400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қарлығаш пен дәуіт"

Материал туралы қысқаша түсінік
мнемотехника әдісі бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «№1Балабақша»























"Қарлығаш пен дәуіт"

«Коммуникация» білім беру саласының көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Мнемотехника әдісі













Тәрбиеші: Багаманова Р.М.













Тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт ертегісі

Мақсаты:Балаларға ертегіні тыңдата отырып,қарлығаштың адамға дос екенін,дәуіттің адалдығын түсіндіру.Балаларды бір-біріне көмектесуге ,қиналған кезде жәрдем беруге үйрету. Ертегіні мнемотехника әдісі арқылы әңгімелеуге үйрету.

Табиғатты сүюге,аялауға,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.Ертегі арқылы адамгершілікке,мейірімділікке баулу.

Алдын ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Ертегілер жайлы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: Қарлығаш, дәуіт.

Дидактикалық құралдар: Қарлығаш пен дәуіт суреттері,ертегі жайлы слайд,плакат, сызбалар

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


І кезең

мотивациялық-қозғаушы

-Балалар табиғат дегеніміз не? Табиғатқа нелер жатады?

-Балалар ,Қазақстанның табиғаты өте сұлу!Асқар таулары,шалқар көлдері,ну ормандары бар әсем табиғат тек қана біздің елімізге тән.

Ойын: «Жер,су,ауа».

Ойынның шарты бойынша балалар шеңбермен тұрады. «Су»-дегенде қолдарын алдына созады, «ауа»-дегенде жоғары көтереді, «от»-дегенде екі қолын айналдырады, «жер»-дегенде қолдарын түсіреді.

-Халқымыз құстарға ерекше мән берген.Өздерінің жақсы көретін адамдарын құстарға теңеген.Әнші,жезтаңдайларын-бұлбұлға ,әдемі,сұлу қыздарын-аққуға,Отанын,елін қорғайтын ерлерін-қыранға теңеген

(Балалардың жауабы).









Балалар қызығушылықпен ойнайды

ІІ кезең-

ұйымдастырушылық -ізденушілік

Слайд: «Құстар».

Тосын сый: «Табиғат ана».

Табиғат ана:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен табиғат анамын.Сендер сондай тәртіпті,ақылды,білімді балалар екенсіңдер.Мен бәрін көріп тұрдым,тапсырмаларға дұрыс жауап бердіңдер.

-Табиғат ана,сіздің елгеніңіз қандай жақсы болды.Бүгін біз табиғат,құс жайлы әңгімелеп отырмыз.

Сергіту сәті:

Құстар ұшады, ұшады

Көкте қанат қағады

Барлығы бірге жиналып

Шиқ, шиқ деп ән айтады…

Жұмбақ жасыру:

Қонып алып жарға,қарқылдайды... (Қарға)

Өзі жасыл,әрі батыр ,ол не? (Дәуіт)

Өзі қара ,бауыры ақ,ол не? (Қарлығаш)

-Олай болса балалар, «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін көгілдір экраннан көріп тамашалайық.

-Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?

-Жылан не үшін келді? –

Қарлығаш көмекке кімді шақырды? -Көкек не деді? «Бүркіт қонаққа шақырып еді,уақытым жоқ» деді.

-Қарға ше? «Мен үйленейін деп жатырмын,мазамды алма» деді.

-Дәуіт не істеді?

Қарлығашқа кім көмектесті?





Ертегі кейіпкерлерін суретте қарастырайық

-Олай болса, осы құстарға қатысты тыйым сөздерді айтайықшы.

-Құстың ұясын бұзба!Құстың балапанына тиіспе!Құсқа тас лақтырма!Құсты атпа.

-Құстар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Бүркіт-құс тәңірі.

Лашын-құстың жендеті.

Сұңқар-құстың төресі.

Құс қанатымен ұшып,құйрығыиен қонады.

Аққуды атуға,досынды сатуға болмайды

Қарға жемтігін басып жейді,сұңқар шашып жейді.

Құсқа аяз да қатер емес,аштық қатер.

Құстар көп болса,зиянкес жәндіктер аз болады.

Ал енді, балалар, осы ертегіні схема-суреттің көмегімен әңгімелеп берейік…


































Жұмбақтың шешуін айту.







Ертегіні мұқият және қызығушылықпен тыңдау

(Жардың қуысында).

(Қарлығаштың балаларын жеу үшін).

(Көкек пен қарғаны).

(Жыланның көзін шұқып алды).

(Дәуіт көмектесті).







Суретпен жұмыс жасайды.

























































Балалар суретке сүйене ертегіні айтып береді.

ІІІ кезең

рефлексивті- түзету

-Жарайсыңдар балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлықтарын жақсы қатыстыңдар. Мақтау,мадақтау.

Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Табиғаттың не екенін және оларға нелер жататынын біледі,мнемотехника әдісі арқылы ертегіні әңгімелейды.

Түсінеді: Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын.

Қолданады: Қиын кезде бір-біріне көмектесуді,дос болуды үйретеді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі