жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
қаржы менеджменттінің базалық көрсеткіштері
Қаржылық менеджментінің базалық көрсеткіштері
Қаржылық менеджменттің теориясы мен тәжірибесінде қолданылатын негізгі көрсеткіштерге активтерді басқарудың тиімділігінің көрсеткіштерін, келтірілген құнды, нарықтық қосылған құнды, экономикалық қосылған құнды шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелерінің қорытындылау көрсеткіштерін жатқызуға болады.
Қаржылық менеджмент үшін нәтижелі қаржылық көрсеткіштер ерекше маңызды орын алады, себебі олар тек басқарудың объектісі болмайды, сонымен қатар егер жағымды мәнге ие болсе, мақсат болып та табылады. Бұл көрсеткіштер тиімділік көрсеткіштері деп атайды.
Бірінші және неғұрлым кең таралған тиімділік көрсеткіші - меншікті қаражаттардың пайдалылық (рентабельділік) коэффициенті (Return on Equity, ROE).
,
мұндағы, Pn - таза пайда;
E - меншікті капитал.
Бұл акционерлердің пайдасын арттыру мақсатында қызмет атқаратын кәсіпорын үшін негізгі коэффициент болып табылады. Оны оңтайландыру компания үшін негізгі міндет болып табылады. Сонымен қатар, бұл коэффициент компанияның жалпы тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Кейбір сараптаушылар инвестиция пайдалылығы көрсеткішін де қолданады (Return on Investment, ROI). Бұл көрсеткіштің ROE көрсеткішінен айырмашылығы компания басқармасының меншікті қаражаттың пайдалылығын ғана емес, сонымен қатар сырттан салынатын салымдарды басқарудан түсетін пайданы есептеуге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш компанияның бәсеке қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.
ROI көрсеткіші компанияның белгілі-бір құрылымдық бөлімінің табыстары мен оның активтерінің құндық бағасының қатынасын білдіреді, басқаша айтқанда ROI - акция иегерлеріне тиесілі пайда сомасының инвестицияланған капиталдың төлем пайызына қатынасы.
Активтердің пайдалылық көрсеткіші (Return on Assets, ROA) компанияның меншікті қаражаттарынан, ұзақ мерзімді Қысқа мерзімді қарыздардан пайда табу қабілетін сипаттайды. Бұл коэффициент мына формуламен есептеледі:
,
мұндағы, Pn - таза пайда; A - активтер.
Келтірілген құн (PV) - болашақтағы түсімдер мен шығындардың бүгінгі таңдағы шамасына есептелген құны (күрделі пайыздар формуласы негізінде дисконтталған пайыздық ставка таңдалады).
Инвестор қаржы салымдарын сала отырып үш ережені басшылыққа алады:
- ақшаның біртіндеп құнсыздануы болады (инфляция);
- кәсіпорынның қолданатын шикізаттары мен негізгі құралдары бағасының өзгеру қарқыны инфляция қарқынынан өзгеше болуы мүмкін;
- табыстың мезгілді түсуі анықталған төменгі шектен аз болмауы керек.
мұндағы, Fn - келесі жылы алынуға жоспарланған табыс;
r - дисконттау ставкасы; n - операция өткізу мерзімі (кезең саны).
Бұл формуланы пайдалана отырып, инвестициядан түсетін табысты бағалагт, болашақ жылдардағы алынатын табыстарды анықтауға болады.
XX ғасырдың соңында Stern Stewart компаниясында EVA (Economical Value Added - экономикалық қосылған құн) көрсеткіші дайындалды. Бұл көрсеткіш дүние жүзінің ірі компанияларында қолданылды. Жоба (компания) табыстылығы мен капитал құнының арасындағы айырма EVA көрсеткішін білдіреді.
EVA көрсеткішін есептеудің кеңінен таралған формуласы мынадай:
,
мұндағы, NOPAT - салық салудан кейінгі таза пайда;
К - компания капиталы.
,
мұндағы, ЕВІТ - салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі табыс мөлшері;
Т - табыс салығының ставкасы.
мұндағы, D - қарыз сомасы;
Е - компанияның нарықтық құны;
V - компания құны (D + E);
Rd - қарыздың нарықтық құны (банк пайызы);
Re - акционерлік капитал табыстылығы;
Т - корпорациялық табыс салығының ставкасы.
EVA көрсеткішін былайша анықтауға да болады:
EVA = К х (ROIC - WACC),
мұндағы, ROIC - инвестицияланған капитал табыстылығы.
Бұл формула көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін меншік иелері жағынан бағалауда қолданылады. Алынған нәтиже жағымды болса, онда кәсіпорын басқа жобаларға қарағанда көп табыс тапқанын білдіреді. Сондықтанда EVA көрсеткішін есептеу барысында пайда сомасынан қарыз қаражаттарының ғана емес, сонымен қатар меншік қаражаттарының қолдану шығындары шегеріп тасталады.
Кез келген фирманың басты мақсаты - акционерлердің жағдайын көтеру. Бұл мүддеге жету үшін алынған қаражаттарды мейлінше ұтымды, әрі тиімді жұмсау қажет. Акционерлердің қаржылық жағдайы фирманың акцияның нарықтық құны мен меншік капиталының баланстық құны арасындағы айырма өскенде ғана жоғарылайды. Бұл айырма нарықтық құн (MVA, Market value Added) деп аталады.
MVA көрсеткіші компанияның қосымша нарықтық құнын сипаттайды.
MVA = Акцияның нарықтық құны - Меншік капиталының баланстық құны = Акция саны x Акция бағасы - Меншік капиталының баланстық құны
Экономикалық пайдалылық үшін нарықтық құн баланстық құннан жоғары болғаны жөн, сондықтан да акционерлік құңды көтеру үшін MVA көрсеткішінің өсуін қамтамасыз ету керек.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің тиімділігін сипатттау үшін әлемдік практикада операциялық пайда көрсеткіші (ЕВІТ, Earning Before Interest and Taxes, салықтар мен пайызға дейінгі пайда) қолданылады.
ЕВІТ көрсеткішін нөлге теңестіре отырып, пайдасыздық нұктесіне тиесілі өнім көлемін есептеуге болады:
мұндағы, Р - өнім өткізудің орташа бағасы;
Q - өндірілген өнім саны;
V - өнім бірлігінің өзгермелі шығындары;
F - тұрақты шығындар.
Қаржы менджментінде төрт негізгі көрсеткіш қолданылады:
1. Қосылған құн;
2. Инвестицияларды пайдаланудың брутто-нәтижесі;
3. Инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі;
4. Активтердің экономикалық пайдалылығы.
1) Қосылған құн - бұл кәсіпорынның белгілі есепті немесе басқа да кезеңі шеңберінде тұтынылған материалдық өндіріс құрал-жабдықтарының (шикізат; энергия және т.б.) және тағы басқа да ұйымдары қызметтерінің құндарын шегеріп тастағаннан кейінгі тек өткізілген өнімінің ғана емес, өндірілген өнімінің де құны (дайын өнімнің босалқы қоры мен аяқталмаған өндірістің ұлғаюын ескере отыра) болып табылады; яғни, бұны шикізаттардың, энергияның, қызметтердің құндарына шын мәнінде қосылынған құны ретінде қабылдауға болады. Қосылған құнның мөлшері кәсіпорын қызметінің ауқымы мен оның ұлттық байлықтың ұлғаюына қосқан үлесі жөнінде ақпарат береді.
2) Инвестицияларды пайдаланудың брутто-нәтижесі (ИПБН) - бұл кәсіпорынның қосылған құнынан еңбек ақыны өтеу шығындары мен оның міндетті төлемдеріне (яғни, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру және т.б. төлемдеріне) қатысты барлық шығыстарды, сонымен қатар кәсіпорынның тек табысқа салынатын салығынан басқа барлық салықтары мен салық төлемдерін шегеріп тастағаннан кейінгі құн болып табылады.
Инвестицияларды пайдаланудың брутто-нәтижесі қаржы менеджментіндегі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің негізгі аралық нәтижелерінің бірі болып саналады. Кәсіпорын пайдасынан амортизациялық аударымдар, қарыз қаражаттары бойынша қаржылық шығындар мен пайдаға салынатын салық төлемінің сомаларын шегеріп алғанға дейінгі мөлшері - инвестицияларды пайдаланудағы брутто-нәтиженің мәнін бере отыра, сол инвестицияларды пайдаланудағы брутто-нәтиженің мөлшері осы барлық шығын түрлерінің орнын толтыруға жіберілген қаражаттардың жеткілікті дәрежесін көрсете алатын ең алғашқы көрсеткіш болып табылады. Мұнымен қатар, қосылған құн ішіндегі инвестицияны пайдаланудағы брутто-нәтижесінің үлес салмағының мәні негізінде кәсіпорынды басқарудың тиімділігі жөнінде ақпарат алуға және кәсіпорынның потенциалды пайдалылығы мен икемділігі жөнінде көзқарас тудыртуға да болады.
3) Инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі (ИПНН) - бұл инвестицияларды пайдаланудағы брутто-нәтижеден негізгі құрал-жабдықтарды қалпына келтіруге жұмсалған барлық шығындарды шегеріп тастағандағы сомасы болып табылады. Шын мәнінде, инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі - бұл кәсіпорын тарапынан шығындарды азайтқандағы ықпалының әсері арқасында қол жеткізген экономикалық нәтижесі, несиелерге қатысты проценттер мен табысқа салынатын салықты шегеріп алғандағы пайда мөлшері болып табылады. Сондықтан, практикада есептеулерді жылдамдату мақсатында инвестицияларды пайдаланудағы нетто-нәтижесінің (ИПНН) көрсеткіші орнына баланстық пайданы (БП) қолданады. Ал, баланстық пайда (немесе, баланстық табыс) мөлшері инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі мен несиелерге қатысты проценттік төлемдердің қосындысынан құралады.
4) Активтердің экономикалық пайдалылығы
Негізінде экономикалық пайдалылықтың жалпы формуласын мына түрде көрсетуге болады:
Кәсіпорын активтерінің экономикалық пайдалылыңғын мына формула арқылы табуға болады:
,
немесе
Негізінде актив пен пассивтің мәндері өзара тең болуына байланысты аталған формуланы сәл түрлендіріп жазуға болады:
немесе
немесе
Экономикалық тиімдік (ЭТ) - бұл кәсіпорын үшін аса маңызды көрсеткіш болып саналады. Өйткені, экономикалық тиімділіктің жеткілікті деңгейі - бүгінгі күнгі және келешектегі кезеңдердегі табысқа жетудің кепілі екендігіне куә бола алады.
Экономикалық
тиімділіктің формуласын
мәніне
көбейтсек. (мұндағы, АЙНАЛЫМ-нің мәні
өнімді алынған түсімі мен өткізуден
тыс табыс мөлшерлерінен құралады).
Айтарлықтай, бұл өзгерту операциясынан
пайдалылық мөлшері өзгермейді, бірақ
пайдалылықтың екі басты элементі пайда
болғанын аңғаруға болады: коммерциялық
маржа (КМ) және трансформациялау
коэффициенті (ТК):
Коммерциялық маржа - инвестицияны пайдалану нәтижесінің қайшама мөлшері айналымның әр 100 теңгесін бере алатындығын көрсетеді (негізінде КМ процент арқылы өлшенеді). Шын мәнінде, коммерциялық маржа - бұл айналымның экономикалық пайдалылығы, немесе сатудың пайдалылығы, өткізілген өнімнің пайдалылығы. (Негізінде, маржа дегеніміз бұл баға, бағам процент арасындағы айырма, шек, қалдық).
Трансформациялау коэффициенті активтің әр теңгесінен айналымның қаншама теңгесін алуға болады екендігін көрсетеді, яғни, активтің әр тенгесі қаншама айналымына түрлендірлетінін көрсетеді. Трансформациялау коэффициентін активтер айналымдылығы деп де ұйғаруға болады. Мұндай ұйғарылымда трансформация коэффициенті активтің әр теңгесі белгілі кезең ішінде қаншама рет айналатындығын көрсетеді.
Берілген негізгі көрсеткіштер кәсіпкерлік қызмет нәтижелерін жалпы түрде көрсетеді оның тиімді көрсеткішінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет пен еңбек өнімділігінің ынталандырушы факторлары ретінде қолданылып, кеңейтілген өндірісті ұдайы қаржыландыру көзіне кәсіпорынның маңызды қаржылық ресурсына жатады. Кәсіпорын қаржылық менеджерінің қызметі - пайданы жүйелі түрде бөлудегі оның саясатын қалыптастыру. Бөлу үрдісінің нәтижесіне қабылданған бағдарламаларды қаржыландыруды, капиталдың оңтайлы құрылымын қолдауды, банкроттық тәуекелін азайтуды қамтамасыз ететін ақшалай қаражаттар қорларын құру жатады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген