Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарияларға құрмет-ұрпақ парызы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Қарияларға құрмет-ұрпақ парызы»

Күні

29.09.2025

Класс жетекші:

Сұлтанова Ж.Ө

Класс: 5 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларға қарттар күнінің маңызын ұғындыра отырып, қариялар алдындағы парызын ұғындыру.  Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға

Үлестірмелі материалдар

нақыл сөздер ,мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Қауіпсіздік сабағы мақсаты

оқушыларды жанжалсыз қарым-қатынас негіздерімен таныстыру.

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)


Шаттық шеңбер

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір- бірімен мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер




Сабақ басы (10 мин)




Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 3-сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
 
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз

Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«
Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)

Оқушыларға презентация арқылы түсіндіріп береді

презентация




Ортасы (15 мин)


«Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
б/ Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.
 ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.

Мәтінмен жұмыс жасап постер қорғау






презентация

Соңы 3 мин













Қауіпсіздік сабағы (15 мин)

Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!


Негізгі бөлім

Қақтығыс жағдайларындағы негізгі қадамдар:

Әрқашанда сабырлы бол.

Кез келген қақтығыс жағдайында тыныштықты сақтау маңызды. Біз ашуланғанда немесе үрейлене бастағанда жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс шешім қабылдау қиынырақ.

Практикалық тапсырма: қатты ашуланған жағдайды еске түсіру. Егер адам тыныштық пе сабырлық танытса, жағдай қалай өзгерер еді?

  • Екінші жағын тыңда.

  • Басқа адамның айтқанын тыңдау да маңызды. Кейде жанжал түсініспеушіліктен немесе толық емес ақпараттан туындайды.

  • Мұғалімнің кеңесі: өзіңді басқа адамның орнына қой, неге ол осылай ойлайды немесе әрекет етеді деп ойлаң.

  • Мәселені түсінуге тырыс.

  • Кейде қақтығыстың тамыры бір қарағанда тереңірек жасырылады. Бәлкім, мәселе тек біреудің не істегенінде ғана емес, оны қалай қабылдағанымызда шығар.

  • Сыныппен талқылау: жанжалда сезімнің маңызы қандай? Оларды агрессиясыз қалай білдіруге болады?

  • Ренжітпе және мазақтама.

  • Жанжалда ренжітетін сөздерді немесе мазақтайтын сөздерді қолдану жағдайды нашарлатуы мүмкін. Келіспесең де, диалогты сабырлы және құрметпен жүргізуге тырыс.

  • Практикалық тапсырма: жанжалды жағдайлардың бірін ренжітетін сөздерді қолданбай шешудің бейбіт әдісін ойлап табу.

Шешімді ұсын.

Егер сіз компромисске келуді ұсынсаң немесе екі тарапты қанағаттандыратын жол тапсаң, жанжал шешілуі мүмкін. Мәселені қалай әділ шешуге болатынын ойлаң.

Мұғалімнің кеңесі: көмектесетін идея ұсынудан қорықпа және басқалардың идеяларын тыңда.

Егер жанжал шешілмесе, көмек сұра.

Кейде қақтығыс соншалықты күрделі, оны өзің шеше алмайсын. Мұндай жағдайларда ересектердің көмегіне уақытында жүгіну маңызды: мұғалім, ата-ана немесе басқа сенімді адамға.

Мысалы: мұғалім уақытында алынған көмекті, қиын жағдайды шешуге қалай көмектескені туралы әңгіме айта алады.

Кешіруді және кешірім сұрауды үйрен.

Кешіру және кешірім сұрау — жанжалды шешудің маңызды бөлігі. Егер сен қателескеніңді түсінсең, кешірім сұрау өте маңызды. Егер олар сізден кешірім сұраса, кешірімді болу керек.

Сыныппен талқылау: неге кейде кешірім сұрау соншалықты қиын? Бұған не көмектеседі?

Қорытынды

Сабақты қорытындылау.

Жанжалдар - міндетті түрде жаман нәрсе болмауы тиіс. Жанжалды бейбіт шешумен қатар, достықты сақтауды үйрену өте маңызды.




«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»

оқушылар ана тілі туралы білетін өлең жолдарын жалғастырып айтады





Қағаздан жасалған жүрек



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12