жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қардың қасиетін бақылау
Күні: 25.01.2019. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным» , «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған
оқу қызметі түрі: «Сөйлеуді дамыту», «Жартылыстану», «Сурет салу».
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Тақырып: Қардың қасиетін бақылау
Мақсаты:
Білімділік: қыс мезгілі, оның ерекешеліктері туралы түсініктерін жалғастыру, табиғат құбылысы туралы түсінік беру; қардың қасиетерімен таныстыру; тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы танымдық қабілеттерін жетілдіру;
Дамытушылық: : табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. зерттеу құралдарымен жұмыс жасау машықтарын жетілдіру ;Тәрбиешінің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге дамыту;
Тәрбиелік:;табиғат сырларын танып-білуге; ізеттілікке, кішіпейілдікке, қысқы табиғаттың сұлулығын сезініп,сүйюге тәрбиелеу;
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: балалардың суреттері ,қарапайым зерттеу жұмыстар, әңгімелесу, жұмбақ шешу .
Заттық дамытушы орта: хат, қуыршақ Саманта, қысқы табиғат суреті, шырша, ұлпа қарлар (қағаз қиындысы немесе конфети)
Сөздік жұмыс:
Полинвалды компонент: қыс – зима- winter, қар – снег- snow.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші:
Қонақтармен амандасу (үш тілде амандасу)
Күннің
көзі ашылып,
Көкке
шуақ шашылып
Құтты
қонақ келіпті,
Төрімізге
еніпті.
Ал,
қанікей бәріміз
Сәлем
дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар!
Здравствуйте гости дорогие!
Hello, dear guests!
Тәрбиеші: Балаларға таңертең топтың есігінің алдынан бір хат тауып алғанын айтып, оқып береді: «Балалар, мен қуыршақ Самантамын. Африкадан қонаққа келемін тосыңдар».
Балалар: Тәрбиешіні қызыға тыңдайды
Тәрбиеші: Есікті тықылдатып, Саманта кіреді, амандасады.
Саманта: -Балалар, мен қыс мезгілін көрейін деп сендерге келдім.ұшақтан түскенде, аспаннан қалықтап түсіп жатқан көп жұлдыздарды көрдім. Африкадағы достарыма апарайын деп жинап едім, олар су болып еріп кетті. Ол не екен?
Балалар: Самантамен амандасады.
Жұмбақ шешеміз: Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Балалар: Жұмбақты шешеді.
«Ұлпалар» ойыны: Тәрбиеші төбеге жасалған бұлт бейнесіне балалардың назарларын аударады. Ұлпақарлар жапсырылып, керілген жіпті тартады, ұлпақарлар ұшады.
Саманта: -Балалар аспанға қараңдаршы, қандай үлкен бұлт. Қалай ойлайсыңдар, қыста бұлттан не түседі?
Балалар: Бұлтқа назарын аударады. Қардың жауғанын қызықтайды.
Тыныс алу жаттығулары: Ұлпақарларды алақандарына салып, үрлетеді.
Балалар: Ұлпақарларды үрлейді, ұстайды.
қыс – зима- winter, қар – снег- snow.
Тіл ұстарту жаттығулары
Қыс туралы ә
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар – ар – ар,
Жауады қар.
Яз – яз – яз
Сақылдаған сары аяз.
Ран – ран – ран,
Соғады боран.
На
– на – на,
Зулайды шана
Тәжірибе жасаймыз: «Қар түйіршіктеріне не болады?»
Тәрбиеші шыршаның астынан бір шелек қар алып шығады.
- қардың жұмсақ па, әлде қатты ма?
-суық па, жылы ма?
Бір уыс қарды табақшаға салғызып қояды. Қолдарын орамалмен сүрткізеді.
Балалар: Қарды алып, табақшадағы майлық қағазға салып қояды, қолдарын сүртеді.
Сергіту сәті: «Қар лақтыру» ойыны
Балаларға қағаз береді. Оны умаждап, қысып, қар жасап, ойнауды ұсынады.
Балалар: Қолдарымен қағазды ұмаждайды, қысады.
Тәрбиеші: Саманта бірге ойнайды, шыршаға жылы болсын деп, қарларды шыршаның астына жинайды.
Балалар: Көңілді әуенмен қарды лақтырып, көңілдерін көтеріп, ойнайды.
Тәжірибе жалғасады: «Ұлпақарға не болды?»
Қар салынған табақшаға назарларын аударады.
Балалар: Табақшаға қарап, қардың еріп кеткенін көреді.
Саманта: -Балалар, қараңдаршы, біздің қар қайда?
- Қар неліктен ериді?
- Ал майлық қағаз қандай болды?
- Қараңдаршы, майлық қағазда кір көрініп тұр, қар ақ болса да кір болады, сондықтан да үлкендер қарды жеуге рұқсат бермейді.
Балалар: Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиеші: Саманта қардың жылы жерде еріп кететініне көзі жеткенін айтады.
«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойыны: Самантаның балаларға өзінің достары сиқырлы қапшық беріп жібергенін айтып, ішінегі суреттерді (Коньки,шыңғы, шана, аққала) шығарады. Олармен не ойнауға болатынын айтады.
Балалар: «Сиқырлы қапшықтың» ішінен суреттерді алып шығады. Самантаға қандай қызықты ойын ойнайтынын түсіндіреді.
Балалар енді шығармашылық орталығына барып, топқа бөлініп жұмыс жасайық.
1. топ : Аққала құрастырады
2. топ: Дайын трафарет ағашқа тұзбен сурет салады.
3.топ: Дайын трафарет ағашқа мақта жапасырады
4.топ:.Дайын трафарет шырщаларға майлық қағаздарды жырту арқылы жапасырады.
5.топ: Монтессори әдісі арқылы: қар жамылған қысқы ағаштарды түймелеу арқылы жасайды
Саманта балаларға алғысын білдіріп, әуежайға кетеді.
«Жақсы – жаман»
әдісі арқылы қорытынды жүргізеді
Қар жеу (Жаман)
Жаңа жыл мерекесі болады (Жақсы)
Күн аяз болады.(жаман)
Коньки тебеміз. (Жақсы)
Жел тұрады,боран соғады (Жаман)
Шаңғы тебеміз. (Жақсы)
Тоңамыз. (Жаман)
Шанамен сырғанаймыз. (Жақсы)
Құстар мен аңдар азық таба алмайды. (Жаман)
Ойын ойнаймыз. (Жақсы)
Аққала жасаймыз. (Жақсы)
Денеміз шынығады(Жақсы)
Тәрбиеші: -Қараңдаршы, қыстың жақсы жақтары көп екен.
Тәрбиеші:- Балалар ,сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?
Балалар: -Иә
Тәрбиеші:-Олай болса сендерге мына әдемі ұлпа қарларды берейін. Сендер бұл ұлпа қарларды мыны ағашқа жапсырыңдар.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған қызметін аяқтайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген