жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қарлұқ қағанаты.
|
САБАҚ:Түркі қағанаты |
Мектеп:83 ЖОМ |
|||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Кеуенова Ажар
|
|||||
|
СЫНЫП: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: 0 |
||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
7.3.2.2 – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау ; |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||
|
||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||
|
||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||
|
||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер |
|||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі,тарих. |
|||||
|
Алдыңғы тақырып |
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||
|
Басталуы 5 минут |
Топқа бөлу2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. |
Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді. (Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды) |
||||
|
Ортасы 20 минут |
Білу және түсіну 10 минут Топтарға тапсырма: (Мәтін бөліктерін тарату) Түркі қағанатыЕрте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады». Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы ИЕштеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 аймаққа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара будундар (жалпы халық), таттар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Тардуш (Дато) сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып сайланды. Қолдану 8 минут Постер жасату. Жалпыға арналған тапсырма: Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.
|
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Постер жасату. Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді. |
||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
«Қыдырып қайтайық!» би билеу
|
«Қыдырып қайтайық!» биі |
||||
|
Аяқталуы 20 минут |
Синтез Сыртқы саясатыОтырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді. Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персияарқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты. Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады. Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады. «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.
|
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі |
||||
|
Қосымша ақпарат
|
||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
«Бағдаршам» әдісі
|
|||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген