Материалдар / Қаржылық сауаттылық бойынша тапсырмалар жинағы, 8-11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қаржылық сауаттылық бойынша тапсырмалар жинағы, 8-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаржылық сауаттылық бойынша тапсырмалар жинағы, 8-11 сынып оқушыларына арналған. Сабақтарға, элективті курс материалдарына қосымша ретінде қолдануға арналған. Жинақта 45 тапсырма берілген. Барлық тапсырманың шығару жолы, түсіндірмесі, жауабы берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2024
270
3 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы құнын есептеу

Бағдарламаға қатысу бағасы

Зед


Бір жыл



Бір ай



Ай саны


Сапар саны

Сапар ұзақтығы (минут)


Шексіз

60-тан артық емес

АҚЫСЫЗ


61-120



121 немесе одан артық


ЖАЛПЫ ҚҰНЫ



ЗедВелосипед

Велосипедті жалға алу

ЕСЕП ЖАЗБАСЫНЫҢ НӨМІРІ 271828


Бағдарламаға қатысу бағасы

Зед

1 ай

20

Сапарлар


10 60 минуттан артық емес

10

0 61-120 минут

0

2 121 минут немесе одан

артық

12

ЖАЛПЫ ҚҰНЫ

42


ЗедВелосипед

Велосипедті жалға алу















8-9 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ





























АВТОМОБИЛЬ ШЫҒЫНЫ

Мистер Дэвис өз отбасына арнап автомобиль сатып алу үшін несие рәсімдеп жатыр. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме тұрақты.

Дэвиске артылар шығынның бірі – несие бойынша ай сайынғы төлем. Бұдан бөлек, бензинге, автомобильді жөндеу жұмысы мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалар өзге де шығын түрлері бар.


Сұрақ. Отбасы автомобильді көбірек пайдаланса, кейбір шығын түрлері артып, ал кейбіреулер өзгеріссіз қалады.

Отбасы автомобильді көбірек пайдаланған жағдайда шығынның қалай өзгеретінін көрсету үшін кестедегі әр шығын түрінің жанында «Артады», «Өзгеріссіз қалады» деген нұсқалардың бірін белгілеңіз.

Шығын түрі

Отбасы автомобильді көбірек пайдаланған жағдайда шығын қалай өзгереді?

Ай сайынғы несие төлемі

Артады / Өзгеріссіз қалады

Бензинге жұмсалатын ақша

Артады / Өзгеріссіз қалады

Көлікті жөндеу мен техникалық тексерісіне кететін шығын

Артады / Өзгеріссіз қалады


Шешуі. «Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме тұрақты» деген сөйлем негізінде «Ай сайынғы несие төлемі» шығын түрі «Өзгеріссіз қалатыны» көрініп тұр. «Отбасы автомобильді көбірек пайдаланса...» деген сөйлем арқылы бензинге және жөндеу мен техникалық тексерісіне жұмсалатын ақшаның көбейетінін көруге болады.

Жауабы. 1) Өзгеріссіз қалады. 2) Артады. 3) Артады


АКУСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ

Келли акустикалық жүйе сатып алу үшін банктен 2000 зед сомасында несие алғысы келеді.

Келли несие мерзімін таңдай алады: екі немесе үш жыл. Жылдық пайыздық мөлшерлеме екі жағдайда да бірдей болады.

Төмендегі кестеде 2000 зед көлемінде екі жылға берілетін несиенің шарттары көрсетілген.

Мерзімі

Ай сайынғы төлем (зед)

Төлемнің жалпы сомасы (зед)

Төленген пайыздың жалпы сомасы (зед)

Екі жыл

91,67

2200,08

200,08


Сұрақ. 2000 зед көлеміндегі несиені үш жылда өтеу шарттары дәл сондай сомадағы несиенің екі жылда өтеу шарттарынан немен ерекшеленеді? Әрбір тұжырым үшін «Дұрыс» немесе «Бұрыс» екенін белгілеңіз.

Тұжырым

Дұрыс па, бұрыс па?

Үш жылға берілген несиенің ай сайынғы төлемі артық болады

Дұрыс / Бұрыс

Үш жылға алынған несиенің төленген пайызының жалпы сомасы артық болады

Дұрыс / Бұрыс


Шешуі. «Жылдық пайыздық мөлшерлеме екі жағдайда да бірдей болады» деген сөйлемді ескере отырып, кестедегі «Төленген пайыздың жалпы сомасы (зед)» бағанындағы мәлімет арқылы 1 жылдағы пайыз сомасын анықтайық: . Демек, 1 жылда несиеге 100,04 зед, ал үш жылда
зед қосылады екен. Енді үш жылға берілген несиенің ай сайынғы төлемін анықтауымыз керек. Ол үшін бастапқыда алған ақшаға үш жылдағы пайыз сомасын қосып, нәтижені 36 айға бөлеміз. Сонда
зед шығады. Бұл сан екі жылға алынған несиенің ай сайынғы төлемінен аз. Демек, бірінші тұжырымның «Бұрыс» екенін көреміз.

Есепті шешу барысында үш жылға алынған несиенің төленген пайызының жалпы сомасы 300,12 зед екенін анықтадық. Демек, екінші тұжырым – «Дұрыс».

Жауабы. 1) Бұрыс. 2) Дұрыс


БАНК ҚАТЕЛІГІ

Дэвид ЗедБанк қызметтерін пайдаланады. Оның электронды поштасына мынадай хат келді.

Құрметті ЗедБанк клиенті!

ЗедБанк серверінде қателік орын алып, сіздің жүйеге кіру мәліметтеріңіз жойылып кетті.

Осылайша, сіз интернет-банкингке кіре алмайсыз.

Сонымен қатар сіздің аккаунтыңызға қауіп төніп тұр.

Төменде берілген сілтеме арқылы өтіп, кіру мүмкіндігін қайтару үшін нұсқауларды орындаңыз. Сіз интернет-банкингтегі аккаунтыңыз туралы мәліметтерді енгізуіңіз қажет.

https://ZedBank.com/

Shape1

ЗедБанк





Сұрақ 1. Берілген тұжырымдардың қайсысы бұл жағдайда Дэвидке жақсы кеңес бола алады? Әрбір тұжырым үшін «Иә» немесе «Жоқ» деген нұсқалардың бірін белгілеңіз.

Тұжырым

Бұл тұжырым жақсы кеңес болып табылады ма?

Интернет-банкингтегі аккаунты туралы мәліметтерді көрсете отырып хатқа жауап жазу.

Иә / Жоқ

Хат туралы ақпаратты нақтылау үшін банкке хабарласу.

Иә / Жоқ

Егер хаттағы сілтеме банк сайтының сілтемесімен сәйкес болса, онда сілтеме бойынша өтіп, нұсқауларды орындау.

Иә / Жоқ


Шешуі. Интернеттегі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әр адам жеке басына тиесілі мәліметтерді өзге адамдарға бермеуі керек. Қазіргі заманда алаяқтық жағдайлардың көбеюіне байланысты ең дұрысы – өзіңе қызмет көрсететін банкке барып немесе хабарласып, жағдайдың мән-жайын тікелей анықтап алу. Осы орайда күмәнді интернет-сілтемелерді ашу да алаяқтардың құрбаны болуға алып соғуы мүмкін.

Жауабы. 1) Жоқ. 2) Иә. 3) Жоқ.


АКЦИЯЛАР

Графикте «Зедландия байлығы» компаниясының жыл ішіндегі бір акциясының бағасы көрсетілген.


Сұрақ. График туралы әрбір тұжырым үшін «Дұрыс» немесе «Бұрыс» екенін белгілеңіз.

Тұжырым

Дұрыс па, бұрыс па?

Акцияларды сатып алуға ең тиімді ай қыркүйек болды

Дұрыс / Бұрыс

Жыл ішінде акция бағасы шамамен 50%-ға
өсті

Дұрыс / Бұрыс


Шешуі. Берілген графикке мұқият қарайтын болсақ, акцияның бағасы ең төмен болған ай қыркүйек айы екенін көреміз. Демек, бұл – акцияны сатып алуға ең тиімді ай.

Екінші тұжырымның жауабын анықтау үшін акция сатылымының бастапқы (маусым) және соңғы (мамыр) айларындағы бағалардың пайыздық арақатынасын табу керек. Бастапқы айдағы бағасы – 2, соңғы айдағы бағасы – 2,5. Арақатынас 50%-ға тең емес.

Жауабы. 1) Дұрыс. 2) Бұрыс


МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОНДЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТ

Алан өзінде мобильді телефон болғанын қалайды, алайда телефонды сатып алу туралы келісім-шарт жасасу үшін оның жасы жетпейді.

Аланның анасы оған телефон сатып алып, бір жылға бөліп төлеу туралы келісім-шарт жасасты.

Алан телефон үшін ай сайынғы төлемді төлеуге келісті.

Алты аптадан кейін Аланның анасы төлемнің жүргізілмегенін анықтады.


Сұрақ. Мобильді телефон үшін төлем туралы әрбір тұжырымның «Дұрыс» немесе «Бұрыс» екенін белгілеңіз.

Тұжырым

Дұрыс па, бұрыс па?

Заң бойынша Аланның анасы төлемдер үшін жауапты.

Дұрыс / Бұрыс

Егер Алан немесе оның анасы төлемді төлемесе, онда төлемді телефонды сатқан дүкен төлеу қажет.

Дұрыс / Бұрыс

Егер Алан мобильді телефонды дүкенге қайтарса, онда төлемді төлемеуге болады.

Дұрыс / Бұрыс


Шешуі. Телефон үшін бөліп төлеу туралы келісім-шарт Аланның анасының атына жасалды. Яғни заң бойынша төлемдер үшін анасы жауапты.

Телефон үшін төлемді алған адам ғана жасау керек, демек дүкен оның ақшасын төлеуге міндетті емес.

Телефонды дүкенге қайтарған кезде де Аланның анасы заң бойынша төлемдерді жасау керек болады.

Жауабы. 1) Дұрыс. 2) Бұрыс. 3) Бұрыс


МОТОЦИКЛДІ САҚТАНДЫРУ

Былтыр Стефан «БИ-сақтандыру» компаниясында мотоциклін сақтандырған болатын. Сақтандыру полисі оқыс оқиғалардан және мотоциклді ұрлаудан сақтандырады.


Сұрақ. Стефан «БИ-сақтандыру» компаниясындағы сақтандыру полисін тағы бір жылға ұзартқысы келеді. Бірақ мотоциклді сақтандыруға әсер ететін кейбір факторлар өзгерген болатын.

Кестеде көрсетілген әрбір фактор Стефанның мотоциклді тағы бір жылға сақтандыру бағасына қалай әсер етеді?

Әрбір фактор үшін «Шығынды көбейтеді», «Сақтандыру бағасын арзандатады» немесе «Бағасына әсер етпейді» деген нұсқалардың бірін белгілеңіз.

Фактор

Бұл фактор сақтандырудың бағасына қалай әсер етеді?

Стефан өзінің ескі мотоциклін қуаттырақ жаңа мотоциклге ауыстырып алды.

Шығынды көбейтеді /

Сақтандыру бағасын арзандатады /

Бағасына әсер етпейді

Стефан мотоциклін басқа түске бояп алды.

Шығынды көбейтеді /

Сақтандыру бағасын арзандатады /

Бағасына әсер етпейді

Стефан өткен жылы екі жол-көлік оқиғасында кінәлі болып танылды.

Шығынды көбейтеді /

Сақтандыру бағасын арзандатады /

Бағасына әсер етпейді


Шешуі. Стефанның бұрынғы сақтандыру полисі ескі мотоцикл үшін болған еді, енді ол бұрынғыға қарағанда қуаттырақ жаңа мотоцикл сатып алатын болса, сәйкесінше сақтандыру бағасы көбейеді.

Мотоциклдің түсі оның қуатын өзгертпейтіндіктен, сақтандыру бағасына да ешбір әсер етпейді.

Сақтандыру полистерін жасасу ережелеріне сәйкес көлік иесі жол-көлік оқиғаларында кінәлі болып танылса, онда бұл жағдайлар келесі сақтандыру полисін жасау кезінде кері әсер ететін болады.

Жауабы. 1) Шығынды көбейтеді. 2) Бағасына әсер етпейді. 3) Шығынды көбейтеді.


МР3-ПЛЕЕР

«Музыкалық қала» дүкенінің тауарлары

МР3-плеер

Бағасы: 155 зед

Құлаққап

Бағасы: 86 зед

Колонкалар



Бағасы: 79 зед


Сұрақ 1. Джейн МР3-плеер, құлаққап және колонкалардың бағасын калькуляторда қосты. Нәтижесінде 248 зед шықты.

Бұл нәтиже дұрыс емес. Джейн ұсынылған қателіктердің қайсысын жасағанын анықтаңыз.

  1. Ол бағалардың бірін екі рет қосты.

  2. Ол бағалардың бірін қосуды ұмытып кетті.

  3. Ол бағалардың бірінде соңғы цифрын термеді.

  4. Ол бағалардың бірін қосудың орнына азайтып тастады.


Сұрақ 2. «Музыкалық қала» дүкенінде жаппай сатылым акциясы жүріп жатыр: егер сіз 2 немесе одан көп тауар сатып алсаңыз, сізге осы тауарларға 20% жеңілдік беріледі.

Майк 200 зед жұмсай алады.

Ол жаппай сатылымда не сатып ала алады?

Әрбір нұсқа үшін «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін белгілеңіз.

Тауарлар

200 зедке Майк осы тауарды сатып ала алады ма?

МР3-плеер мен құлаққап

Иә / Жоқ

МР3-плеер мен колонкалар

Иә / Жоқ

3 тауардың барлығын: МР3-плеер, құлаққап, колонкалар

Иә / Жоқ


Сұрақ 3. МР3-плеер бөлшек бағасы 37,5% құрайтын пайданы қамтиды. Пайда қарастырылмаған баға «көтерме баға» деп аталады. Пайда – бұл көтерме бағаның пайызы.

Төменде берілген формулалар көтерме баға (к) мен бөлшек бағаның (б) арасындағы дұрыс қатынасты көрсетеді ме?

Әрбір формула үшін «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін белгілеңіз.

Формула

Формула дұрыс па?

Иә / Жоқ

Иә / Жоқ

Иә / Жоқ

Иә / Жоқ


Шешуі.

Сұрақ 1. Джейн МР3-плеер, құлаққап және колонкалардың бағасын дұрыс қосса, онда 320 шығар еді. Сұрақтың астында берілген жауап нұсқаларын талдап өтейік. 320 саны 248-ден артық, демек Джейн калькуляторда қандай да бір бағаны екі рет қосуы мүмкін емес.

Екінші жауап нұсқасын тексерейік. . Демек, Джейн қандай да бір бағаны қосуды ұмытып кетуі мүмкін емес.

Үшінші жауап нұсқасын тексерейік. . Бұл сан тапсырманың шартындағы санмен сәйкес келеді.

Жауабы. С) Ол бағалардың бірінде соңғы цифрын термеді.


Сұрақ 2. Майк МР3-плеер мен құлаққап сатып алатын болса, онда екеуінің бағасы қосылады. . Сонан соң тапсырманың шарты бойынша осы құннан 20% азайтылады. . Бұл құн 200 зедтен кем болғандықтан, Майк осы тауарларды сатып ала алады.

Майк МР3-плеер мен колонкалар сатып алатын болса, онда екеуінің бағасы қосылады. . Осы құннан 20% азайтылады. . Бұл құн 200 зедтен кем болғандықтан, Майк осы тауарларды сатып ала алады.

Майк МР3-плеер, құлаққап пен колонкалар сатып алатын болса, онда үшеуінің бағасы қосылады. . Осы құннан 20% азайтылады. . Бұл құн 200 зедтен артық болғандықтан, Майк осы тауарларды сатып ала алмайды.

Жауабы. 1) Иә. 2) Иә. 3) Жоқ.


Сұрақ 3. Алдымен 37,5%-ды ондық бөлшекке айналдырып жазып алайық. . Сонан соң тапсырманың шартындағы «Пайда – бұл көтерме бағаның пайызы» сөйлеміне назар аударып, оны математикалық тілге айналдырайық. Демек, бұл жерде біз санның пайызын табу ережесін еске түсіріп, бөлшек бағаны (б) табу үшін көтерме бағаны (к) пайызға көбейтуіміз керек. Нәтижесінде формуласы шығады. Кестедегі басқа формулаларды қарайтын болсақ, олардың ешқайсысы дұрыс болмайды. Өйткені бұл формулалар тапсырма шартына сәйкес келмейді.

Жауабы. 1) Жоқ. 2) Жоқ. 3) Иә. 4) Жоқ.


ЖАҢА БАНК КАРТАСЫ

Лиза Зедландта тұрады. Ол мынадай жаңа банк картасын алды.

Келесі күні Лиза банк картасының дербес идентификациялық нөмірін (PIN) алды.


Сұрақ. Лиза PIN-кодты не істеуі керек?

  1. PIN-кодты қағазға жазып алып, әмиянда сақтау керек.

  2. PIN-кодты достарына хабарлау керек.

  3. PIN-кодты картаның екінші жағына жазып қою керек.

  4. PIN-кодты жаттап алу керек.


Шешуі. Әр адам жеке басына қатысты ақпаратты мұқият сақтап, қорғай алуы қажет. Яғни кез келген құпиясөз, код немесе PIN-кодтарды басқа адамдардың біліп қойып, оны падалануына жол берілмеу керек. Сондықтан банк картасының PIN-кодын қағазға жазып, оны картамен бірге әмиянда сақтау немесе бөгде адамдарға жария етуге, не болмаса картаның үстіне жазып қоюға болмайды. Банк картасының PIN-кодын жаттап алу қажет немесе қағазға жазып қойған жағдайда да оны картадан бөлек, ешкім таба алмайтын жерде сақтаған абзал.

Жауабы. D) PIN-кодты жаттап алу керек.


ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫ

Джейннің еңбекақысы ай сайын оның банктегі есепшотына аударылып тұрады. Бұл – Джейннің шілде айы бойынша есеп айырысу шоты.

ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫ: Джейн Ситизен

Лауазым: Менеджер

1 шілде – 31 шілде

Жалпы еңбекақы

2800 зед

Шегерулер

300 зед

Таза еңбекақы

2500 зед

Осы күнге дейінгі жалпы еңбекақы

19600 зед


Сұрақ. Жұмыс беруші Джейннің есепшотына 31 шілдеде қанша ақша аударды?

  1. 300 зед

  2. 2500 зед

  3. 2800 зед

  4. 19600 зед


Шешуі. Тапсырманың мәтінін мұқият қарап шықсақ, оның ішінен сұрақтың жауабын оңай тауып алуға болады. Джейннің есепшотына «Таза еңбекақы» бөліміндегі ақша түсетін болады.

Жауабы. В) 2500 зед


ГАДЖЕТТЕР ҚҰНЫ

Кейт блогер болғысы келеді. Сапалы контент жасау үшін оған смартфон, «паук» ұстағышы және дөңгелек лампа қажет. Кейт тұратын қаладағы гаджеттердің орташа бағасы кестеде көрсетілген.

Смартфон

Ұстағыш

Лампа

129990 зед

19990 зед

19990 зед


Сұрақ. Аталған гаджеттерді сатып алу үшін Кейтке қанша қаражат керек?

  1. 159970 зед

  2. 159980 зед

  3. 169970 зед

  4. 169980 зед

Шешуі. Кейт жұмсайтын қаражатты табу үшін үш заттың бағасын қосу керек. .

Жауабы. С) 169970 зед


АПТАЛЫҚ ШЫҒЫН

Кестеде Амелияның апта бойына тамаққа жұмсаған ақшасы көрсетілген.

Күндер

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі

Шығындар (зед)

200

180

150

200

130

250

150

Сұрақ. Амелия апта сайын осындай ақша жұмсаса, 4 аптада барлығы қанша ақша керек болатынын табыңыз.

  1. 5000 зед

  2. 5004 зед

  3. 5040 зед

  4. 5400 зед


Шешуі. Алдымен бір аптада жұмсалатын ақша мөлшерін тауып, оны 4 аптаға көбейтсек, ізделінді сан шығады. .

Жауабы. С) 5040 зед


ЖАРНАМА

Шоколад шығаратын кәсіпорын блогер Кейтке жарнама жасауға тапсырыс берді және төлемнің екі түрлі нұсқасын ұсынды:

  1. Кейттің жұмысы үшін әрқайсысында 6 шоколад болатын 4 қорап беру;

  2. Жарнаманың әрбір қаралымы үшін Кейтке 7 зед төлеу.


Сұрақ. Бір шоколадтың бағасы 250 зед, ал жарнама қаралымының орташа саны 750 екенін біле отырып, Кейт үшін қай нұсқаны таңдаған дұрыс болады?

  1. Бірінші нұсқа

  2. Екінші нұсқа


Шешуі. Бірінші нұсқаны таңдаған кезде Кейт қанша ақша алатынын есептейік. Әуелі жалпы шоколад санын тауып, оны бір шоколадтың бағасына көбейтеміз. .

Екінші нұсқаны таңдаған кездегі пайданы табу үшін жарнама қаралымының санын оның бағасына көбейтеміз. .

Екі нұсқаның төлемін салыстырсақ, бірінші нұсқа Кейт үшін тиімдірек болатынын көреміз.

Жауабы. А) Бірінші нұсқа


ПАЙДА ЖӘНЕ ШЫҒЫН

Мартин пайда табу мақсатында 35000 зед тұратын киімді сатып алып, оны 45000 зед бағасымен сатты. Арзан сатып қойдым деп өкінген Мартин сатқан киімін 55000 зед бағасымен сатып алып, 65000 зед құнымен сатып жіберді.

Сұрақ. Мартин қанша зед пайда немесе зиян шеккенін табыңыз.

  1. 10000 зед зиян шекті

  2. 10000 зед пайда тапты

  3. 20000 зед зиян шекті

  4. 20000 зед пайда тапты


Шешуі. Тауарды сатып алған кезде оның құны біздің ақшамыздан азайтылатынын, ал тауарды сатқан кезде оның құны біздің ақшамызға қосылатынын ескерсек, онда мынадай амалдар орындалу керек: сатып алу «+», сату «». Есептеу нәтижесінде оң сан шықса, онда пайда тапты, теріс сан шықса, онда зиян шекті деген сөз.

Тапсырманың мәтініне сәйкес амалдарды орындайық.

.

Жауабы. D) 20000 зед пайда тапты


ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ

Майк Петерсонның отбасы ай сайынғы табысы мен шығынын әрдайым есептеп отырады. Петерсондардың мамыр айындағы отбасылық табысы 150000 зед құрады. Майк автомобиль, спорт, киім мен аяқ киімге 25500 зед жұмсады. Оның жұбайы Мэри косметика, спорт, киім, аяқ киім, театрға 27000 зед жұмсады. Олардың Ник есімді кішкентай баласы балабақшаға барады, оған 15000 зед төленді. Одан басқа жалпы отбасылық қажеттіліктерге 90000 зед жұмсалды.


Сұрақ. Отбасылық бюджетті осылай пайдаланудың нәтижесінде Петерсондар отбасының жағдайын бағалаңыз.

  1. Отбасының табысы шығыннан көп болды.

  2. Отбасының шығыны табысынан көп болды.

  3. Отбасының табысы мен шығыны тең болды.


Шешуі. Отбасылық шығындарды қосып, оны отбасылық табыстан азайту арқылы Петерсондар отбасының жағдайын бағалай аламыз.

Есептеу нәтижесінде теріс сан шыққандықтан, бұл отбасы шығынға ұшырады деген қорытындыға келуге болады.

Жауабы. В) Отбасының шығыны табысынан көп болды.


ШЫҒЫН

Рэйчелдің ата-анасы оған мектепте күнделікті тамақтану үшін аптасына 1000 зед береді. Кестеде Рэйчелдің аптаның алғашқы бес күнінде тамақтануға жұмсаған ақшасы көрсетілген.

Күн

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Шығын, зед

140

155

135

145

170


Сұрақ. Аптаның соңында Рэйчелдің қалтасында 80 зед қалған болса, сенбі күні ол қанша ақша жұмсағанын табыңыз.

  1. 170 зед

  2. 175 зед

  3. 180 зед

  4. 185 зед


Шешуі. Сенбі күні жұмсалған ақшаны табу үшін аптаның бес күніндегі ақшаны және қалған ақшаны қосып, бастапқы 1000 зедтен азайтайық.

.

Жауабы. В) 175 зед


ЕҢ АРЗАН БАҒА

Мартин үйінде жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Қазіргі кезде оған 8 м3 тақтай сатып алу қажет. Ол әр түрлі жарнамаларды қарап шығып, ішінен тиімді деп санаған үш фирманың мәліметін жазып алды.

Фирма

1 м3 тақтайдың бағасы, зед

Жеткізу бағасы, зед

Жеңілдіктер

«ZedWood»

38000

15300

Жоқ

«ZedTree»

45000

8500

150000 зедтен артық сомаға сауда жасаса, жеткізу тегін

«ZedBred»

39000

12000

200000 зедтен артық сомаға сауда жасаса, жеткізу тегін


Сұрақ. Тақтайды ең арзан сатып алуға қанша төленетінін анықтаңыз.

  1. 312000 зед

  2. 319300 зед

  3. 320000 зед

  4. 360000 зед


Шешуі. Әрбір фирманың қызмет көрсету құнын есептеп алайық. Яғни тақтайдың бағасын 8-ге көбейтіп, оған жеткізу бағасын қосып немесе жеңілдік шартына сай болатын болса, жеткізу бағасын қоспай есептеп, үш фирманың нәтижесін салыстырып, ішінен арзанын таңдап аламыз.

«ZedWood» фирмасы. .

«ZedTree» фирмасы. . Жеткізу тегін болады.

«ZedBred» фирмасы. . Жеткізу тегін болады.

Үш фирманың тиімдісі – «ZedBred» фирмасы.

Жауабы. А) 312000 зед


БАНК ШОТЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ

Әр апта сайын Кристина баласының шотына 130 зед аударып отырады. Зедландияда әр аударым үшін банк комиссия ұстайды. Кристина банк шотының көшірмесін қарашада алды.


ЗЕДБАНК

Кристина үшін көшірме

Аккаунт түрі: ағымдағы

Ай: қараша

Аккаунт номері: Z0005689

Күні

Операция туралы мәлімет

Кредит

Дебет

Баланс

1 қараша

Бастапқы баланс



1780,25

5 қараша

Еңбекақы

575,00


2355,25

5 қараша

Ақша аударымы


130,00

2225,25

5 қараша

Ақша аударымы үшін комиссия


1,50

2223,75

12 қараша

Еңбекақы

575,00


2798,75

12 қараша

Ақша аударымы


130,00

2668,75

12 қараша

Ақша аударымы үшін комиссия


1,50

2667,25

13 қараша

Қаражатты алу


165,00

2502,25

19 қараша

Еңбекақы

575,00


3077,25

19 қараша

Ақша аударымы


130,00

2947,25

19 қараша

Ақша аударымы үшін комиссия


1,50

2945,75

26 қараша

Еңбекақы

575,00


3520,75

26 қараша

Ақша аударымы


130,00

3300,75

26 қараша

Ақша аударымы үшін комиссия


1,50

3389,25

27 қараша

Қаражатты алу


180,00

3209,25

27 қараша

Қаражатты алу (жалға алу)


1200,00

2009,25

30 қараша

Пайыздық кіріс

6,10


2015,35


Сұрақ 1. Қарашада банктің жалпы комиссиясы қанша болады?

Комиссия: .................... зед.


Сұрақ 2. Келесі операциялар 3 желтоқсанда жасалды.

  • Кристинаның шотына 575 зед еңбекақы аударылды.

  • Кристина ұлының шотына 130 зед аударды.

3 желтоқсан күні Кристина басқа операциялар орындаған жоқ.

3 желтоқсан күнінің соңында Кристинаның балансы қанша зед болды?

Баланс: .................... зед.



Шешуі.

Сұрақ 1. Кестеден әр аударым үшін 1,5 зед комиссия алынғаны көрініп тұр. Комиссия қараша айында 4 рет алынған екен. Демек, .

Жауабы. Комиссия: 6 зед.

Сұрақ 2. 3 желтоқсан күнінің соңында Кристинаның балансы қанша зед болғанын табу үшін 30 қараша күнгі балансқа еңбекақыны қосып, одан ұлына аударған ақша мен комиссияны азайту керек.

.

Жауабы. Баланс: 2458,85 зед


МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОНҒА АРНАЛҒАН ӘУЕНДЕР

Ник жасөспірімдерге арналған журналда келесідей хабарландыруды көрді:

Shape2

Телефоныңа Cheeky MonkeyТМ әуенін жүктеп ал.

Сенің достарың саған хабарласқанда сенің телефоның маймыл секілді дыбыс шығарады.

Әуенді ДӘЛ ҚАЗІР небары 3 зед бағасымен жүктеп ал*.

13 45 67 нөміріне MONK сөзі жазылған смс жібер.

*Әрбір әуеннің бағасы 3 зед. 13 45 67 нөміріне MONK сөзі бар жіберілген смс сатып алушы Cheeky MonkeyTM жаңа әуенін күн сайын алуға келіседі дегенді білдіреді. Сатып алушы бұл келісімді кез келген уақытта тоқтата алады. Ол үшін 13 45 67 нөміріне STOP сөзі жазылған смс жіберу керек. Қызметті тоқтату құны 5 зед.























Сұрақ. Никтің телефон балансы 30 зедті құрайды.

Ол 13 45 67 нөміріне MONK сөзі жазылған смс жіберді.

Содан кейін Ник ешкімге хабарласпады және ешбір смс жібермеді. Сондай-ақ ол балансын толтырмады.

Бір аптадан соң Никтің телефонындағы баланс қанша зед болады?

Баланс: .................... зед.


Шешуі. Хабарландыруды мұқият оқып, төменгі жағында ұсақ әріптермен жазылған шартқа назар аударуымыз керек. Бұл шарт бойынша 13 45 67 нөміріне MONK сөзі жазылған смс жібергеннен кейін аталған әуен күн сайын қосылады және телефон балансынан күн сайын 3 зед алынып тұрады. Бір аптада 7 күн бар екенін ескерсек, аптаның соңында Никтің балансында зед болады.

Жауабы. Баланс: 9 зед.


БИЛЕТТІҢ БАҒАСЫ

Джеймс Зедтауннан Зедланд қаласына қоныс аударайын деп жатыр.

Зедтаун-Зедланд бағытындағы пойыздың билет құны 12000 зед. Билетті бір ай бұрын алғанда жолаушы қазіргі құнынан 30% үнемдейді. Ал екі ай бұрын алғанда бір айға дейінгі құнынан 20% арзанға алады.


Сұрақ. Джеймс билетті екі ай бұрын алатын болса, қанша зед үнемдейді?

Жауабы: .................... зед


Шешуі. Алдымен билетті бір ай бұрын алған кездегі құнын есептеп аламыз. Ол үшін билеттің бастапқы құнының 30%-ын тауып, оны бастапқы бағадан азайтамыз. . Сонан соң осы бағаның 20%-ын тауып, оны соңғы бағадан азайтып, билетті екі ай бұрын сатып алу құнын табамыз. .

Джеймс билетті екі ай бұрын алатын болса, қанша зед үнемдейтінін табу үшін бастапқы бағадан билетті екі ай бұрын сатып алу құнын азайтамыз. .

Жауабы. 5280 зед


ТЕЛЕФОН ҚҰНЫ

Гарри телефон сатып алуды ұйғарды. Кестеде әр түрлі дүкендегі телефон бағасы мен жеңілдіктері көрсетілген.

Дүкен

Телефон бағасы, зед

Жеңілдік

ZedPhone

85000

25%

ZedMobile

100000

35%

ZedSmart

70000

15%


Сұрақ. Кестені пайдаланып, Гарри ең арзан телефон таңдаса, оның қанша ақша төлейтінін анықтаңыз.

Жауабы: .................... зед


Шешуі. Әр телефонның жеңілдікпен қоса алғандағы құнын есептеп алайық. Ол үшін телефон бағасын ондық бөлшекпен алынған жеңілдік пайызына көбейтіп, шыққан нәтижені бастапқы бағадан азайту керек.

ZedPhone дүкені. зед.

ZedMobile дүкені. зед.

ZedSmart дүкені. зед.

Шыққан нәтижелерді салыстыра отырып, ең арзанын таңдаймыз.

Жауабы. 59500 зед


ШОТ

Shape3

СК








Сүйікті киім



Шот

Шот нөмірі: 2034

Күні: 28 ақпан


Марго Стивенс

Зедстрит көшесі, 23

Зедтаун қаласы 3122

Зедландия

Сүйікті киім

Ньюстрит көшесі, 20

Зедтайн қаласы 2090

Зедландия

Тауар коды

Атауы

Саны

Бір заттың бағасы

Құны (салықпен бірге)

Т011

Майка

3

20

60 зед

М023

Джинсы

1

60

60 зед

С002

Шарф

1

10

10 зед



Салық алымынсыз құны:

Салық 10%:

Пошталық алым:

Салық алымымен құны:

Төленді:

Төлеуге:

Төлемнің соңғы күні:

130 зед

13 зед

10 зед

153 зед

0 зед

153 зед

31 наурыз


Сұрақ 1. Бұл шот Маргоға не үшін жіберілді?

  1. Себебі Марго «Сүйікті киім» компаниясына ақша төлеу керек.

  2. Себебі «Сүйікті киім» компаниясы Маргоға ақша төлеу керек.

  3. Себебі Марго «Сүйікті киім» компаниясына ақша төледі.

  4. Себебі «Сүйікті киім» компаниясы Маргоға ақша төледі.


Сұрақ 2. Тауарды жеткізгені үшін Марго қанша төлеу керек?

Жеткізу құны: .................... зед


Шешуі.

Сұрақ 1. Маргоға жіберілген шотты зерттеп алайық. Шотта оның аты-жөні мен мекенжайы, дүкеннің орналасқан жері көрсетілген. Сонымен қатар Маргоның сатып алған киімдерінің бағасы, саны, құны жазылған кесте бар. Шоттың төменгі жағында тауарлардың жалпы құны, салық пен пошта қызметі үшін төленетін ақы және барлық төленетін ақша туралы мәлімет берілген. Сондай-ақ соңғы үш жолда тауар үшін төленген ақшаның 0 екенін және төлеуге тиісті 153 зед екенін көруге болады. Осы мәліметтің барлығын ескере отырып, бұл шот Маргоның сатып алған киімі үшін төлейтін ақшасын көрсететін құжат екенін айтуға болады.

Жауабы. А) Себебі Марго «Сүйікті киім» компаниясына ақша төлеу керек.


Сұрақ 2. Тауарды жеткізу құны шотта «Пошталық алым» деген жерде жазылып тұр.

Жауабы. Жеткізу құны: 10 зед.


БӨЛІП ТӨЛЕУ

Линда дүкеннен жалпы құны 169970 зед болатын тұрмыстық техника сатып алып жатыр. Егер Линда осы соманың 5%-ына тең қаражатқа аксессуар сатып алса, онда тауардың барлығын 12 айға бөліп төлеу шартымен алуға болады.


Сұрақ. Аксессуарды қандай сомаға сатып алу қажет?

Жауабы: .................... зед.


Шешуі. Тапсырманың шарты бойынша берілген құнның 5%-ын тапсақ, ізделінді сан шығады. Яғни .

Жауабы. 8498,5 зед


НЕСИЕ

Роберт ЗедБанктен жылдық мөлшермесі 21% болатын 120000 зед несие рәсімдеді. Ол несиеге алған ақшаны пайызымен бірге бір жылдан кейін өтеп болуды жоспарлады.

Сұрақ. Роберттің жоспары орындалу үшін ол ай сайын қанша төлеп отыру керек?

Жауабы: .................... зед


Шешуі. Бір жылдан соң Роберт банкке зед төлеу керек. Ай сайын зед төлеу керек.

Жауабы. 12100 зед.


ИНТЕРНЕТ ТАРИФІ

Интернет-провайдер Сандраға үш түрлі тариф ұсынады.

Тарифтік жоспар

Абонеттік төлем

Трафик үшін төлем

Жоспар «0»

Жоқ

1 Mb үшін 12 зед

Жоспар «700»

Айына 700 Mb үшін 3000 зед

700 Mb-тан артық 1 Mb үшін 10 зед

Жоспар «1000»

Айына 1000 Mb үшін 4100 зед

1000 Mb-тан артық 1 Mb үшін 7 зед

Сұрақ. Сандра айына 830 Mb пайдаланады. Сандраға қаржы жағынан тиімді болатын тарифтік жоспарды таңдап, бір айға қанша төлейтінін жазыңыз.

Жоспар «..........», төлем .................... зед


Шешуі. Сандраға қаржы жағынан тиімді болатын тарифтік жоспарды таңдау үшін әр жоспардың 830 Mb пайдаланған кездегі қызмет көрсету ақысын есептеп аламыз.

Жоспар «0». зед.

Жоспар «700». зед.

Жоспар «1000». 4100 зед.

Үш жоспарды салыстыра келе, Сандраға қаржы жағынан Жоспар «1000» тиімді болатынын көруге болады.

Жауабы. Жоспар «1000», төлем 4100 зед.


ЗЕДВЕЛОСИПЕД

Зедтаунда велосипедті жалға беретін «ЗедВелосипед» атты жаңа бағдарлама жұмысын бастады. Велосипедшілер велосипедті бір пукттен алып, сапары аяқталған кезде екінші пунктте қалдыра алады.

«ЗедВелосипед» бағдарламасының қатысушысы болу үшін төлемақы төлеу қажет.

Shape4

Бағдарламаның тарифтері:

  • Бағдарламаға бір жыл қатысудың бағасы – 100 зед.

  • Бағдарламаға бір ай қатысудың бағасы – 20 зед.

  • Ұзақтығы 60 минуттан артық емес сапардың бағасы – ақысыз.

  • Ұзақтығы 61-120 минут болатын сапардың бағасы – 4 зед.

  • Ұзақтығы 121 немесе одан артық минут болатын сапардың бағасы – 6 зед.


Сұрақ 1. Марго «ЗедВелосипед» бағдарламасын жұмысқа бару және жұмыстан қайту үшін бір аптаға қолданбақ. Ол велосипедпен жұмысқа бару үшін 45 минут және үйге қайту үшін де сонша уақыт жұмсайды.

Сондай-ақ ол велосипедті екі рет демалыс күндері үш сағаттан асатын сапарлар үшін алғысы келеді.

Бағдарламаға бір ай қатысу үшін Марго жалпы қанша зед төлейді?

Барлығы .................... зед.


Сұрақ 2. Марго «ЗедВелосипед» бағдарламасына бір ай қатысуды шешті. Айдың соңында оның смартфонына «ЗедВелосипедтен» есепшот келді.

Shape5

Ол өзінің сапарлары және олардың ұзақтығы туралы егжей-тегжейлі жазба жасап отырды. Сондықтан өзіне келген есепшотта қателік барына сенімді.

Қате көрсетілген жазбаны және барлық төленетін ақша қанша болу керектігін жазыңыз.

  1. Бағдарлама 1 ай қатысу – 20 зед

  2. Ұзақтығы 60 минуттан аспайтын 10 сапар – 10 зед

  3. Ұзақтығы 61-120 минут болатын 0 сапар – 0 зед

  4. Ұзақтығы 121 минут немесе одан артық 2 сапар – 12 зед

Жауабы: .................... зед


Шешуі.

Сұрақ 1. Маргоның «ЗедВелосипед» бағдарламасын пайдалану ақысын есептейік. Ай сайынғы қатысу жарнасы – 20 зед, жұмысқа бару уақыты 45 минут (60 минуттан аспайды) – ақысыз, жұмыстан үйге бару уақыты 45 минут (60 минуттан аспайды) – ақысыз, екі рет демалыс күндері үш сағаттан асатын сапарлар үшін (121 минуттан артық минут болатын екі сапар) – 12 зед. Барлығын есептейтін болсақ, зед.

Жауабы. Барлығы 32 зед.


Сұрақ 2. «ЗедВелосипед» бағдарламасын мұқият қарап, алдыңғы сұрақта жүргізген есептеулерді ескерсек, берілген есепшоттың ішінде ұзақтығы 60 минуттан аспайтын 10 сапардың ақысыз болу керектігін көреміз.

Жауабы. B) Ұзақтығы 60 минуттан аспайтын 10 сапар – 10 зед.

Төленетін ақша – 32 зед.


КРИПТОВАЛЮТА

Үш дос Арни, Кевин және Рон 2013 жылы криптовалюта туралы білді. Достар ақшаларын біріктіріп, 1 монета сатып алуды шешті.

2013 жылы бір монетаның бағасы 800 зед болды. Оны сатып алу үшін Арни 100 зед, Кевин 200 зед, Рон 500 зед салды.

Достар 2017 жылға дейін күтіп, сол жылы монетаны 19000 зедке сатуды шешті.


Сұрақ 1. Монетаны сатқаннан кейінгі ақшаны достар монетаны сатып алған кездегі жинаған ақшаға сәйкес бөлетін болса, Рон қанша алады? Есептеулеріңізді жызыңыз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Жауабы: .................... зед.


Сұрақ 2. Алдыңғы сұрақтағы шартқа сәйкес Кевин қанша ақша алады?

Жауабы: .................... зед.


Шешуі.

Сұрақ 1. Тапсырманың шарты бойынша достар монетаны сатқаннан тапқан ақшаны сатып алған кездегі жинаған ақшаларына сәйкес бөліп алу керек. Демек, алдымен әр достың 19000 зед ақшадағы бөлігін тауып алу керек. Ол үшін олардың бастапқы жинаған ақшаларын қосамыз. Сонан соң Ронның үлесін есептейміз. .

Жауабы. 11875 зед


Сұрақ 2. Бірінші сұрақтағы жолмен Кевиннің алатын үлесін есептейміз. .

Жауабы. 4750 зед.



ОТБАСЫЛЫҚ ТАБЫС

Оқушы Мэтьюдің отбасында 6 адам бар: әкесі, анасы, Мэтью, әпкесі және зейнеткер атасы мен әжесі. Әжесі зейнеткер бола тұра мектепте жұмыс жасап жатыр және ай сайын 15000 зед көлемінде еңбекақы мен 9000 зед зейнетақы алады. Атасы 12000 зед көлемінде зейнетақы және мүгедек ретінде 3200 зед әлеуметтік көмек алады. Әкесі зауытта жұмыс жасайды, оның еңбекақысы 29000 зед. Анасы жеке кәсіпкерлікпен айналысады (гүл дүкені бар). Оның орташа айлық табысы – 25000 зед көлемінде. Мэтьюдің әпкесі университетте оқиды және 1500 зед шәкіртақы алады.


Сұрақ 1. Отбасының жалпы айлық табысын есептеңіз.

Жауабы: ................... зед


Сұрақ 2. Мэтьюдің әжесі оған зейнетақысынан 1%, ал атасы 2% беретін болса, Мэтьюдің табысы қанша болады?

Жауабы: ................... зед


Сұрақ 3. Мэтью кітап оқығанды жақсы көреді және табысының 20%-ын кітап сатып алуға жұмсайды. Мэтью кітапқа қанша ақша жұмсайды?

Жауабы: ................... зед


Шешуі.

Сұрақ 1. Отбасының жалпы айлық табысын есептеу үшін әр адамның алатын ақшасын қосу керек.

зед.

Жауабы. 94700 зед.


Сұрақ 2. Мэтьюдің табысын есептеу үшін әжесінің зейнетақысының 1%-ы мен атасының зейнетақысының 2%-ын тауып, қосындысын шығару керек.

Әжесінен келетін табыс зед.

Атасынан келетін табыс зед.

Барлығы зед.

Жауабы. 330 зед


Сұрақ 3. Мэтью кітапқа қанша ақша жұмсайтынын табу үшін алдыңғы сұрақтағы 330 зедтің 20%-ын есептейміз. .

Жауабы. 66 зед


ТАС ТАҚТАЙШАЛАРЫ

Томас өз үйінің ауласына тас тақтайшалар төсеуді ұйғарды. Жердің ұзындығы 15 м, ені 12 м. Кестеде тас тақтайшаларды төсеу бойынша қызмет көрсететін фирмалардың бағалары берілген.



Фирма атауы

Kerama

Festa

Merana

Parmet

Beton

1 тас тақтайшаның өлшемі, мм

200х100

200х150

180х100

200х180

100х120

1 данасының бағасы, зед

50

75

46

90

35

Жеткізу бағасы, зед

10000

8000

8000

15000

тегін


Сұрақ 1. «Kerama» фирмасы мен «Merana» фирмасының қызмет жасау құнын есептеп, салыстырыңыз.

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Сұрақ 2. «Festa» фирмасы мен «Beton» фирмасының қызмет жасау құнын есептеп, салыстырыңыз.

.........................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Сұрақ 3. Егер Томас фирманы ең аз ақша төлейтіндей етіп таңдаса, қандай фирманы таңдағанын анықтаңыз.


Жауабы: .................... фирмасы


Шешуі. Томастың ауласының ұзындығы мен енінің өлшемдері метрмен, ал фирмалардағы тас тақтайшаларының өлшемдері миллиметрмен берілген. Сондықтан метрді миллиметрге айналдырып алған жөн. Сонан соң ауланың, яғни жердің ауданын тауып алайық.

Ұзындығы: ені: Жердің ауданы: .


Сұрақ 1. Жоғарыдағы есептеулер мен кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, «Kerama» және «Merana» фирмаларының қызмет көрсету ақысын есептеп, салыстырайық.

«Kerama» фирмасы.

1 тас тақтайшаның ауданы мм2.

Жердің ауданын тас тақтайшаның ауданына бөлу арқылы қажетті тас тақтайшаның санын шығарамыз. дана.

1 тас тақтайшасы мен жеткізу бағасын қолданып, қызмет көрсету ақысын анықтаймыз. зед

«Merana» фирмасы.

1 тас тақтайшаның ауданы мм2.

Жердің ауданын тас тақтайшаның ауданына бөлу арқылы қажетті тас тақтайшаның санын шығарамыз. дана.

1 тас тақтайшасы мен жеткізу бағасын қолданып, қызмет көрсету ақысын анықтаймыз. зед

Екі фирманың нәтижелерін салыстыра отырып, «Kerama» фирмасына тапсырыс беру 8000 зедке арзан болатынын көреміз.

Жауабы: «Kerama» фирмасына тапсырыс беру 8000 зедке арзан болады.


Сұрақ 2. Жоғарыдағы есептеулер мен кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, «Festa» және «Beton» фирмаларының қызмет көрсету ақысын есептеп, салыстырайық.

«Festa» фирмасы.

1 тас тақтайшаның ауданы мм2.

Жердің ауданын тас тақтайшаның ауданына бөлу арқылы қажетті тас тақтайшаның санын шығарамыз. дана.

1 тас тақтайшасы мен жеткізу бағасын қолданып, қызмет көрсету ақысын анықтаймыз. зед

«Beton» фирмасы.

1 тас тақтайшаның ауданы мм2.

Жердің ауданын тас тақтайшаның ауданына бөлу арқылы қажетті тас тақтайшаның санын шығарамыз. дана.

1 тас тақтайшасының бағасын қолданып, қызмет көрсету ақысын анықтаймыз. зед

Екі фирманың нәтижелерін салыстыра отырып, «Festa» фирмасына тапсырыс беру 67000 зедке арзан болатынын көреміз.

Жауабы: «Festa» фирмасына тапсырыс беру 67000 зедке арзан болады.


Сұрақ 3. Томастың қай фирманы таңдағанын білу үшін кестедегі бес фирманың қызмет көрсету ақысын салыстыру керек. Жоғарыдағы сұрақтарда төрт фирманың ақысы есептелді. Енді бесінші фирманың қызмет көрсету ақысын есептейік.

«Parmet» фирмасы.

1 тас тақтайшаның ауданы мм2.

Жердің ауданын тас тақтайшаның ауданына бөлу арқылы қажетті тас тақтайшаның санын шығарамыз. дана.

1 тас тақтайшасы мен жеткізу бағасын қолданып, қызмет көрсету ақысын анықтаймыз. зед

Бес фирманың қызмет көрсету ақысын салыстыра келе, ең арзанын таңдайтын Томас үшін «Festa» фирмасы қолайлы екенін көреміз.

Жауабы. «Festa» фирмасы.


ДЕПОЗИТТІК ТӨЛЕМ

Амелия ЗедБанктен депозит ашып, оған 80000 зед салды. Кестеде ай сайын өскен ақшаның мөлшері көрсетілген.

Айлар

Бастапқы ақша мөлшері

Ай соңындағы ақша мөлшері

1

80000

81040

2

81040

82093,52

3

82093,52

83160,74

4

83160,74

84241,83

5

84241,83

85336,97

6

85336,97

86446,35


Сұрақ 1. Депозиттің өсу пайызы қанша екенін жазыңыз.

Жауабы: ....................%


Сұрақ 2. Егер Глория дәл осындай депозит ашып, оған 100000 зед салатын болса, оған бірінші айда қосылатын сыйақы мөлшері қанша болады?

Жауабы: .................... зед


Шешуі.

Сұрақ 1. Депозиттің өсу пайызы қанша екенін табу үшін бірінші айдың соңындағы ақша бастапқы мөлшердің қанша пайызын құрайтынын есептейміз. . Енді нәтижеден бастапқы 100%-ды азайтамыз. .

Жауабы. 1,3%


Сұрақ 2. Глория 100000 зед салғанда, оған бірінші айда қосылатын ақша зед болады.

Жауабы. 1300 зед


ТОРТҚА ТАПСЫРЫС

Линда 12 тортқа тапсырыс беруді ұйғарды. Кестеде кондитер цехтарындағы тортты дайындауға және оны безендіруге кететін бағалар көрсетілген.

Кондитер

Торт бағасы (100 г үшін)

Безендіру

(1 торт үшін)

Кристи

650 зед

950 зед

Санни

600 зед

1000 зед

Бетти

700 зед

850 зед


Сұрақ. Бір торттың массасы 0,9 кг болса, кестені пайдаланып, Линданың ең арзан тортты таңдаған кездегі төлейтін ақшасын табыңыз. Есептеулеріңізді жазыңыз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі. Алдымен 12 торттың жалпы салмағын анықтайық.
. Сонан соң әр кондитердің торт үшін алатын ақысын есептеу үшін жалпы салмақты 100 грамға бөліп аламыз.
.

Енді кондитерлердің торт пен оны безендіру үшін алатын ақы мөлшерін есептейміз. Ол үшін 108-ді торт бағасына көбейтіп, 12 тортты безендіруге кететін ақшаны қосамыз.

Кристи. зед.

Санни. зед.

Бетти. зед.

12 тортқа тапсырыс берудің тиімді ақысы Санни есімді кондитерде.

Жауабы. 76800 зед


МИКРОКРЕДИТТІК ҰЙЫМ

Мария Джонсон қиын өмірлік жағдайға тап болды: оның ұлы жол-көлік оқиғасында зардап шегіп, оған тез арада ақылы ота жасау керек. Мария – суретші және оның тұрақты жұмысы жоқ болғандықтан банктер оған несие беруден бас тартты. Ол «Көмектесеміз» атты микрокредиттік ұйымға жолықты. Бұл ұйым Марияға күніне 1,5% мөлшерлемемен 120000 зед ұсынды. Мария қарызды 30 маусым күні рәсімдеп, 1 қыркүйек күні қайтару керек. Пайызды есептеу 1 шілдеде басталып, 31 тамызды қоса алғанда тоқталатын болса, Мария бұл компанияға барлығы қанша ақша қайтарады? Есептеулеріңізді жазыңыз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі. Шілде мен тамыз айларында 31 күннен бар, демек қарыз 62 күнге алынды. Әр күн сайын қарызға зед қосылып тұрады. Барлығы зед қайтару керек.

Жауабы. Мария Джонсон бұл компанияға 231600 зед қайтару керек.




ДЕПОЗИТТЕГІ АҚША

Зедландия мемлекетінде дүниеге келген әрбір баланың ата-анасына 1200000 зед көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Джек дүниеге келгенде оның әкесі ЗедБанктен жылдық мөлшерлемесі 12% болатын депозит ашып, мемлекет тарапынан берілген сыйақыны осы депозитке салды. Депозиттің шарты бойынша жыл сайынғы пайыздық мөлшерлеме алғашқы салынған ақшаға байланысты ғана төленеді.


Сұрақ. Джек 25 жасқа толғанда әкесі депозитте жиналған қаражатқа құны 5500000 зед болатын пәтер сатып ала алады ма? Есептеулеріңізді жазыңыз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі. Жыл сайын қосылатын сыйақы: зед. 25 жылда қосылатын сыйақы: зед. 25 жылда жиналатын ақша: зед. Бұл қаражат 5500000 зед болатын пәтер сатып алуға жетпейді.

Жауабы. Жоқ, сатып ала алмайды.


АВТОМОБИЛЬДІ ЖАЛҒА АЛУ

Зедтаун қаласына қыдырып келген Роберт төмендегі кестені пайдаланып, екі тәулікке автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) таңдау керек.

Автомобиль тұтынатын жанармай

1 л жанармайдың бағасы, зед

Әр 100 километрге жұмсалатын жанармай, литр

1 тәулікке жалға алу бағасы

Дизель

105

8

17500

Бензин

120

12

16500

Газ

45

16

17000


Сұрақ. Егер Роберт күніне 150 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Шешуі. Жанармай шығыны әр 100 километрге есептелетіндіктен, аламыз. Енді автомобиль тұтынатын жанармайдың түрлеріне сәйкес автомобильді жалға алу құнын есептеп, ішінен ең арзанын табайық.

Дизель. зед.

Бензин. зед.

Газ. зед.

Жауабы. Тиімдісі – газ. 18080 зед төлейді.


ОТБАСЫЛЫҚ ШЫҒЫН

Сандраның осы айдағы отбасылық бюджеттің шығыны мынадай болды:

  • Коммуналдық төлемдер – 5000 зед

  • Азық-түлік – 10000 зед

  • Тұрмыстық химия және жеке гигиеналық заттар – 3000 зед

  • Киім және аяқ киім – 15000 зед

  • Автомобиль сатып алуға арналған несиенің төлемі – 10000 зед

  • Білім алу (қосымша курстар) – 5000 зед

  • Бензин – 2500 зед

  • Дәрі-дәрмек – 1500 зед

  • Телефон және интернет үшін төлем – 2000 зед

  • Басқа шығындар – 3000 зед


Сұрақ. Табысының 5%-ын банктегі депозитке салу үшін көрсетілген шығындарды қоса алғанда Сандраның табысы қандай болу керектігін есептеңіз.

.........................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі. Сандраның табысын есептеу үшін оның бір айдағы шығындарын қосу керек. зед. Бұл шығыннан бөлек, табыстың 5%-ын депозитке салады. Демек, шығындар табыстың 95%-ын құрайды деген сөз. Сандраның жалпы табысы қанша болу керектігін табу үшін шығынды 95%-ға бөлу керек. .

Жауабы. Табысының 5%-ын банктегі депозитке салу үшін Сандраның табысы 60000 зед болу керек.


АВТОСАЛОН

Кестеде машиналардың бағасы мен түрлері берілген. Грегор есімді жеке кәсіпкер автосалоннан құны 9270000 зед болатын бірнеше машина сатып алды.

Машина түрлері

Бағасы

Дана

ZedMachine

990000 зед

3

ZedCar

1100000 зед

?

ZedEngine

1500000 зед

2


Сұрақ. Грегор неше ZedCar машинасын сатып алды?

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі. Бұл сұрақтың жауабын табу үшін кестедегі бірінші және екінші машинаның бағасы мен санын көбейтіп, шыққан нәтижелерді қосып алайық.
. Енді осы ақшаны Грегордың машина сатып алуға жұмсаған ақшасынан азайтып, кестедегі екінші машинаның бағасына бөлсек, ізделінді сан шығады. .

Жауабы. Грегор ZedCar машинасының 3 данасын сатып алды.


ДЕМАЛЫСҚА АРНАЛҒАН ҮЙ

Кейт интернеттен сатылымға қойылған демалысқа арналған үй тапты. Ол бұл үйді демалушыларға жалға беру үшін сатып алғысы келеді.

Бөлмелер саны:

1 қонақбөлме

1 ас бөлмесі

1 жатын бөлме

1 жуынатын бөлме

Бағасы: 200 000 зед

Ауданы:

60 м2

Автотұрақ:

бар

Қала орталығына дейін жүру уақыты:

10 минут

Жағажайға дейін қашықтық:

Тіке жолмен 350 метр


Сұрақ. Үйдің бағасын анықтау үшін Кейт сараптамалық бағалау жасатуды ұйғарды. Үйдің бағасын анықтау үшін сарапшы келесідей критерийлерді қолданады:

м2 үшін баға

Базалық баға:

м2 үшін 2500 зед





Қосымша критерийлер

Қала орталығына дейін жүру уақыты:

15 минуттан артық:

+0 зед

5-15 минут: +10000 зед

5 минуттан кем: +20000 зед



Жағажайға дейін қашықтық (тіке жолмен):

2 км-ден артық:

+0 зед

1-2 км: +5000 зед

0,5-1 км: +10000 зед

0,5 км-ден кем: +15000 зед


Автотұрақ:

Жоқ:

+0 зед

Бар: +35000 зед




Егер сарапшының анықтаған бағасы сатушының бағасынан жоғары болса, онда бұл ұсыныс Кейт үшін тиімді болып есептеледі.

Сарапшының критерийлерін негізге ала отырып, бұл ұсыныс Кейт үшін тиімді немесе тиімсіз болатынын көрсетіңіз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі. Ұсыныс Кейт үшін тиімді немесе тиімсіз болатынын анықтау үшін үйдің жарнамасындағы мәліметтерді пайдаланып, сарапшының кестесіне сәйкес есептеулер жүргізейік.

Базалық баға әрбір м2 үшін 2500 зед, үйдің ауданы 60 м2. Демек, зед.

Қала орталығына дейін жүру уақыты жарнама бойынша 10 минут, бұл сан сарапшының кестесіндегі «5-15 минут» деген критерийге сәйкес келеді, демек бағаға тағы да 10000 зед қосылады.

Жағажайға дейін қашықтық (тіке жолмен) жарнамада 350 метр, бұл сан сарапшының кестесіндегі «0,5 км-ден кем» деген критерийге сәйкес келеді, демек тағы 15000 зед қосылады.

Автотұрақ жарнамада бар деп көрсетілген, демек бағаға 35000 зед қосылады.

Алынған сандарды қосу арқылы сарапшының бағасын анықтай аламыз. зед.

Сарапшының бағасы 210000 зед болады. Сатушының бағасы сарапшының қойған бағасынан төмен, сондықтан бұл ұсыныс Кейт үшін тиімді болады.

Жауабы. Аталған ұсыныс Кейт үшін тиімді болады.


ИПОТЕКА

Оливер мен Дейзи ипотекаға үй алуды ұйғарды. Пәтердің бағасы – 3 миллион зед. Олар пәтер бағасының 10%-ын құрайтын алғашқы төлемге ақша жинау керек.

Сұрақ. Пәтер бағасы жыл сайын 30%-ға өсетінін ескере отырып, екі жылдан кейін бұл отбасы үшін алғашқы төлем қанша болатынын есептеңіз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі. Бір жылдан кейін пәтер бағасы зед болады. Екі жылдан кейін баға зед болады. Сол кездегі алғашқы төлем зед болады.

Жауабы. Екі жылдан кейін бұл отбасы үшін алғашқы төлем 507000 зед болады.

ДЕПОЗИТ

Тони ЗедБанктен депозит ашып жатыр. Оған ұсынылған депозиттің шарттары мынадай:

Shape6


Депозитке салынған ақшаны 6 ай бойы шешіп алуға немесе толықтыруға болмайды. ЗедБанк ай сайын депозитте сыйақы мөлшерін қоса алғанда жинақталған ақшаның 1%-ын қосып тұруына міндеттеледі.








Сұрақ 1. Егер Тони депозитті 600000 зед салып ашатын болса, онда оның шотындағы әрбір айдың басында және соңында болатын ақшаның мөлшерін көрсететін кестені толтырыңыз.


Айлар

Ай басындағы ақша мөлшері

Ай соңындағы ақша мөлшері

1



2



3



4



5



6




Сұрақ 2. 6 ай өткеннен кейін Тони жиналған ақшасын шешіп алып, басқа депозитке салды. Ол депозиттің шарты мынадай:

Shape7


Салымшы депозитті ашқаннан соң екінші айдан бастап ай сайын 50000 зедке толықтыратын болса, онда ЗедБанк ай сайын депозитте сыйақы мөлшерін қоса алғанда жинақталған ақшаның 1,2%-ын қосып тұруына міндеттеледі.









Тони ЗедБанктің шартын ай сайын орындап тұрғанын ескере отырып, оның шотындағы әрбір айдың басында және соңында болатын ақшаның мөлшерін көрсететін кестені толтырыңыз.


Айлар

Ай басындағы ақша мөлшері

Ай соңындағы ақша мөлшері

1



2



3



4



5



6




Шешуі.

Сұрақ 1. Бірінші айдың басында ақша мөлшері 600000 зед болады. Депозиттің шарты бойынша ай соңында бұл ақшаның 1%-ы қосылады. Демек, бірінші айдың соңында депозиттік шотта зед болады. Екінші айдың басында депозитте бірінші айдың соңындағы ақша жатады және депозиттік шарт бойынша ай соңында осы 606000 зедтің 1%-ы қосылатын болады. Яғни екінші айдың соңында шотта зед болады.

Қалған төрт айдың соңындағы ақша мөлшері алдыңғы есептеулердің алгоритмі бойынша табылады. Яғни келесі айдың соңындағы ақша мөлшерін табу үшін алдыңғы айдың соңындағы ақшаға сол ақшаның 1%-ын қосып отыру керек.

Үшінші айдың соңында зед болады.

Төртінші айдың соңында зед болады.

Бесінші айдың соңында зед болады.

Алтыншы айдың соңында зед болады.

Жауабы.

Айлар

Ай басындағы ақша мөлшері

Ай соңындағы ақша мөлшері

1

600000

606000

2

606000

612060

3

612060

618180,6

4

618180,6

624362,4

5

624362,4

630606

6

630606

636912,1


Сұрақ 2. Бірінші айдың басында ақша мөлшері 636912 зед болады. Депозиттің шарты бойынша ай соңында бұл ақшаның 1,2%-ы қосылады. Демек, бірінші айдың соңында депозиттік шотта зед болады. Екінші айдың басында Тони депозиттік шартты орындау үшін шотқа 50000 зед қосады. Сонда екінші айдың басында депозитте зед болады және ай соңында осы ақшаның 1,2%-ы қосылатын болады. Яғни екінші айдың соңында шотта зед болады.

Қалған төрт айдың соңындағы ақша мөлшері алдыңғы есептеулердің алгоритмі бойынша табылады. Яғни келесі айдың соңындағы ақша мөлшерін табу үшін алдыңғы айдың соңындағы ақшаға 50000 қосып, сол ақшаның 1,2%-ын қосып отыру керек.

Үшінші айдың соңында

зед болады.

Төртінші айдың соңында

зед болады.

Бесінші айдың соңында

зед болады.

Алтыншы айдың соңында

зед болады.

Жауабы.

Айлар

Ай басындағы ақша мөлшері

Ай соңындағы ақша мөлшері

1

636912

644554,9

2

69454,9

702889,6

3

752889,6

761924,3

4

811924,3

821667,4

5

871667,4

882127,4

6

932127,4

943312,9


ВАЛЮТА АУЫСТЫРУ КУРСЫ

Сингапурда тұратын Мэй-Линг Оңтүстік Африкаға 3 айға жұмыс сапарымен баруға жиналды. Ол бірнеше сингапур долларын (SGD) оңтүстікафрикалық рандға (ZAR) ауыстыруы керек.

Сұрақ 1. Мэй-Линг сингапурлық доллар мен оңтүстікафрикалық ранд арасындағы ауыстыру курсының келесідей екенін білді: 1 SGD = 4,2 ZAR

Мэй-Линг осы курспен 3000 сингапурлық долларды оңтүстікафрикалық рандға ауыстырды. Мэй-Линг қанша оңтүстікафрикалық ранд алды?

Жауабы: .................... ZAR


Сұрақ 2. 3 айдан соң Сингапурга кері қайтқанда Мэй-Лингте 3900 ZAR қалған болатын. Ол оны сингапурлық долларға ауыстырды, бірақ оларды ауыстыру курсы өзгеріп кеткен: 1 SGD = 4,0 ZAR

Мэй-Линг қанша сингапурлық доллар алды?

Жауабы: .................... SGD


Сұрақ 3. 3 айда ZAR-ды SGD-ға алмастыру курсы 4,2-ден 4,0-ге дейін өзгерді. Оңтүстікафрикалық рандтарды сингапурлық долларларға айналдырғанда 4,2 ZAR орнына 4,0 ZAR курсы Мэй-Линг үшін тиімді болды ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Шешуі.

Сұрақ 1. 1 SGD = 4,2 ZAR болғандықтан, 3000 сингапурлық долларды оңтүстікафрикалық рандға ауыстыру үшін амалын орындаймыз.

Жауабы. 12600 ZAR


Сұрақ 2. 1 SGD = 4,0 ZAR болғандықтан, Мэй-Лингте қалған 3900 ZAR-ды сингапурлық долларға аудару үшін амалын орындаймыз.

Жауабы. 975 SGD


Сұрақ 3. Сұрақтың жауабына «Иә» деп жазып, оның түсіндірмесін келтіру керек. Төменде сондай түсіндірмелердің бірнеше мысалы келтірілген.

Мысалы:

  • Иә, валюта айырбастау курсының (1 SGD үшін) төмен болғанынан Мэй-Линг оңтүстікафрикалық рандтар үшін сингапурлық долларларды көбірек алады.

  • Ия, бір доллар үшін 4,2 ZAR курсы болса, онда ол 929 ZAR алар еді.

  • Иә, себебі 1 SGD үшін ол 4,2 ZAR алды, ал қазір оған 1 SGD сатып алу үшін 4,0 ZAR қажет.

  • Иә, себебі SGD сатып алу бағасы 0,2 ZAR-ға арзандады.

  • Иә, себебі 4,2-ге бөлсек, 4-ке бөлгендегіге қарағанда нәтижесі аз болады.

  • Иә, валюта айырбастау курсы тиімді болды, себебі курс төмендемесе ол 46 SGD-ға аз алар еді.

Жауабы. Жауап «Иә» және түсіндірмесі.


DVD-ДИСКТІ ЖАЛҒА АЛУ

Рейчел DVD-дисктер мен компьютерлік ойындарды жалға берумен айналысатын дүкенде жұмыс жасайды.

Бұл дүкендегі жыл сайынғы абонементтік төлем 10 зед құрайды.

Дүкеннің абонементі бар адамдар үшін DVD-дискті жалға алу бағасы, төмендегі кестеде көрсетілгендей, абонементі жоқ адамдарға қарағанда арзанырақ болады.

Абонементі жоқ адамдар үшін бір DVD-дискті жалға алу бағасы

Абонементі бар адамдар үшін бір DVD-дискті жалға алу бағасы

3,2 зед

2,5 зед


Сұрақ 1. Өткен жылы Джейкобта осы дүкеннің абонементі болды. Абонементтік төлемді қоса алғанда Джейкоб өткен жылы 52,5 зед жұмсаған.

Джейкобтың абонементі болмаған жағдайда ол сонша DVD-дискіні жалға алу үшін қанша ақша жұмсайтын еді?

Жауабы: .................... зед


Сұрақ 2. Абонементтік төлемге кеткен ақшаны өтеу үшін ең аз дегенде қанша DVD-дискті жалға алу керек? Жауабыңызды есептеулермен негіздеңіз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Шешуі.

Сұрақ 1. Алдымен Джейкоб қанша диск алғанын есептеп алу керек. Ол үшін оның жұмсаған ақшасынан абонементтік төлемді азайтып, шыққан санды абонементі бар адамдар үшін бір DVD-дискті жалға алу бағасына бөлеміз. Сонда диск алғаны шығады.

Енді Джейкобтың абонементі болмаған жағдайда 17 DVD-дискті жалға алу кезінде қанша ақша төлейтінін табу үшін диск санын абонементі жоқ адамдар үшін бір DVD-дискті жалға алу бағасына көбейтеміз. Сонда зед шығады.

Жауабы. 54,4 зед


Сұрақ 2. Абонементтік төлемге кеткен ақшаны өтеу үшін ең аз дегенде қанша DVD-дискті жалға алу керектігін анықтаудың бірнеше тәсілі бар. Олар төменде көрсетілген.

  • Алгебралық есептеулер жүргізіп, жауап жазу:

Жауабы: 15 диск

  • Арифметикалық есептеулер жүргізіп, жауап жазу:

Әрбір DVD-дисктен 0,7 зед үнемделеді. Абонемент бағасы 10 зед тұратындықтан, шығынды өтеу үшін барлығы 10 зед үнемдеу керек. . Яғни 15 диск алу керек.

  • Дұрыс жауапты сынаулар және қателер әдісі арқылы табу.

Мысалы: 10 дискті жалға алу құны абонементі жоқ тұтынушы үшін 32 зед болады, ал абонементі бар тұтынушы үшін зед болады. Үлкендеу сан алып көрейік. 15 дискті жалға алу құны абонементі жоқ тұтынушы үшін 48 зед болады, ал абонементі бар тұтынушы үшін зед болады. 15-тен аз санды алып көрейік. 14 дискті жалға алу құны абонементі жоқ тұтынушы үшін 44,8 зед болады, ал абонементі бар тұтынушы үшін зед болады. Жауабы: 15 диск

  • Дәлелдеудің басқа әдісін қолдану, жауабын 15 деп жазу.

Жауабы. 15 диск

ТАРИФТІК ЖОСПАРЛАР

БShape8

Жоспар №2

  • Сіз телефон үшін алдын ала төлем енгізесіз.

  • Бұл төлем бір айға немесе төлем сомасы біткенше жарамды болады.

ен Зедландияда тұрады, оның мобильді телефоны бар. Зедландияда телефон қызметтеріне арналған екі түрлі тарифтік жоспарлар бар.

Shape9

Жоспар №1

  • Телефон үшін шотты ай соңында төлейсіз.

  • Шотта сіз жасаған қоңыраулар құны және ай сайынғы төлем есептеледі.


Сұрақ 1. Жоспар №2 қолданудың қаржылық артықшылықтарының бірін жазыңыз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Сұрақ 2. Бен Жоспар №1 пайдалануды ұйғарды. Енді ол өзіне қызмет көрсететін телефон компаниясын таңдау қажет.

Төмендегі кестеде Жоспар №1 ұсынатын төрт түрлі компания туралы ақпарат көрсетілген.


Компания №1

Компания №2

Компания №3

Компания №4

Ай сайынғы төлем (зед)

20

20

30

30

Бір минуттық сөйлесу бағасы (зед)

0,27

0,25

0,30

0,25

Бір айға берілетін тегін минуттар

90

90

60

60

Смс (мәтіндік хабарлама) бағасы (зед)

0,02

0,02

тегін

0,01

Бір айға берілетін тегін смс (мәтіндік хабарлама)

200

100

шексіз

200


Бен күн сайын бір сағат шамасында телефон арқылы сөйлеседі, бірақ смс (мәтіндік хабарламалар) сирек жібереді.

Қай телефон компаниясы Бен үшін ең тиімді қаржылық шарттарды ұсынады?

  1. Компания №1

  2. Компания №2

  3. Компания №3

  4. Компания №4


Шешуі.

Сұрақ 1. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін жоспарлаудың қарапайымдылығы немесе белгілі бір бюджет аясында әрекет ету туралы жазу керек. Мысалы:

  • Бұның қанша тұратынын сіз нақты білесіз.

  • Қанша ақша жұмсайтыныңызды алдын ала таңдай аласыз.

  • Бұл қаржылық шығындарды жақсырақ жоспарлауға көмектеседі.

  • Сіздің лимиттен шығып кетпейтініңізді білдіреді.

  • Айдың соңында байланыс үшін төлем көп болуы мүмкін емес екеніне сенімді боласыз.

  • Сіз шотты өзіңіздің қажеттілігіңізге қарай толықтырасыз.

  • Абоненттік төлемді ай сайын төлеудің қажеті болмайды.


Сұрақ 2. Бен үшін ең тиімді қаржылық шарттарды ұсынатын компанияны анықтау үшін кестеде көрсетілген төрт компанияның шарттарына сәйкес қызмет көрсету ақысын есептеп алу керек. Сонан соң ішінен ең арзанын таңдасақ болғаны.

Бен күн сайын бір сағат шамасында телефон арқылы сөйлесетінін ескере отырып, бір айда қанша минут болатынын есептейік. Бір айда 30 күн деп алатын болсақ, айына минут шығады. Осы мәліметтер арқылы әр компанияның қызмет ақысын табайық.

Компания №1.

Ай сайынғы төлем 20 зед.

Бір айға тегін 90 минут беріледі. Демек, Бен минут үшін зед төлейді.

Бен смс (мәтіндік хабарламалар) сирек жібереді, яғни бір айға тегін берілетін 200 смс оған жеткілікті болады және ол үшін ақы төленбейді.

Барлығы зед болады.

Компания №2.

Ай сайынғы төлем 20 зед.

Бір айға тегін 90 минут беріледі. Демек, Бен минут үшін зед төлейді.

Бен смс (мәтіндік хабарламалар) сирек жібереді, яғни бір айға тегін берілетін 100 смс оған жеткілікті болады және ол үшін ақы төленбейді.

Барлығы зед болады.

Компания №3.

Ай сайынғы төлем 30 зед.

Бір айға тегін 60 минут беріледі. Демек, Бен минут үшін зед төлейді.

Бен смс (мәтіндік хабарламалар) сирек жібереді, яғни бір айға тегін берілетін шексіз смс оған жеткілікті болады және ол үшін ақы төленбейді.

Барлығы зед болады.

Компания №4.

Ай сайынғы төлем 30 зед.

Бір айға тегін 60 минут беріледі. Демек, Бен минут үшін зед төлейді.

Бен смс (мәтіндік хабарламалар) сирек жібереді, яғни бір айға тегін берілетін 200 смс оған жеткілікті болады және ол үшін ақы төленбейді.

Барлығы зед болады.

Төрт компанияның қызмет көрсету ақысын салыстыра отырып, Бен үшін ең тиімді қаржылық шарттарды Компания №2 ұсынатынын көреміз.

Жауабы. В) Компания №2


БАЗАРДА

Базарда қызанақты килограммен немесе жәшікпен сатып алуға болады.

1 кг үшін 2,75 зед

10 кг-дық жәшік үшін 22 зед


Сұрақ 1. «Қызанақты килограммен сатып алғаннан гөрі жәшікпен алған тиімді болады» деген тұжырымға дәлел жазыңыз.

.............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Сұрақ 2. Кейбір адамдар үшін қызанақты жәшікпен сатып алу нашар қаржылық шешім болуы мүмкін. Неге екенін түсіндіріңіз.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Жауабы.

Сұрақ 1. Жәшіктегі қызанақтың бір килограмының бағасы өлшеп сатылатын қызанақтың бір килограмының бағасынан аз болатынын тікелей немесе жанама түрде көрсету. Бірақ жауап сандық есептеулерден емес, таныс мәнмәтіндегі баға мен сапаның қатынасы туралы болу керек. Өз жауабын дәлелдеу үшін баға мен масса арқылы сандық ақпаратты сипаттайтын сөздерді қолдана алу керек.

Сұрақ 2. Қызанақты төмен бағамен сатып алу барлық адамдар үшін жақсы шешім болып табылмайтынын, яғни кейбіреулердің көтерме сауданың абсолютті құнына қаражаты жетпейтінін немесе тез бұзылатын тауардың көптігін қажет етпейтінін көрсету керек.


ОНЛАЙН САУДА

Кевин интернет-кафедегі компьютерді пайдаланып отыр. Ол спорттық тауарлар сататын интернет-дүкеннің сайтына кірді. Футбол добын сатып алу үшін Кевин өзінің банк картасының деректерін енгізеді.

Интернеттен тауар сатып алу кезінде қаржылық ақпараттың қауіпсіздігі маңызды рөл атқарады.


Сұрақ. Интернет-дүкеннен футбол добын сатып алу кезінде қауіпсіздікті арттыру үшін Кевин қандай әркеттер орындай алады? Бір мысал келтіріңіз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Жауабы. Қоғамдық орындардағы компьютердің орнына сенімді компьютерді қолдану туралы жазу. Мысалы:

  • Жеке (немесе қоғамдық емес) компьютерді пайдалану;

  • Онлайн сауданы үйде жасау;

  • Cookie-файлдар сөндірілген компьютерді пайдалану;

  • Бөгде адамның экранға қарап отырмағанына көз жеткізу;

  • Сауда жасағаннан кейін браузер тарихын тазалау;

  • Онлайн сауданы қоғамдық орындарда және қоғамдық компьютерде жасамау.

Онлайн сауда жасаудың сенімді немесе қауіпсіз әдістерін көрсету. Мысалы:

  • PayPal қолдану;

  • Онлайн төлем жүргізудің сенімді түрін таңдау;

  • Иесі туралы мәліметтер жазылмайтын банк картасын қолдану;

Сенімді сайтты пайдалану туралы жазу. Мысалы:

  • Төлем жүргізбес бұрын сайттың қауіпсіздік сертификаты барына көз жеткізу;

  • Сайт туралы онлайн пікірлерді оқып шығу;

  • Сайттың https протоколы барына көз жеткізу;

  • Бұл сайттың қауіпсіз екеніне көз жеткізу.


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БЕРІЛГЕН АҚША

Роман мен Лизаның арасында мындай диалог орын алды:

-Лиза, туған күніңе сыйланған ақшаны қалай жұмсайтыныңды шештің бе?

-Ақшаның көп бөлігін «Балаларға көмек» атты қайырымдылық қорына жібердім.

-Рас па? Мен «Балаларға көмек» қоры туралы білмеппін.

-Мен де білмедім. Бірақ олар маған хабарласып ақша сұрады. Сосын мен оларға өзімнің банктік картадан ақша аудардым.


Сұрақ. Лизаның жасаған аударымдары қаржылық жағынан қарағанда неліктен қауіпті болатынын түсіндіріңіз.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Жауабы. Телефон арқылы хабарласқан таныс емес адамға картаның мәліметтерін беру қаупін түсіндіру. Мысалы:

  • Оған хабарласқан адамның адал екенін нақты білмейді;

  • Кез келген адам хабарласып, қайырымдылық қорының өкілі екені туралы өтірік айта алады;

  • Хабарласқан адам банк картасының мәліметтерін білгендіктен, келіскен қаражаттан артық соманы алуы мүмкін;

  • Таныс емес адамдарға банк картасының мәліметтерін айтуға болмайды.


ЖАҢА ҰСЫНЫС

Анна «Алғашқы несие» қаржылық компаниясынан несиеге 8000 зед алды. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 15% құрайды. Аннаның несие бойынша ай сайынғы төлемі 150 зед болып тұр.

Бір жылдан кейін Аннаның қарызы әлі де 7400 зед болды.

«Үздік несие» деп аталатын өзге қаржылық компания Аннаға жылдық пайыздық мөлшерлемесі 13% болатын 10000 зедтік несие ұсынып тұр. Оның ай сайынғы төлемдері 150 зед болайын деп тұр.

Сұрақ 1. Егер Анна «Үздік несие» компаниясынан несие алатын болса, ол қазіргі несиені жауып тастай алады.

Анна «Үздік несие» компаниясынан несие алатын болса, тағы қандай екі қаржылық пайда табады?

1. .....................................................................................................................................

.........................................................................................................................................

2. .....................................................................................................................................

.........................................................................................................................................


Сұрақ 2. Анна «Үздік несие» компаниясынан несие алатын болса, қандай негативті қаржылық салдармен кездесуі мүмкін?

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Жауабы.

Сұрақ 1. Несие арқылы қосымша қаражат алынатыны және пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы туралы жазу.

Сұрақ 2. Жаңа шарттар бойынша несиені өтеу уақыты ұзаратыны және пайызды төлеуге көбірек ақша кететіні туралы жазу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!