АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
«ҚЫЗЫЛАРАЙ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
СЕКЦИЯ: «Мәдениеттану»
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:
«Қарға киелі құс па ?»
Орындаған: 7-сынып оқушысы Сайлау Жанела Сейдінқызы
Ғылыми жетекшісі:Сагимбекова Меруерт Мейрхановна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қарағанды-2018
Аңдатпа
-
Қазақ тіліндегі «қарға» сөзімен байланысты қолданыстардың мән-мағынасы мен тіркестердің пайда болу себептерін зерделеу.
Аннотация
-
Исследовать употребляемых слов и словосочетаний связянных со словом «ворона».
Зерттеудің мақсаты:
-
Қазақтың көп сөзінің қарғамен байланысты болуына түсінік бере отырып, тілдегі қолданыстардың мән-мағынасы мен тіркестердің пайда болу себептерін зерттеу.
Міндеті:
-
Қарға сөзімен байланысты сөздерге талдау жасау;
-
Бүгінгі күнге дейінгі ақын-жазушылардың қарғаға байланысты өлеңдерінің сырын анықтау;
-
Қарға сөзімен байланысты сөздердің мағыналарын ашу;
-
Қарғаның киелі құс екеніне анықтама беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
-
Қарға сөзімен байланысты сөздердің мағыналарын түсінеді;
-
Қарғаның киелі құс екенін біліп қана қоймай қарға туралы білімдері беки түседі;
-
Қарғаның пайдасы туралы түсініктері кеңи бастайды.
Зерттеу кезеңдері:
-
Қарға туралы ғалымдар пікірлерімен, зерттеулерімен танысу;
-
Жинақталған материалды талдау, қорытындылау, жариялау;
Зерттеу кезеңдері:
-
Ізденіс
-
Салыстырмалы талдау
-
Қорытындылау
Мазмұны:
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім:
-
«Қарға» - аңыз-әпсаналарда...
-
«Қарға тамырлы қазақ » қайдан шықты?
-
Қазақ сөзінің қарғамен байланысы
-
Қарға қанша жыл өмір сүреді?
-
-
Қорытынды
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе
«Қара қарғаның жаралар жанын,
Қимаймын оны қарғысқа,
Кететін бетке ап қалаған жанын
Өкпем бар қайта бар құсқа»
Байбота Қошым-Ноғай
Қызыларайдың қай маусымы да әдемі дерсіз, бірақ күзі елден ерек «сәнденеді». Тойға барар құдашадай зеңгір аспан-айна алдында «сары көйлегін» киіп, күн ұзаққа тұрып алады. Өзің де оған қарап отырудан бір жалықпайсың. Сосын бұл шақты ескі фильмдердің лентасындай қара қоңыр қылып көрсететін бір мақұлықтар болатын. Олар-қарғалар. Кәдімгі қарға-құзғын. «Қарқ-қарқ» етіп қарқылдаудан бір тынсашы.
«Осы мақұлықтың адамзат үшін неге жіберілгеніне» үңілесің. Мәселен, бала күніңнің естеліктерімен бірге санаңда бақиға «қарқылдап» қалып қойған қарға-құзғынмен де енді мәмілеге келгендей боласың. Қай заманнан келген құс? Аңыз-әпсаналар бұл туралы не депті? «Қарға тамырлы қазақ» деген не сөз, «Біздің де қолға қарға саңғыр» дегені ше, «Қарға бойлы Қазтуған» қайдан шықты, қазақтың жақын адамға «қарғам», «қарғаш» деуінің сыры неде – осыған аз-кем дәлел-дәйектер келтіріп көрсек деймін...
Әуелгі білетініміз – «Құран Кәрімнен». Онда не деуші еді? «Мәйда» («Дастархан») сүресі. Қабыл Абылды өлтірді. Жер бетіндегі алғашқы қылмыс. Енді қайтпек? «Сонда Алла, оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға, жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды? Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?» деді де, өкінушілерден болды. (32-аят). Демек, адамзатқа туысын жерлеуді үйреткен-қарға.
2.1.«Қарға» - аңыз-әпсаналарда...
Енді аңыз-әпсаналарды ақтарып көрейік. Рабғузидің «Қисас-ул Әнбиясын» еске түсіріп көріңізші. Адам Ата мен Хауа анамыз туралы алғашқы баянда не деуші еді?! «Хақ тағаладан хабар келді. «Ей, Адам! Тәубаңның қабыл болуын тілесең, Меккеге бар».Адам ғалайһи-уәссалам: «Иә, Раббым! Меккеге барар едім, жолды білмеймін ғой»,- дейді. Сонда Алла Тағала қарғаны жол басшы етіп соңынан Адам ғалайһи-уәссалам ілеседі. Пайғамбар ғалайһи-уәссалам Адамға: «Алты түрлі жануарды өлтірмеңіз.Бірінші қара қарғаны бағалаңыз...»дейді «Пайғамбарлар тарихында». Қалған бес жануарды есіңізге түсіру үшін айта кетейін: құмырсқа, қарлығаш, әтат құсы, бақа, ара. Мұнда да қарғаның адамзат үшін игілігін көрсеткенін байқап отырсыздар.
Әр ұлттың тарихында өз тотемдері болғаны анық жай. Тарихшылардың айтуынша, бір замандарда бөрінің түркі халықтарына тотем болғаны сияқты Азияның солтүстік-шығысы мен Американың солтүстік-батыс теңіз жағалауы өңірінде жасайтын көшпелі халықтар ортасында қарға тамаша образ саналған. Олардың бір бөлігі қарғаны киелі құс санап, табынады, тотем тұтады. Ғұндардың көне аңызында да жапанда жалғыз қалған Үйсін күнбиінің баласын қасқыр емізіп асыраса, нәрестеге ет таситыны қарғалар екені айтылады.
Филолог-маман Алмас Әбсадықовтың «Қарға тамырлы қазақ» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?» деген мақаласында мынадай жолдар бар: «Моңғолдың құпия шежіресінде» қарға белгілі бір іске бірлікпен жұмыла кірісетін татулық бейнесінде жиі қолданылады. Ұлы қаған өзіне жақын адамдардың іс-әрекетіне баға беріп, соған орай шендік, лауазымдық жарлықтарды түрлі аң-құстардың қасиеттері мен тірліктерін тілге тиек ете отырып жасайды. Сондай көріністің бірінде Шыңғыс хан әрдайым өзінің қасында болған Қоға, Көкечос деген әскербасыларға арнаған сөзін:
Қара түнде
Қасқырша аулап
Жарық күнде
Қара қарға болып, - деген жолдармен бастап, оларды өзгелерге үлгі етеді».
Осы тақырыпта жазған Қайрат Ғабитханұлының да мақаласын оқып шықтық. Онда моңғолдардың да қарғаны кие тұтқаны айтылады. «Моңғолдар қарға қарқылдап өтсе: «жаман тіліңді әрі қыл, жақсы тіліңді бері қыл», -деп айғайлайды. Қарға-моңғолдар ұғымында жақсылық пен жамандықты қатар алып жүретін киелі құс. Қарғаның бір түрі құзғын туралы моңғолдар: «Құзғын мама ағашқа келіп қонса, ат жүйрік болады», -деп ырымдайды. Оның себебі құзғынның ұзақ жасайтын және биікке де, алысқа да ұша беретін ерекшелігіне байланысты болса керек», -дейді автор «Моңғол халық республикасының этнографиясына» сілтеме жасап. Якуттардың қаңғалас тайпасының ішінде суор, яғни қарға деген ру болған дейді деректерде.
2.2. «Қарға тамырлы қазақ» қайдан шықты?
Құс туралы ізденгенде энциклопедиялардан кейін әлбетте Есенғали Раушановтың «Құстар-біздің досымыз» кітабы мен құстар туралы мақалаларына көңіл аударамыз. «Қарға сүйер баласын...» деген шағын мақаласында: «Жанұясына адал, балапандары үшін қандай қауіпке де бас тігіп, тіке шабатын құстардың қатарында қарға бар екенін біз көбінесе ескермейміз. Бұрынғы қазақ «қарға сүйеді баласын аппағым деп» бекер айтқан ба? Оның екінші бір кісі сүйетін қасиеті – жұт болсын, өрт болсын, аштық-аласапыран келсін – туған жерін тастап кетпейді. Ми қайнатар ыстықта да, ақтүтек боранда да туған жерінен алыстамайды», - дейді Есенғали Раушанов.
Біріне-бірі жаны жақын ақындар осылай бір-бірін толықтырып отыратыны да «қарға тамырлылығынан» шығар, бәлкім...
2.3. Қазақ сөзінің қарғамен байланысы
Қазақтың көп сөзінің қарғамен байланысты болуы оның қысы-жазы көз алдында жүретінінен болғаны да дерсің. Тіпті, «құралайдың салқыны», «отамалы» деген секілді «қара қарғаның адастырмасы» деген мезгіл бар екен. «Қазан айының аяғында қара қарғалардың көк жүзін қаптай топтанып, у-шу болып ұшатын кезі. Қарға балапандарын өсіріп, қазан айының аяғында топтанып жүрген өзге қарғалардың арасында балапандарын адастырып кетеді, ал балапандары әрі қарай өз бетімен күн көреді», - дейді «Қазақ әдеби сөзінің энциклопедиясында».
Сонымен, қарға жайында аңыз-әпсаналардың бірсыпырасы осындай. Ендігі әңгіме – қазақ сөздерінің қарғамен байланысты болуы. «Қарға бойлы Қазтуған». «Бойы қысқа, аласа тапал», - деп түсіндіреді энциклопедия мұның мағынасын. «Қазтуған тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай шымыр адам, сондықтан да, халық оны «қарға бойлы Қазтуған», - деп атап кеткен», - дейді Ілияс Есенберлин еңбектерінде. «Қарға тамырлы қазақ» деген тіркес бір атадан тараған ұрпақтың туыстық белгісін емес, адам баласының бір-біріне жанашырлық қолдауы мен белгілі бір іске жұмыла көрсететін татулықты білдіреді. Көшпелілердің көне мифтік танымы бойынша, қарға – басына іс түскен жанға қамқорлық көрсетіп, жанашырлық білдіретін киелі құс» деп топшалайды «Қарға тамырлы қазақ» сөзін қалай түсінеміз?» мақаласында. Қарғамен байланысты қазақ сөздерін көптеп келтіре беруге болады. «Қарға адым жер», «қарғадайынан», «қара қарғаның көзін шұқымайды», «Қаз келсе жаз болар, қарға қатқақ болар», қарға тұмсық», «қарға саусақ» - шұбырып кете береді. Дулат Исабековтің қайсыбір әңгімесі «қара қарғаның миы қайнайтындай ыстық» деп суреттеле басталаушы еді.
«Қолыма қарға тышар» деген сөзді «басыма бақыт құсы қонар» дегендей мәнде қолданады. Егер қарға киелі құс болмаса, оның қолына бір саңғығанын жақсылық нышаны санамас еді ғой. Әрине, бұның бәрі тым көне дүниетанымға байланысты туып, ұлт болып қалыптасу мен наным-сенімдердің өзгеруіне байланысты бүгінде ертедегі сол наным-сенімдердің тек тілде ғана сақталып қалғанын байқаймыз.
Кейбір тұрақты сөз тіркестерінде қарға жағымсыз мәнде де қолданылады. Бұндай мақалдар мен тұрақты сөз тіркестері кейінгі көздің еншісіне тиеді. Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан дәстүрдің, наным-сенімнің өзгеруіне қарай тілдегі тұрақты сөз тіркестері соған сәйкес өз ішінде өзгеріске түсіп отыратындығы сөзсіз.
Ендігі кезекте сол сөздерге «энциклопедия» көзімен қарасақ:
Қарға бойлы. Бойы қысқа, аласа тапал.
Қарға саусақ. әбден кір болған күс, саусақ.
Қарға сүйек. <лат. Os coracoideum> . Құстардың иық белдеуіндегі ең ірі сүйек. Қарға сүйектің жоғарғы ұшы жауырын, бұғана және жілікпен, төменгі ұшы төс сүйекпен байланысады.
Қарға тамырлы. Ілік-шатысы мол, өте жақын.
Қарға тамырлы қазақ. Бір-бірімен ілік-шатысы, тамыр-тынысы көп жұрт.
Қарға тұмсық. Ұшы үшкір, үсті дөңес, шығыңқы, сүйкімсіз тұмсық.
Қарға тұяқ. Қатып-семген, ұсқынсыз; қытымыр (адам).
Қарғаадым: қарғаадым жер. Өте жақын қашықтықты білдіретін халықтық өлшем.
Қарғаадым жер мұң болды. Қарыс жер жүру қиынға соқты, қүш-қуаты кетті.
Қарғадай. Бәрінің ебін табу қарғадай қызға оңай тиген жоқ.
Еркек қара қарғадай. Жарбиған, шалқаңдаған, шайқалаңдаған.
Қарғадай шуылдады. Бір-біріне дес бермей у-шу болды.
Қарғадайынан. Кішкентай кезінен бастап.
Қарғакөз. Ылғалды жерде өсетін, қара домалақ жемістері бар өсімдік.
Қарғам. Қарағым, қалқам деген мағынадағы баланы, өзінен кішіні еркелетіп, жақсы көру
2.4. Қарға қанша жыл өмір сүреді?
Қарға туралы әңгіме айтқанда көбіне оның өмір сүру ұзақтығына мән береміз. Бала күнімізден-ақ оның «үш жүз жыл өмір сүретінін білетін едік. Ал шындығында солай ма еді?!
Қарға деген азғын құс,
Жоқ ешқандай боқтан басқа қайғысы.
Үш жүз жасап бітірмеген мазмұнды іс,
Жаһандағы құс біткеннің байғұсы!..
Бұл – Светқали Нұржанның «Қарғалар» өлеңінен үзінді. Бұл өлеңнің жазылуына да себепші – қарғалардың өзі. Өткен жылдары Қарағандыда, кейін Маңғыстау облысында қарғалардың бағана басынан «АЛЛАЛАП» үн қатқанын бүкіл баспасөз жарыса жазды. Ал қарғалардың адам тілін тез үйренетінін орнитологтар растайды.
Енді қарғаның өмір сүру ұзақтығына келейік. Ақын Құл-Керім Елеместің балаларға арналған «Өлместің суы» деген шағын әңгімесі бар. Мұнда Құзғын деген патшаның ұзақ өмір сүргісі келіп әбілхаят суын іздейтіні туралы баяндалады. Әрине, әңгіме желісі ауыз әдебиетінен алынғаны көрініп тұр. Демек, қазақ ежелден қарғаның ұзақ, бәлкім мың жыл жасайтынын топшылаған деуге болатын да сияқты. Бірақ адамның жасы, ұзақ өмір сияқты тілеу сөздерде, тұрақты сөз тіркестерінде қарғаның аты кездеспейтіні де қызық жай.
Ендігі сөз қарға туралы. Қара қарға (лат. Corvus corone)- торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қара Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
«Кешеге дейін кейбір оқымыстылар оның мың жыл болмаса да, 250-300 жыл өмір сүретіні анық деп тұжырым жасап келді. Бекер сөз. Құс ұзақ жасамайды. Қарғаға келсек, ол әрі кеткенде 70-75 жыл, әйтпесе 30-35 жыл жасайтыны бүгінгі орнитологиядан аттың қасқасындай айқын жайт. Құдай адамзатты басқа жаратылыстан артық қылып жаратса да, біздің кейде мақұлықтардан да үйренеріміз көп. Әсіресе құстардан. «Қарға тамырлықтың» кімге керегі жоқ дейсіз қазір. Аяз би айтқан «құс жаманы – сауысқанның» да сақтығын қайда қоямыз?!
Әйтеуір, күні бойы «Қарғамайықшы қарғаны біз де, қарғаның бар ма жазығы» деген ақын жырын іштей қайталаумен болдым...
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Сен білесің бе?» энциклопедия. «Аруна» баспасы.
2. «Жануарлар» энциклопедиясы, «Алматыкітап» баспасы.
3. Байбота Қошым-Ноғай «Қара қарғаны ақтау»
4. «Құран Кәрім», «Дастархан» сүресі (32-аят)
5. Он бес томдық «Қазақ тілінің әдеби сөздігі», Алматы, 2011
6. Он бес томдық «Қазақ тілінің әдеби сөздігі», Алматы, 2011
7. Дулат Исабеков, «Қара қарғаның миы қайнайтындай ыстық»
8. Светқали Нұржан, «Қарғалар»
9. Құл-Керім Елемес «Өлместің суы»
11. Рабғузи «Қисас-ул Әнбия»
12. «Пайғамбарлар тарихы»
13.Қайрат Ғабитханұлы «Моңғол халық республикасының
этнорафиясы»
14. Есенғали Раушанов «Құстар – біздің досымыз»
15. «Қазақ әдеби тілінің энциклопедиясы»
16.«Ақ желкен» балалар мен жасөспірімдердің республикалық журналы,
2018 №9
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қарға киелі құс па?" ғылыми жұмыс

шағым қалдыра аласыз