Девиз:
Мы как ласточки
летаем,
И с весной Вас
поздравляем.
А девиз наш
таков
Больше дела, меньше
слов.
-Қазақстан егеменді, көп ұлтты
мемлекет. Республикамызда 130 астам ұлт өкілдері татулықта өмір
сүреді.
Максим ты знаешь какие
национальности живут в казахстане?
-Да я знаю. Казахи, русские,
узбеки, татары, украинцы.
-Молодец
-We are present the dance of
Uzbek people today.
2 кезең: «Өнерліге өріс
кең»
Өзбек
биі
-Виолетта посмотри какая красивая птица. А ты
знаешь, как на английском языке будет ласточка?
-
Swallow
- All right. Very good. A
symbol of happiness, goodness and well-being.
Широкий размах и необычный хвостик. А хочешь
узнать, почему у нее такой хвостик?
-
да
-енді
«Қарлығаштың құйрығы неге
айыр?» ертегісінен көрінісін
тамашалайық.
3 кезең «Бала тілі -
бал»
Қазақ халық
ертегісі
«Қарлығаштың құйрығы неге
айыр?»
Көрініс
Әже мен немересі серуендеп
жүреді. Қарлығаш ұшып өтеді. (музыка ойнап
тұрады)
Немересі: - Әже, мынау ұшып жүрген
қандай құс?
Әже: - Балам, ол қарлығаш деген
құс.
Немересі: - Әже, ол құстың құйрығы неге
айыр?
Әже: - Қарлығаштың құйрығы неге
айыр екенін білмесең, мен саған әңгімелеп берейін. Бұрынғы өткен
заманда жанды-жансыздар өздеріне патша етіп жыланды
сайлайды.
Шығысытың биші қыздары
жыланды айнала жүгіріп күтіп жүреді, жеміс-жидек
ұсынады, жылан барлығынан бас
тартады.
Әже: Жыл артынан жыл, күн артынан
күн өтіп жатады. Күндердің күнінде тойымсыз
Жыланекең:
дәмін татып, жандының қанын
сорып не тәтті екенін маған айтсың.
Әже: Патша әмірін орындауға барлығы
жан-жаққа ұшып кетеді. Маса өсімдік пен жандылардың ішіндегі қаны
тәттісін біледі де, патшасына қарай ұшып келе
жатады.
Ортаға маса шығып,
бесіктегі баланың қасына келіп, қанын сорып, ұша
жөнеледі.
Әже: Осы кезде қарлығаш кез
болады.
Настя
Қарлығаш: - Иә, досым, патшамызға ең
тәтті тамақты іздеп кеткенсің, таптың ба?
Дамир
Маса: - Патшаның тамағына кімді
тапқанымды білесің бе?
Настя
Қарлығаш: - Е, маса, мен не білемін?
Сенен денемнің үлкендігі болмаса, ақылым аз емес пе? Айтшы, кімді
таптың?
Дамир
Маса: - Дүниеде патшамызға лайық, ең
дәмді ас – адам қаны.
Әже: «Адам сияқты ақылды да, айлалы
жан – тұмсығын едірейткен жарымжанға жем болып қала ма?» – деп,
қарлығаш адамды құтқарудың амалын ойлайды.
Настя
Қарлығаш: - Тәтті қанды тауып, дәмін
татқанның тіліне алтын мөр түсіп қалады деп көп айтушы еді. Тіліңді
шығарып, мөріңді көрсетші!
Дамир
Маса: - Көрсең көре ғой,
байғұс. (тілін
көрсетеді)
Қарлығаш масаның тілін
жұлып алады.
Настя
Қарлығаш: - Тілін жұлынып, аузыңа құм
құйылды. Енді адамның қаны тәтті екенін қалай
түсіндіресің?
Әже: - Тілінен айырылған маса
сөйлей алмай, ызыңдаған күйі жыланға қарай ұша жөнеледі. Маса
патшаның алдына барып, бірдемелерді айтқысы келіп, ызыңдай береді.
Бірақ ешнәрсені түсіндіре алмайды.
Максим
Жылан: - Мұның тілі аузынан түсіп
қалған ба, не дейді кім айтады?
Әже: - Бұл көріністі сырттай
бақылап тұрған қарлығаш:
Настя
Қарлығаш: - Мен түсініп
тұрмын!
Максим
Жылан: - Қане, түсінсең айтшы, маса
маған не деп тұр?
Настя
Қарлығаш: - Бүкіл әлемді араладым, бірақ
неше түрлі өсімдікті өсіріп шығарған топырақтан тәтті нәрсе
таппадым – деп тұр!
Әже: - Тілі сөйлеуге жарамаса да,
құлағы сау маса мұны естігенде, жаны шығып кете
жаздайды.
Маса ызаланып, қарлығашқа
қарай ұшып ұмтылады да, жыланның алдына барып
жылайды
Максим
Жылан: - Ә, мұның тіліне сен бір пәле
қылған екенсің ғой?!
Жылан қарлығашқа тап
береді, қарлығаш ұша жөнеледі. Жыланның аузында құйрығы қалып
қояды
Әже мен немере
шығады
Әже: - Иә, балам. Содан бері жылан
топырақ жалап, ал маса ызылдап қалады. Ал қарлығаштың құйрығы
осыдан кейін екі айыр болып қалған деседі.
Немересі: - Әже, қарлығаш адамға жақын
құс екен.
Әже: - Иә, қарлығаш адамның досы.
Сондықтан қарлығашты қасиетті құс деп
санайды.
Би
«Қарлығаш»
Әже: Ласточка – это символ счастья,
добра, благополучия. И наши дети приготовили этих птичек. Сіздерге
сыйлап, отбасыларыңызға амандық, жылулық, бақыт
тілейміз.