Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қаратпа сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Ортақ тақырып

Мұғалімнің аты-жөні: Рсымова Айнур №86 мектеп

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».

Жақсы мен жаманды айыра білемін.

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

20-сабақ. Қаратпа сөз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойдыанықтау;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату жəне тыныс белгілерін дұрыс қою.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы. Өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды

Көпшілігі: Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату жəне тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Кейбір оқушылар: Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасайды

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Жазылым бойынша ұсыныстар: қазақ тілі 5 -9 жаттығулар

Бағалау критерийлері

Өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату жəне тыныс белгілерін дұрыс қоя алады.

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Құндылықты дамыту

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір тағдырымыз ортақ..

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу,

АКТ қолдану дағдысы

Ноутбук.

Бастапқы білім

Қаратпа сөз туралы түсінік бар.


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Қызығушылықты ояту


3-мин

Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

«Сəлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.


Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Берілген сөздерден мақал құрастыру. Мағынасына талдау жасау.













Сабақтың ортасы/ Сабақтың негізгі бөлімі

30мин




Жұппен жұмыс

ҚБ мадақтаулар



















Жеке жұмыс

ҚБ мадақтаулар




Сергіту сәті









Топтық жұмысы

ҚБ мадақтаулар





Сабақтың соңы

Жұптық жұмыс




* Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіремін


Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөздер дейді: Дана, сен хайуанаттар бағына барасың ба?


5-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Өлең мазмұнына сəйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын табады.

Балақай

Бүлдірген тереміз, балақай.

Алақай!

Ат жарыс көреміз, балақай.

Алақай!

Айға ұшып барамыз, балақай.

Алақай!

Кел, ағаш жарамыз, балақай.

Әй, ата-ай!..



Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады: Марат, үйдесің бе? Иә, Марат, мен сені күтіп тұрмын. Көп кешікпе, Марат.



6-жаттығу. Сөйлемдi қаратпа сөзбен толықтырып жазады.

1. Самат, мені көшеден өткізіп жіберші.

2. Терезені дұрыстап жапшы, Берік

3. Иә, Әсет, оқып жүрсің бе?



Жел қатты тұрды.

Жаңбыр тырыс-тырс жауа бастады.

Жаңбыр қатты жауды.

Қайтадан жел тұрды,

Жаңбыр қойып, күн шықты.


7-жаттығу.Мəтінді түсініп. Оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту мақсатында «Детектив» стартегиясы бойынша оқушылар топтарға біріктіріледі. Мəтін не туралы екенін сұрақ-жауап əдісі арқылы анықтайды.

Мəтіндегі негізгі ойды анықтап, өз көзқарастарын білдіреді. Мəтіннен маңызды ойды білдіретін сөйлемді табады.

Мазмұнына талдау жасайды.



Шығармашылық үзіліс.

8-жаттығу. Сұхбатты оқып, одан әрі жалғастырады.

Ата, ең қымбат нәрсе не?

Туған жеріңнен қымбат еш нәрсе жоқ.

Неге?

...

Сұхбаттағы екінші сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге

айналдырады


Қалыптастырушы бағалау:

Қаратпа сөздерді тауып астын сыз.

Болат ,сен қайда кетіп бара жатырсың ?

Сен ,Болат қайда кетіп бара жатырсың?

Сен қайда кетіп бара жатырсың, Болат?







Оқулық

Жұмыс

дәптерлер








Жұмыс дәптердегі



Кері байланыс

3-мин

Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен? Бүгін не білдіңіз?

Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?


шеңбер

Бағалау 1мин

ҚБ жұптық бағалау, топтық бағалаулар


Үйге тапсырма

1-мин

8–жаттығу




Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы.







Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Сейтмағамбетова А.С.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12