400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қарлығашпен дәуіт" ертегі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға көрнекілікке пайдаланамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Білім беру саласы: « Коммуникация» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет. Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі. Мақсаты: Балаларға табиғатты сүюге, аялауға , ертегінің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға үйрету; құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: ТРИЗ, АҚТ әңгімелеу, сұрақ жауап.

Көрнекілігі: видео ролик.

Бингвалды компанент: құс-птицы, ласточка-қарлығаш, гнездо-ұя.қарға-ворона, көкек-кукушка.

Мотивациалық қозғаушылық:

Балалар келген қонақтармен үш тілде амандасады.

Өте жақсы балалар . Балалар өткен оқу қызметімізде туған өлкеміздің құстарымен таныстық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалар-қазір күз мезгілі.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-күз айларына қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады.

-күз айларында ауа райы қандай болады?

-күз айларында күн суытып, жаңбыр жауады.

Дұрыс айтасыңдар күз айларында күн суытып құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-балалар құстар нешеге бөлінеді?

-құстар екіге бөлінеді үй құстары және дала құстары болып бөлінеді.

-Үй құстарына қандай құстар жатады?

-үй құстарына тауық, үйрек,қаздар жатады.

-дала құстарына қандай құстар жатады?

-дала құстарына қарлығаш, торғай, қарға, сауысқан,көкек, тырна тағы басқа құстар жатады. Дала құстары өз бетімен өмір сүреді. Олар ағаштар мен өсімдіктерді зиянды жәндіктер мен құрттардан тазартады. Содан ағаш жайқалып өседі де таза ауа бөліп шығады. Сол таза ауамен біздер демаламыз.



Жұмбақтар.

Түсі қара мақпалдай

Төсіне ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зырлайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

( қарлығаш )

Үп үшкір таяғы,

Жыланның көзін жояды. (дәуіт)

Балаларға қарлығаш пен дәуіт туралы түсінік беру.

Мен бүгін сендерді «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісімен таныстырамын.

Балаларға көгілдір экраннан «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін тамашалаймыз.

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаттары қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні балапандарды жеуге қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады.мұны көрген қарлығаш аспанмен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді.

Көкектен көмек сұрай барса: -- Бүркіт қонаққа шақырып еді , соған барғалы жатырмын уақытым жоқ- дейді көкек. Одан шығып қарғаға барады. –мен үйленгелі жатқанымда мазамды алма –дейді. Қарлығаштың амалы таусылып , шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп: -Досым , неге зарлайсың?-деп сұрайды. Қарлығаш сонда : –жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмей жүрмін, деп қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді. Қарлығаш қанатын тосады. Олар көзді ашып жұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен. Дәуіт аяғымен шаба тырнап , жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады. Дәуіттің ерлігіне сүсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып өмір сүреді екен. Сұрақ- жауап

-қарлығаштың ұясы қайда орналасқан? - қарлығаш жардың қуысына ұя салады. -Жылан не үшін келеді?

-балапандарды жеуге қарлығаштың ұясына келеді. - Қарлығаш кімдерден көмек сұрады? қарлығаш көкектен, қарғадан көмек сұрайды. –Олар көмек көрсетедіме? -жоқ көмек көрсете алмайды. –қарлығаш келе жатып жолдан кімді кездестіреді? -қарлығаш жолдан дәуітті кездестіреді. –дәуіт не дейді? - олай болса , мені жеткіз тезірек –дейді дәуіт. –дәуіт қандай іс-жасады? -дәуіттің ісі ерлікке жатады ма? -дәуіттің ерлігіне сүсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты.

Жарайсыңдар балалар сендер құстар туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Айзере: Кезек –кезек шөп әкеліп,

Ұлпа жүнді көп әкеліп.

Таңдап алып қия жарды.

Қарлығаштар ұя салды.



Аяру: Келді ұшып тырналар,

Үшкірленіп тізіліп.

Қайтқан сайын жылда олар,

Қараймыз біз қызыға.

Нарқыз: Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан, томарға,

Секең-секең ауысқан.



Сергіту сәт.

Орнымыздан тұрамыз,

Қарлығаш болып ұшамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қаламыз.

Мақал-мәтел.

Нурасыл: Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Санжар: Күлме досыңа ,келер басыңа.

Зере: Жүз теңгең болғанша , жүз досың болсын.

Нүргүл: Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Ырым жорамалдар.

-Қарлығаш биік ұшса , күн ашық болады.

-Жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.



Тыйым сөздер.

-Құстың ұясын бұзба.

-Құстың балапандарына тиіспе.

-Құсқа тас лақтырма.



Енді балалар осы ертегімізді рөлдерге бөліп ойнаймыз.(рөлге бөліп ойнайды).

Қорытынды.

Балаларға бүгінгі оқу қызметте не түсінгендері туралы әңгімелесу. Оқу қызметке белсенділік танытқаны үшін мақтап мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: ертегі желісін бұзбай баяндауды.

Түсінеді: құстарға қамқорлық пен қарауды.

Қолданады: жақсы нәрсені үйреніп жамандыққа жамандамау керектігін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1306
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі