400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қаржылық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы қаржыны игеру және оны басқарудағы сауаттылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүгінде «қаржылық сауаттылық» түсінігі саяси, географиялық және әлеуметтік–экономикалық шектерден де тыс қолданылады, ал халықты қаржылық ағарту қажеттілігі геометриялық прогрессиямен өсіп келеді.

Халықаралық қаржылық нарықтардағы тұрақсыздық халық үшін қаржылық сауаттылықтың қажеттілігі мен маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді. Қаржылық дағдарыс қарсаңында халықты ипотекалық несиелендіру қарқынды жүріп жатты. Көптеген адамдар аз білгендіктен және қандай да бір қаржылық құралдарды және оларды пайдалануға байланысты тәуекел дәрежесіне дұрыс баға бермеуі себебінен өздеріне шамадан тыс міндеттемелер жүктеді. Осы жағдайлардың салдарынан қаржылық жетіспеушіліктер пайда болды.

Халықтың инвестициялық сауатының деңгейі төмен болуы себебінен жеке қаржылық құралдар мен қаржылық нарықтың сегменттері нашар дамуда. Институтционалды көзқараспен қарағанда қаржылық сауаттылық құрылымдық құрал болып табылады. Ол экономикалық саясатты тұрақтандыра түсуге және оны демеуге мүмкіндік береді, өйткені мемлекет қолданған шараны халық айқын түсінетін болады. Оған қоса, қаржылық сауаттылық қаржылық нарықтың дұрыс дамуының кепілі бола отырып және сол себептен қаржылық тұрақсыздықтың алғышарттарының пайда болуына жол бермей, қаржылық нарықтың тұрақты қызмет етуіне әсер етеді.

Сондықтан халықтың қаржылық сауатының деңгейін жоғарлату мәселесі макроэкономикалық көзқарастан да маңызды болып табылады. Қаржылық білімді ұштай түсу керек екендігін сезінудің өзі жаңа глобальді экономика құрудағы талаптардың бірі болып табылады.

Микроэкономикалық деңгейде қаржылық сауаттылық адамдарға ақшаға деген көзқарасын өзгертуге, оларды басқаруға, болашақ туралы ойлануға, өзінің өмірлік циклінің қажеттіліктерін жоспарлауға көмектеседі. Қаржылай жетістікті қоғамды үш фактор арқылы анықтауға болады. Бірішні фактор – бұл халықтың қаржылық құралдарды пайдалану бойынша және қаржылық институттардың жұмысы туралы тәжірибесі мен білімінің болуы, сонымен қатар қаржылық үрдістерді және олармен байланысты тәуекелді түсінуі.

Екінші фактор – бұл халықтың түрлі қаржылық институттармен өзара әрекеттесе алуы. Бұл қажетті ақпарат көзін таба алу, өзінің құқықтары мен міндеттерін білу, сонымен қатар өзінің мүддесін қорғай білу деген сөз. Үшінші фактор – бұл азаматтардың экономикалық ойлауының және салмақты қорытынды жасау қабілетінің дамуы, сонымен қатар өзінің жеке қаражаты мен жалпы экономика арасындағы өзара қатынас туралы түсінігінің дамуы. Мұнда қаржылық сауатты адам қате қаржылық әрекеттер жасаудан аулақ екенін, сонымен қатар қаржылық алаяқтықтан да анағұрлым сақтанды болатынын ескерте кеткен жөн.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі