"Қария-елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қария-елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
1қазан Қарттар күніне орай
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты :


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сынып сағатының тақырыбы:

«Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

5-САБАҚ

1-сыныптар: «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?»

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Мақсаты: балаларға көшедегі бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрету.

Құндылықтарды дарыту:

тәуелсіздік және отаншылдық

Апта дәйексөзі:

«Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!»

Сынып сағатының барысы:


Сынып сағатының кезеңі/ уақыт

Сынып жетекшінің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар/ сабақтың технологиялық құрал-жабдықтары


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

-Сыныпты топқа бөлу

-Қызығушылықты ояту: (Ой қозғау )

Қарт деген кім?

Қарттардың бізге беретін ең үлкен сыйы не?

«Қарты бар үй – қазыналы үй» дегенді қалай түсінесің?

- Балалар, бата деген не? - Батаны кім береді?


- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.













- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)












Қарттар – біздің асыл қазынамыз!

Ортамызда жүрген қарияларымыздың Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата - әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

«Сөйлемді жалғастыр» ойыны:

Бір бала бастайды: «Менің әжем…»

Екінші бала жалғастырады: «маған ертегі айтады», «дәмді бауырсақ пісіреді».
























Ортасы (30 мин)



Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Оқушылар кім қандай өлең-шумақтарын білесіңдер?


Топтық жұмыс

«Жақсылық гүлін өсірейік» ойыны:

Әр топқа гүлдің ортасы беріледі.

Балалар гүл жапырақшаларына: ата-ананы , ата-әжені қалай құрметтейміз деген сұрақтың жауабын айтып гүлді (немесе мұғалімнің көмегімен), гүлді құрастырады.

Әр топ гүлдерін тақтаға жабыстырып, таныстырады.


ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

5 САБАҚ. «ЕГЕР БЕЙТАНЫС АДАМ КӨШЕДЕ КӨМЕК СҰРАСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?»

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл-күй қалыптастыру.

Тақырыпты анықтау:

Мұғалім: бүгін біз көшедегі жеке қауіпсіздік негіздері туралы сөйлесетін боламыз. Басқа адамдардан келетін қауіпті қалай болдырмауға болатындығы туралы айтамыз.

Тақырыпқа кіріспе:

Жеке қауіпсіздіктің қағидаларын бір қысқа сөзге дейін қысқартуға болады –

«БОЛМАЙДЫ»:

Мектептен шыққан соң көшеде көп жүруге БОЛМАЙДЫ.

Қараңғы түскенде сыртта ойнауға БОЛМАЙДЫ.

Бейтаныс адамды үйге кіргізуге БОЛМАЙДЫ.

Бейтаныс адамдармен ешқайда баруға БОЛМАЙДЫ.

Бейтаныс адаммен бірге көлікке отыруға БОЛМАЙДЫ.

Көбінесе бейтаныс адам көшеде жалғыз жүрген баланы көріп, жақындап, оған бірге адамдар көп емес жерге баруды ұсынады. Таныс емес адамның сізді ұстап алатындай жақындауына жол бермеу керек. Көптеген балалар мұндай жағдайда не істеу керектігін және бейтаныс ересек адаммен өзін қалай ұстау керектігін білмейді, оған бас тартуға ұялады, өзіне жақындауына мүмкіндік береді.

Мұндай жағдайды бақылаудан шығаруға болмайды. Ол үшін бірнеше «қадамдардан» тұратын қарапайым және сенімді әрекет стратегиясын ұстанған жөн.

қадам. Жағдайды бағалаңыз.

қадам. Қашықтықты сақтаңыз.

қадам. «Құпия сөз» сұраңыз.

қадам. Бейтаныс адаммен сөйлесу 5-10 секундтан аспауы керек, содан кейін әңгімені тоқтату керек.

қадам. Қауіпсіз жерге барыңыз.

Маңызды сәттердің бірі, ата-ана мен бала бейтаныс адамнан қауіпті болдырмау үшін ойлап тапқан құпия сөз. Егер көшеде бір адам келіп, оны анасы жібергенін айтса, сіз құпия сөзді атауды сұрауыңыз керек. Егер бейтаныс адам оны айта алмаса, дереу кету керек. Бейтаныс адам құпия сөзді ұмытса немесе анасы сол сөзді оған айтпаса да – ол маңызды емес. Әрқашан да кету керек.

Бастапқы білімді игеру және түсінгендігін тексеру:

Жағдаяттарды талқылау.

Мұғалім: Осындай жағдайды елестетіп көріңіз: бала көшеде серуендейді. Оған бейтаныс адам жақындайды.

Балақай, маған телефоныңды бере тұршы. Досыма қоңырау шалу керек едім.

Бала: «Менің телефоным жоқ» немесе «Қазір алып беремін» - деп жауап

беруі мүмкін.

Мұғалім: Сіздің ойыңызша, бұл жағдайда қандай жауап дұрыс болады? Мұғалім: Сіз көшеде жүресіз. Бейтаныс адам келіп: машинаға мінгің келе ме?-деп сұрайды.

Мұғалім: Сіз не істейсіз? (Күтілетін жауаптар: «Бейтаныс адамдармен көлікке отыруға болмайды», «Бейтаныс адамдармен көшеде сөйлесуге болмайды»)

Бекіту. Өзіндік жұмыс.

Мұғалім: балалар, біз жаңа бейтаныс адамдармен өзін ұстау қағидаларын білдік. Сабақта айтқанның бәрін тексеру және бекіту үшін біз бірге «Жадынама» жасаймыз. Сөйлемдерді сөзбен толықтыру керек.

«Есте сақта!!!» топтық жұмысы.

1 жағдайды бағала.

Бейтаныс адамнан ............ ара қашықтықты ұстаңыз!

Бейтаныс адамнан «Құпия сөзді» сұра.

Бейтаныс адаммен сөйлесу .......... 5-10 секундтан аспауы керек.

Қауіпсіз жерге................................... кетіп қал.

Қорытынды. Рефлексия (кез-келген түрде).

1-оқушы: Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

2-оқушы.Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

3-оқушы:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

4-оқушы:Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!













Shape1



Пайдалы сілтемелер:

https://drive.google.com/file/d/1JAoBKDktvOkAXn9o1t-4npVWPdzWo8Or/view?usp=sharing



https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=36




Соңы


(2 мин)




Жүрек жылуы» ойыны:

Әр бала қағаз жүрекшеге: «Мен атамды жақсы көремін, себебі…» немесе«Мен әжемді сыйлаймын, себебі…» деп айтады

Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация







Shape2











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2025
1985
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі