ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жас кезінен бастап қаржылық сауаттылыққа үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жапырақтарды қағаз ақша қылып ойнап өскендердің қатарында барсыз ба? Дүкенші болып, сатырлатып ақша санау бала кезде ойын болып көрінгенімен, ол ересек өмірде пайдасы тиетін түрлі машықты дамытқан екен. Балаға қаржылық сауат негіздерін санаға ерте сіңірген дұрыс. Өйткені өскенде шешім қабылдағанда, қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлар жасағанда, математикалық есептер шығарғанда, тәуекелерді бағалап, анализ жасағанда аса қажет болады. Kursiv Media тілшісі баланың жасына қарай қаржылық сауат жайлы қалай сіңіру керегіне шолу жасап шықты. 

5-6 жасар балаларға нені үйрету керек?

Мектепке әлі бармаған балаларға ақпаратты барынша қызық, ойын форматында берген абзал. Өйткені күрделі тақырыптарды ол әзірге қорыта алмайды. Сондықтан ақшамен таныстыру үшін түрлі ойын ойнатып көрсеңіз болады. Дүкен, банк, мейрамханаға барғандай болып, біріңіз қызмет көрсетіп, біріңіз клиент болыңыз. Балаңыз кассада тұрып көрген кезде ақша санауды үйреніп, алғашқы түсініктері қалыптасады. Сонымен бірге дүкенге ертіп шыққанда алатын затты қалай таңдау керегін де ата-ана түсіндіруі қажет. Бюджеттің шектеулі екенін, ересектердің ақшаны қалай жарататынын түсінікті тілде әңгімелеуді әдетке айналдырыңыз. Үнемдеудің маңызын айтып, көрсеқызарлықтың жақсы емесін түсіндіріңіз. Жеті рет ойланып барып зат алғанның арқасында қанша ақша қалтада қалып, келесі қажетке жарайтынын түсіндіріңіз. «Егер қазір сәл үнемдесең, өзің қалап жүрген көлемді бір



затты ала аласың» деп айтыңыз. Сонда балада жинауға деген құлшыныс пайда болады. Бұл жастағы балалар ата-анасымен көп уақыт өткізгенді жақсы көреді. Сондықтан бірге ойнап, кітап оқып, мультфильм қарауға болады. Қазір балаларға арналған мұндай контент көп. Қазақша кітапшалардың да саны артып келеді. Мұндай көмекші құралдар ақшаның ойыншық пен тәтті сатып алуға арналған дүние ғана емесін түсіндіреді.  



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі