қалпында қалдырды.Ханның мұрагерлігі сақталды. Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған.Тек ер адамдар ғана емес, әйел адамдар да мұрагер бола алған.Егер ел басы гурхан немесе хан қаза болса,оның орнын басатын ер адамдар болмаса, әйелі не қарындасы гурхан болып сайланған.Тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті еді. Мәселен,Елюй Даши 1143 жылы қаза болған соң, билік оның әйеліТабуянға тиген. Ал жеті жылдан кейін басқаруды ержеткен баласы Иле алды.Оның тұсында халық санағы жүргізілген.1155 жылы Иле қаза болған соң,Елюй Дашидің қызы Бұсұған ел билеген.
Жергілікті өзінің үстемдігін нығайту үшін Елюй Даши әскер басқаруды жергілікті басқарумен ұштастыра жүргізген.Ол үшін бір әскери басшының қол астына 100-ден жауынгер жасақтаған.Жергілікті тайпалар шекара жерінде тұрса, сол бұрынғы қалпында оны қорғауға тиіс болған.Ал өзінің адамдарын шекаралық қызметтен босатқан.Қарақытай өкіметі әр түрлі аймақтар арасындағы өзара байланыстарды да өзгертпеген.Өйткені әрбір аймақты немесе әулетті басқарып отырған өкілдер бұрын бір- бірімен бәсекелес болған.Енді қарақытай гүрханы алдында өздерінің беделін көтеру үшін олардың арасында қайшылық бұрынғыданда өрши түскен.Мұндай жергілікті билік иелері өкілдерінің арасындағы қайшылық тек Қарақытай өкіметінің пайдасына шешілетін. Сөйтіп, билік басындағылар өзара ұдайы жандалдасып, өздерін титықтатып отырды. Сол сияқты әскер ұстауға да мол сыйлықтар беріліп,шаш-етектен шығынға ұшыраған.
Алым-салық жүйесі. Қарақытайлар өздері жаулап алған қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпаған. Сондықтанда жергілікті халық оларға онша қарсылық жасамады. Олардың арасында мал өсірушілермен қатар, егіншілікті білетін жартылай көшпенділер аз болмаған.
Жазба деректерден қарағанда, әрбір үйден бір динардан ақша жиналған. Егістік жерлер халыққа беріліп, тиісті салығы арнайы адамдар арқылы жинастырылған. Ал үлестік жерлерді иеленушілердің қолдарында арнаулы грамоталары болған. Ол гурханның қамқорлығында екендігін көрсететін белгі еді.
Жергілікті шонжарлар өздерінен алым жинайтын гурхан билеушіліріне бағынды. Араб тарихшыларының жазуына қарағанда, қарақытайлар Түркістан мен Мауараннахр еліне де билік жүргізген. Олардың халқын ауыр езгіге салған. Әрбір қалады өз билеушісі болды, ол қарақытай гурханына салық төлемін жеткізіп отырды.
Отырар, Тараз қалаларында алым-салықты гурханның арнайы жіберген адамдары жинап отырды. Ал басқа аймақтардан салық жинау, оны қарақытайлардың орталығына жеткізу жергілікті феодалдарға жүктелген.
Жетісудің егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір бөлігін төлеген. Ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын жер салығы харадж төлеп отырған.
ХІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейтеді. Енді олар халықты ашық тонауға көшкен. Бейбіт қоныстарға шабуыл жасап, мал-мүлкін зорлықпен тартып алған. Мұндай зорлық-зомбылыққа қарсы ел ішінде нарызылықтар туа бастаған.
Сыртқы жағдайы. Сонымен Жетісу аймағындағы құрылған Қарақытай мемлекеті енді Қарахан мемлекетінің Орта Азиядағы иеліктерін жаулап алуды көздейді. 1137 жылы Ходжент жанында Қарахан әскерлеріне ойсырата соққы береді. Бұл жеңілістен кейін қарахандықтар салжұқтармен бірлесе отырып, қарақытайларға қарсы шабуылға дайындалады. Шайқас 1147 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында болған. Қарақытайлар бұл жолы жеңіске жетіп, Бұхара қаласына басып кіреді. Бүкіл Мауараннахрдың орталық бөлігін басып алады. Сөйтіп қарақытайлардың Орта Азияда ықпалы күшейеді. Қарахандар енді олардың вассалы болып, алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болған.
Қарақытайлар Хорезмге жорық жасап, оны да жаулап алады. Хоресмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болады. Сонымен олар батысында Әмударияның төменгі ағысын толығымен бағындырады. Ал шығыста Гансу жеріндегі ұйғырлардыда өздеріне тәуелді етеді. Оңтүстікте Балх пен Хотан жерлері де қарақытайларға тәуелді болған. Сотүстік-шығысы наймандармен шекаралас жаты.
Алайда 1171-1172 жылдары қарақытайлардың Хорезм жеріне қайтадан жорыққа шығуына тура келеді. Себебі шахтың келісімі бойынша төлеуге тиісті алтын динардан бас тартуы еді. Осы кезде Хорезм-шахы әл-Арсланның қаза болып, оның балалар арасында билік үшін талас туады. Тақ үшін таласта Текеш қарақытайлардың көмегімен ел билігін өз қолына алады.
Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасай отырып, 1198-1204 жылдары Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысады. Бірақ Текештен кейінгі Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен келісімге келіп, қарақытайларға қарсы шығады. Өздерін жақтаушылардан айырылған қарақытайлар гурид тайпаларымен соғыста ауыр жеңіліске ұшырайды. Ал 1208 жылы қарақытайлар шығыста наймандардан да жеңіледі. 1210 жылы Хорезм шахы қарақытайларға қарсы шығады. Сөйтіп, екі жақтан шабуылға ұшыраған Қарақытай өкіметі 1212 жылы құлайды. Қарақытай мемлекетінің соңғы гурханы найман ханы Күшліктің қолына түсіп, оның жерлері де біржола наймандардың иелігіне айналады.
Оқушылар:
-
Мәтінмен іштей оқу арқылы танысады.
-
Түйіліп оқиды.
-
Топ мүшелерімен ой бөліседі.
-
Түсінігін айтады.
-
Өзгелердің пікірін тыңдай біледі.
-
Ойларын жинақтай біледі.
-
Дәптерлеріне жазып отырады.
ІІІ Ой-толғау.
5 жолдық тұжырымдама.
«Қидан», «Қарақытайлар», «Гурхан»
Үйге тапсырма. Венн диаграммасы
қарахандықтар
қарақытайлар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген