жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қарлығаш" МАД тобы.Тақырыбы:Жануарлардың достығы.Ыы дыбысы мен әрпі
2019
- 2020 оқу жылындағы « Қарағаш орта мектебі
» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
мектепалды даярлық тобының
I-жарты жылдықта атқарылған жұмыстарына
талдау
Есебі
Ел ертеңін бүгіннен басталатынын түсінген дана халқымыз ежелден « Бала өмір жалғасы » деп біліп, бала тәрбиесі мен білім алуына жақсы көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын бүгінгі жас ұрпақ. Ал, «Жас ұрпақтың болашағы – ұстаздың қолында» деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұстаздың қоғамдық өміріндегі маңызын айқындап айтқан.
Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы, мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Оқуға сапалы дайындықтың мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Алматыкітап баспасы 2019 жылғы әдістемелік нұсқау бойынша мектепалды даярлық тобының ұзақ мерзімді жоспары құрылып бекітілген.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы,зияткерлік,дене дамуы,олардың білімді игеруге дайындығын қамтамассыз ету,оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты мен үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі мектепалды даярлық тобында оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, одан 20 сағат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне 4 сағат вариативті компонентке қарастырылған.Сабақтың ұзақтығы 25-30 минут . Мектепалды даярлық тобының 2019-2020 оқу жылына арналған білім беру салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың жалпы көлеміне 768 сағат бөлінген.
Бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,олардың жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» осы 5 бағыттары бойынша жұмыс жасаймыз.
2019-2020 оқу жылында мектепалды даярлық тобында 22 оқушы (11 ұл бала,11 қыз бала) бар. Барлық оқушылар дәрігерлік тексеруден өтіп, денсаулықтарының жайлары анықталды.Оқушылардың жеке іс-құжаттары түгенделді. МАД тобында өткізілген оқу іс-әрекеті және тәрбие сағаттарына тоқталатын болсақ:
1-қыркүйек
Білім күніне арналған оқу іс-әрекетінің
тақырыбы: «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»
атты ашық тәрбие сағаты өтілді.
Оқу
іс-әрекетінің мақсаты:
Өскелең ұрпақтың білімге
құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу
жылының алдында мереке атмосферасын
құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға
мотивация беру.
25 қазан күні Республикалық «Отбасы – тәрбие басы , мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында 1-4 сынып және мектепалды даярлық тобында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі , оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату , әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау,баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлнің маңыздылығы,оның патриоттық көзқарасын дамыту. МАД тобы «Менің отбасым» тақырыбында отбасылық фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өз отбасыларын таныстырып,отбасыларымен өткізілген қызықты сәттерімен бөлісті.Үздік фотосуреттер байқауында I, II,III-орындарға ие болды.Атап айтсақ,Қожахан Кәусар I-орын,Рамазан Нұрлы мен Амангелді Алихан II-орын, Өмірғалқызы Жансая III-орынға ие болды.
27 қазан күні Бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» балалар шығармашылық байқауында «көркем сөз» жанры бойынша өнер көрсетіп,шығармашылық қабілетімен ерекше көзге түскен Жұмахан Айқын Алиханұлы мен Байғазы Жантөре Мұхтарұлы II орын алып,суперфиналға жолдама жеңіп алды.Жұмахан Айқын мен Байғазы Жантөре «Дарынды шәкірт» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар,Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен және марапатталғандығы туралы куәлік берді. Дарынды балаға қолдау көрсетіп, оның биік белестерге көтерілуін қамтамасыз ету ұстаздың біліктілігін көрсетеді.Ұрпақ бойына тамаша тәлімді сіңіріп жатқан ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін Құрмет грамотасы, сертификат пен дипломмен марапатталдым.
19 қараша күні Сауат ашу сабағынан ашық сабақ өтілді. Ашық сабақтың тақырыбы: Жануарлардың достығы.Ы дыбысы мен әрпі
Сабақтың
мақсаты: 0.1.4.1.Сұрақтарға жауап беріп,өзіне
таныс тақырып аясында диалогке
қатысу.0.1.1.1.Сөздегі дыбыстарды олардың
түрлерін (дауысты,дауыссыз,жуан және
жіңішке дауыстылар)ажыратып дұрыс
дыбыстау.0.1.2.1.Жазу жолдарына Ы әрпінің
баспа түрін жазу.
24 қараша күні «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың-Ұлы Абайы» атты тақырыпта балалар өнер байқауында көркем сөз жанры бойынша өнер көрсетіп,ерекше көзге түскені үшін Орынбасар Аружан мен Рамазан Нұрлы II орындарға ие болды.
«Жарқын
болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік
журналының ұйымдастыруымен «Ұлы
даланың-Ұлы Абайы» атты тақырыпта
балалар өнер байқауына шәкірт дайындап,оның
шығармашылық даму жолында өз үлесін
қосқаны үшін марапатталдым.
25 қараша күні «DARYN CENTRE»Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығынан «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына» республикалық үздік ашық сабақ байқауына қатысқанын растау үшін сертификат берілді.
30 қараша күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, ұлы тұлғаның баға жетпес мол мұрасын жас бүлдіршіндердің санасына сіңіру және өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты дарыту мақсатында «Mangilik El Jastary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Абай жаққан бір сауле» атты балабақша тәрбиеленушілеріне арналған III республикалық онлайн байқауға қатысып «Сурет салу» аталымы бойынша Қожахан Кәусар Боранбайқызы II орын,Данышпан Мадияр Бақтиярұлы II орын,Байғазы Жантөре Мұхтарұлы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сіз, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, «Mangilik El Jastary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Абай жаққан бір сауле» атты балабақша тәрбиеленушілеріне арналған III республикалық онлайн байқауына шәкірт дайындап,оның бойындағы шығармашылық қабілетін дамыта білдіңіз. Егемен еліміздің ертеңі үшін жасап жатқан жауапкершілігі мол жұмысыңыз бен қайырлы еңбегіңізге алғыс білдіреміз.Алғыс хатпен марапатталдым.
ҚР
Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының
иегері,«Білім бұлағы» аталымының
жеңімпазы Qaztest.kz
сайтында педагогтардың біліктілігін
арттыру мақсатында ұйымдастырылған II
Республикалық «Үздік педагог»
олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені
үшін II,III дәрежелі дипломдармен
марапатталдым. Қатысқаным үшін сертификат
берілді.
25 желтоқсан күні «Жаңа жыл-2020» атты ертеңгілік өтті.МАД тобының оқушылары өз өнерлерін көрсетті.Балалар «Шырша», «Буратино», «Үнді» билерін биледі.
МАД тобының жетекшісі: Акшолакова Айгерим Бейсембаевна
2019-2020 оқу жылындағы « Қарағаш орта мектебі » мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мектепалды даярлық тобының III тоқсанның атқарылған жұмыстарына хабарлама
01.02.2020
жылы Rvo.kz
сайты
тәрбиешілер арасында ұйымдастырылған
онлайн Республикалық Виртуалды
Олимпиадаға қатысып I, II дәрежелі
дипломдармен және де сертификатпен
марапатталындым.
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілі сайтында балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған II Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін III дәрежелі дипломмен марапатталдым және де қатысқаным үшін сертификат берілді.
14.02.2020
жылы.
www.edilife.кz
Республикалық қашықтық олимпиада сайты.
Тәрбиешілер арасында ұйымдастырылған
онлайн олимпиадасына қатысып III дәрежелі
дипломмен марапатталдым.
22.02.2020
жылы «Дара
бала»
республикалық шығармашылық орталығының
ұйымдастырумен онлайн видео байқауы
өтті.Нәтижесінде Хантәңірінің мұзбалақ
ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын
дәріптеп,насихаттауда «Дара
бала»
шығармашылық орталығы ұйымдастырылған
«Мұқағали-мәңгілік
ғұмыр»
байқауының
жеңімпаздары мектепалды даярлық
тобының тәрбиеленушілері Жұмахан Айқын
Алиханұлы, Байғазы Жантөре Мұхтарұлы
және де 7 сынып оқушысы Мұратқалиқызы
Әсем I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Дара бала» республикалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауларға дарынды,үздік шәкірт тәрбиелеп,қосқан үлесіңіз үшін Алғыс хат берді.
28.02.2020 жылы «Анашым,саған мың алғыс!» атты тәрбие сағатын өттім.
01.03.2020 жылы Бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» балалар шығармашылық байқауында «Хореография» жанры бойынша өнер көрсетіп, шығармашылық қабілетімен ерекше көзге түскен Маратқызы Томирис «Бақыт құсы» биімен I орын иеленді.Танец «Буратино» биімен Басқарбай Жігер Мәдиұлы, Авелкан Дулат Марленұлы,Амангелді Алихан Қуанышұлы,Жұмахан Айқын Алиханұлы,I орын иеленді.Танец «пчёл» биімен Мұхитқызы Аяна 4 сынып,Жұман Айару Ерғалиқызы,Рамазан Нұрлы Мейрамқызы,Өмірғалиқызы Жансая,Дауренқызы Айсана,Қожахан Кәусар Боранбайқызы,Орынбасар Аружан МАД тобының қыздары «Бас жүлдені» жеңіп алып,Республикалық байқауларының Суперфиналына жолдама жеңіп алды.Барлық оқушылар «Дарынды шәкірт» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен
қатар,Қазақстан Республикасы мәдениет
және білім беру саласында ерекше еңбегі
мен шығармашылығы үшін «Балалар
өнеріне қосқан үлесі үшін » медаль
және марапатталғандығы туралы куәлік
берді.Диплом,сертификат және құрмет
грамотасымен марапатталындым.
05.03.2020 жылы «Зерделім» мектепалды даярлық тобымен жүргізілетін қосымша авторлық бағдарламам шықты.
11.03.2020 жылы «Бүлдіршіндер аруы-2020» сайысын өткіздім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген