400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қаржыгерлер күні тәрбие сағаты 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатында төл теңге ,еңбекпен тапқан тиын тақырыбында мағлұмат ала аласыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

13.11.2023

Класы, жетекші

2 Ә/ Калиева Д.М

Сабақтың тақырыбы

«Қаржыгерлер күні»


Мақсаты

Оқушылардың бойында қаржылық сауаттылық туралы түсінік беру.

Оқушы бойына үнемділік қасиеттерді сіңіру.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Қайырымдылық тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.

Құндылықтар

Білуге, жаңаны тануға құштар болу;


Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин

Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

- Сұрақ -жауап

Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бө


Негізгі бөлім

(15мин)



М: Мына ертегіні оқиық. «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі

Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:

Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.

Ұлын аяп анасы баласына он сомдық алтын береді:

Кешке дейін бір жерде бола тұр, – дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң "Мынаны еңбегіме алған едім" деп әкеңе бер.


Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:


Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, – депті.


Ұлы жымиып күліпті де, түк демей шығып кетіпті.


Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:


Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтады.


Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді.


Қария тағы да алтынды отқа лақтырып жіберіп:


Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, – депті.


Оған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:


Әке, мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.


Сонда әкесі тұрып:

Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, – депті.



Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)





Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.




Қорытынды

(10мин.)




Қарттың ұлы қандай еді?
Қарт әйеліне не айтты, ондағы мақсат не?
Баласына жаны ашыған шешесі оған қандай ақыл айтты?
Қарт баласының айтқанына бірінші жолы сенбей ,екінші жолы сенді?
Қарт өз мақсатына жетті ме?

Мәтінді ролге бөліп оқу.
1-топ автор,2-топ анасы, 3-топ әкесі.
***********************************************************
Оңай жолмен келген ақша- жаның ауырмайды, қиналмастан ұстай бересің, оған еш өкініш болмайды, берекесіз, есепсіз ұсталады.

****************************************************************
Еңбекпен, маңдай термен келген ақша- ыстық,есептеулі, оған жаның ауырып ұстайсың, берекелі,тәтті.
****************************************************************

Еңбектің ,ақшаның қалай келетінін сезінген ұл еңбекқор,жұмыскер болыпты. Сөйтіп әкесінен қалған мал мүлікті күтіп ұстап өз мұратына жетіпті.Жүз қойы мың болыпты, жылқысы үйір-үйір, сиыры табын-табын болыпты.
Сөйтіп қорасы малға,үйі жанға толыпты.

Сау болыңыздар!


Әр топ постерді қорғайды.



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.










Сынып оқушыларының үйден дайындап келген «Асыл әжем» әні орындалады және Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі оқылады.









.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.12.2023
295
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі