САБАҚ
ЖОСПАРЫ
Күні:
28.01.2018
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 6 «Б»
Сабақтың
тақырыбы: Қаріп, абзац, шегіністер
мен аралықтар.
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды MS Word мәтіндік
редакторының мүмкіндіктерімен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларға абзац, шегініс,
аралық құруға үйрету, қаріптің өлшемін, түрін таңдау арқылы
мәтінмен жұмыс жасауға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке ,
ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттін
,логикалық-абстракциясын дамыту
Сабақтың
түрі. Жаңа
сабақ
Сабақта қолданылатын
көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс
дәптері. Сабақтың өту
барысы.
-
Оқушыларды ұйымдастыру
-
Ой
шақыру (логикалық сұрақтар арқылы)
-
Үйге берілген тапсырманы
тексеру
-
Мағынаны тану
-
Практикалық бөлім (компьютерде мәтін
теру)
-
Сергіту
сәті
-
Сабақты бекіту (тапсырмалар)
-
Үйге тапсырма беру
-
Рефлексия
-
Оқушыларды ұйымдастыру
Ой шақыру
Логикалық сұрақтар
1.Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
Үй тапсырмасын тексеру:
-
Мәтіндік редактор дегеніміз не?
-
Мәтіндік редакторда қандай әрекеттерді орындауға
болады?
-
Мәтіндік редакторды қалай іске
қосамыз?
Мағынаны тану
Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу
бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді
құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге
болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай
отырып:
• әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
• Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары,
төменгі өрістерін айқындауға;
• Беттегі мәтінді туралауға:
• жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
• мәтінді бағандарға бөлуге;
• мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;
• тізім, құйма және т. б.
-
Қаріп және оның өлшемін
таңдау:
Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы
қажетті тілді таңдай
аламыз.
Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп
батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы
өзгерте аламыз.
Қаріпті,Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту Формат
– Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.
2.Мәтінді енгізу және
редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде
жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің
қызметі;
Enter-жаңа жолға көшу
Shift- бас әріптерді теру
Caps lock-бас әріптер режиміне
көшу
Backspace-меңзердің сол жағындағы символдарды
өшіру
Delete-меңзердің оң жағындағы символдарды
өшіру
Компьютерлік
тәжірибе. Үш тілде Қазақстан туралы
мәтін берілген, оқушылар мәтінді тез әрі қатесіз теруі
тиіс.
Мен
қазақпын мың өліп, мың тірілген. Менің Отаным – Қазақстан!
Қазақстан ұлан байтақ елім, кіндік қаным тамған жерім! Тәуелсіз
мемлекет, өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Жер көлемі бойынша
тоғызыншы орында. Жері кең және құнарлы. Қазақстан кең байтақ, жер
асты қазба-байлықтарға толы. Менделеев периодтық кестесінің бүкіл
элементтері кездеседі, мұнайға бай.
Я
умер тысячу казахов, тысячи людей. Моя родина - Казахстан!
Казахстан - великая страна, утроба моей матери! Независимое
государство, с его флагом, гербом и гимном. Девятое по величине
место в мире. Земля просторная и питательная. Казахстан полон
обширных подземных месторождений. Все элементы периодической
таблицы Менделеева богаты маслом.
I
died a thousand Kazakhs, thousands of people. My motherland is
Kazakhstan! Kazakhstan is a great country, the womb of my mother!
An independent state, with its flag, emblem and anthem. The ninth
largest place in the world. The land is spacious and nutritious.
Kazakhstan is full of vast underground deposits. All the elements
of Mendeleyev's periodic table are rich in oil.
Сергіту
сәті
|
1.
MS Word редакторын іске қосу жолы
|
А. Мәтінді бас әріптермен
жазады
|
|
2.
Құжатты сақтау командасы
|
В.
Файл – Создать (Құру)
|
|
3.
Мәтінді пішімдеу деген не?
|
С.
Пуск –
Все программы –
Microsoft Office – Microsoft
Word
|
|
4.
Жаңа құжат құру командасы
|
D. Enter пернесі
|
|
5. Алгоритм
......
|
E.
Файл – Сохранить (Сақтау)
|
|
6. MS
Word-та жаңа жолға өту
батырмасы?
|
F. Мәтіннің пішімін
оның параметрлері арқылы қою
немесе өлшемін өзгерту
|
|
7. Caps Lock батырмасының қызметі
қандай?
|
G. Нәтижеге жету мақсатында
атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл
етіп көрсететін нұсқаулық рет.
|
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма беру
-
Рефлексия
Үйге
тапсырма: Қаріп, абзац, шегіністер мен
аралықтар тақырыбын оқып келу