«Мықты қарт – мықты жастан шығады» деген Қадыр Мырза Әлі атамыздың сөзінен бастағанды жөн көрдім. «Қарты бар үй- қазыналы үй» деп бекерге айтпаса керек дана халқым. «Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған, Кәрілік – оны қолдануға арналған уақыт» - деп Ж.Руссо айтқандай жастықтан кәрілікке өтудің өзі бір бақыт. Ертеден қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. "Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең" деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. Сол заманда ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың ықыласы ерекше болған. Өйткені ата–әже мектебінен өткен ұрпақ зерек те, өте алғыр, болып бүкіл елдің мақтанышына айналған. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Алайда жастырымыз арасында қарттарға деген сыйластық, қадір-қасиет жоғалып барады. Даналықтың алтын кілті – ол қарттарымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Көкірек ояу, көзі ашық жастарымыз неге олай жасауда,әлде мансап қуыып, ақша соңына түскенбіз бе? Біздің қазақылықтан танбай, ата-анамызды қадірлемеуімізді қоғамға сілтемеуіміз керек, ол біздің санамыздың бұзылуы. Неге десеңіз қазақта "Сиырға туған , бұзауға да туады" демекші, ата-анаңа не істесең, сенің ұрпағың өзі соны жасайды . Әр қазақтың баласы ата-анасынан безінетін болса, келешегіміз біздің қандай болмақ! Атағы дүркіреп тұрған азаматтардың қартайғанда өмірінің соңғы сәттерін қарттар үйінде өткізгенін көріп көзіңе еріксіз жас келеді. Кез-келген ата-ана болашақта баласының осылай жасайтынын үш ұйықтаса түсінеде кірмейді ғой. Қазақ – үлкенге қарап бой түзейтін халық. Қарттарын сыйлап, батасын алып, оларды үлгі тұтқан халықпыз. «Батамен ел көгерер» деген дана халқымыз , алдымен үлкендерге жол беріп, батасын алуға тырысқан. Болашағымыз жарқын болсын десеңіз, жас ұрпақты ел сүйсінетіндей , қызығатындай , үлкеннің батасын алатындай, қазақ десе қанын төгуге дайын тұратындай ұл мен қызды тәрбиелеуге атсалысайық! Сөз соңында «Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес» деген Бұқар жыраудың тамаша сөзімен аяқтағанды жөн көрдім.
Қарттардың жастарыма көп
берері,
Айтқандары олардың дөп
келеді.
Ата-анаңа не істесең жас
күніңде,
Болашақта алдыңа сол
келеді.
Кентау көпсалалы колледжінің
арнайы пән оқытушысы
Ашимбекова Торғын Абдиманаовна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қариясы бар үйде –береке
Қариясы бар үйде –береке
«Мықты қарт – мықты жастан шығады» деген Қадыр Мырза Әлі атамыздың сөзінен бастағанды жөн көрдім. «Қарты бар үй- қазыналы үй» деп бекерге айтпаса керек дана халқым. «Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған, Кәрілік – оны қолдануға арналған уақыт» - деп Ж.Руссо айтқандай жастықтан кәрілікке өтудің өзі бір бақыт. Ертеден қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. "Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең" деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. Сол заманда ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың ықыласы ерекше болған. Өйткені ата–әже мектебінен өткен ұрпақ зерек те, өте алғыр, болып бүкіл елдің мақтанышына айналған. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Алайда жастырымыз арасында қарттарға деген сыйластық, қадір-қасиет жоғалып барады. Даналықтың алтын кілті – ол қарттарымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Көкірек ояу, көзі ашық жастарымыз неге олай жасауда,әлде мансап қуыып, ақша соңына түскенбіз бе? Біздің қазақылықтан танбай, ата-анамызды қадірлемеуімізді қоғамға сілтемеуіміз керек, ол біздің санамыздың бұзылуы. Неге десеңіз қазақта "Сиырға туған , бұзауға да туады" демекші, ата-анаңа не істесең, сенің ұрпағың өзі соны жасайды . Әр қазақтың баласы ата-анасынан безінетін болса, келешегіміз біздің қандай болмақ! Атағы дүркіреп тұрған азаматтардың қартайғанда өмірінің соңғы сәттерін қарттар үйінде өткізгенін көріп көзіңе еріксіз жас келеді. Кез-келген ата-ана болашақта баласының осылай жасайтынын үш ұйықтаса түсінеде кірмейді ғой. Қазақ – үлкенге қарап бой түзейтін халық. Қарттарын сыйлап, батасын алып, оларды үлгі тұтқан халықпыз. «Батамен ел көгерер» деген дана халқымыз , алдымен үлкендерге жол беріп, батасын алуға тырысқан. Болашағымыз жарқын болсын десеңіз, жас ұрпақты ел сүйсінетіндей , қызығатындай , үлкеннің батасын алатындай, қазақ десе қанын төгуге дайын тұратындай ұл мен қызды тәрбиелеуге атсалысайық! Сөз соңында «Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес» деген Бұқар жыраудың тамаша сөзімен аяқтағанды жөн көрдім.
Қарттардың жастарыма көп
берері,
Айтқандары олардың дөп
келеді.
Ата-анаңа не істесең жас
күніңде,
Болашақта алдыңа сол
келеді.
Кентау көпсалалы колледжінің
арнайы пән оқытушысы
Ашимбекова Торғын Абдиманаовна
шағым қалдыра аласыз
ариясы бар
үйде –береке












