Қарлығаштың құйрығы
неге айыр?
Тақырыбы:Қарлығаштың құйрығы неге
айыр? (слайдымен)
Мақсаты:
Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз
пікірлерін айтуға дағдыландыру.
Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, мейірімділікке тәрбиелеу,
ауызекі сөйлесуге үйрету.
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап,
түсіндіру, сахналау
Көрнекіліктер: ертегіге байланысты
слайдтар.
Барысы:
1-Мұғалім:
-Сәлеметсіздер ме? Құрметті
қонақтар. Бүгінгі «Бір аймақ, бір кітап» акциясы аясында өткелі
отырған, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты ашық тәрбие сағатына
қош келдіңіздер.
2-Мұғалім:
Здравствуйте, уважаемые
гости. Приветствуем Вас на классном часу «Қарлығаштың құйрығы неге
айыр?» по акции «Бір аймақ, бір
кітап»
1-Мұғалім:
Hello dear guests We are
glade to see you at our Lesson which connect which connect with
action «Бір аймақ, бір кітап» end «Қарлығаштың құйрығы неге
айыр?»
2-Мұғалім:
Оқушылар бүгін бізге
сабаққа көптеген қонақтар келіп кане орнымыздан тұрып
амандасайық
-Сәлеметсіздерме
-Здравствуйте
-Hello
1-Мұғалім: Ал, ені ортаға
шығайық
Шаттық шеңбері (балалар ортаға шығады)
-Күлімдеген күн
мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым
мейірімді
2-Мұғалім:
– Дұрыс айтасыңдар, ендеше
күлімдеген күн астында бір – бірімізге деген мейіріммен тәрбие
сағатымызды жалғастырайық.
1-Мұғалім:
-Ортадағы табақшадан
өздеріңе ұнаған сыйлықты алыңдар. Қызыл түсті сыйлықшаларды алған
оқушылар «Алғырлар» тобына отырады. Көгілдір түсті сыйлықшаларды
алған оқушылар «Тапқырлар» тобына
отырады.
Кіріспе
бөлім
2-Мұғалім:
Ал енді оқушылар барлығымыз
мына әнді тыңдайық.
Қарлығаш туралы ән
тыңдау
- Балалар, ән не туралы?
- Балалар, қарлығаш қандай құс? (проблемалық
сұрақ)
1-Мұғалім:
Оқушылар біз сендермен осы
уақытқа дейін «Бір аймақ, бір кітап» акциясы бойынша қай ертегіні
оқып жатырмыз? Ендеше балалар, бүгін біз сендермен қарлығаштың
құйрығы неге айыр атты ертегі желісі бойынша жұмыс
жасаймыз.
2-Мұғалім:
-Оқушылар қазір екі топқа
тапсырма беріледі соны орындап
көрейік
1-топ:
Қарлығашқа байланысты ырым
-жорамалдар жазады.
-
Қарлығаш биіктеп ұшса – күн
ашық болады.
-
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр
жауады.
-
Қарлығаш жылы жақтан
оралған кезде қораға қонса, қой егіз туады. Ақ мол
болад.
-
Ал үй жақтауына немесе
шатырына қонса, сол үйдің жан басы
көбейеді.
-
Түсіңде қарлығаш көрсең
бақытқа кенелесің
2-топ:
-Қарлығаш қандай құс екенің
сипаттайды және түрлерін
атайды.
Осы сұрақтар бойынша постер
жасау
(Топтар ортаға шығып постер
қорғайды)
-
Айыр
құйрықты
-
Қанаттары ұзын, әрі
үшкір
-
Шағын
денелі қара ала құс
-
Қарлығаш сөзі қара, ала, құс деген сөздердің кірігуінен
шыққан
-
Жар
қарлығашы, құз қарлығашы, сепкілтөс қарлығашы
т.б.
Топтар бір – бірін
бағалайды.
1-Мұғалім:
«Сұрақтар қобдишасы» әдісі арқылы топтарға сұрақтар
қоямын.Осы сұрақтрға ертегі үзіндісі бойынша жауап
бересіңдер.
Ертегі мазмұнын ашуға байланысты
сұрақтар
1. Айдаһар қандай күйге тап
болды?
Жылдардан жылдар
өткенде,
Кәрілік келіп
жеткенде,
Қайраты қайтып
бұрынғы,
Айдаһар дертке
ұрынды.
Айдаһар еттен
арылды,
Тынысы әбден
тарылды, (АЯЛА)
2. Оның ауруына ем тапқан кім және қандай ем
тапты?
Ауруға түлкі
келеді,
Тамырын ұстап,
көреді.
Не қилы әдіс
қылады,
Сан дәріні
сынады
-Тәтті қан іздеп
тапсаңыз,
Жазылар,-деді,-патшамыз.
(ТОМИРИС)
3. Айдаһардың ауруына ем болатын қанды кім
іздейді?
Бізтұмсық Маса бар
еді,
Ішкені ылғи қан
еді,
Шағуға шебер
болатын,
Қадалып қанды
соратын.
Келместен сөзге ол
енді
Шөлмегін алып
жөнелді.(КҮМІСАЙ)
4. Айдаһар неге қанды іше
алмады?
Айдаһарға
жеткізбей.
Тиісті емін
еткізбей,
Масаны қуып
жетеді,
Айқасқа
кетеді (ТОЛҒАНАЙ)
5. Ашуланған айдаһар не істеді?
Алас ұрған
Айдаһар
Болдырмаған
бұйрығын,
Қарлығаштың
құйрығын
Жартылай жұлып
алыпты,
Айыр боп содан
қалыпты(БЕЙБАРЫС)
6. Қарлығаш адам затқа
қандай жақсылық жасады?
Аман – сау сақтап
халықты,
Адамды қорғап
қалыпты.
Содан бері
Қарлығаш
Болса да нәзік
талдырмаш,
Адал досы
адамның,
Аты туған
баланың!
Топтар бір – бірін
бағалайды.
2-Мұғалім:
- Келесі
тапсырма
1-топ: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Ертегісін мәңерлеп оқып
береді.
2-топ: Осы ертегіні сақналап
көрсетеді.
Сақналауға қатысатын
кейіпкерлер
Айдаһар
–Толғанай
Түлкі-
Томирис
Автор
–Кәуәр
Маса
–Али
Анасы –
Алтынай
Қарлығаш –
Асқар
Топтар бір – бірін
бағалайды.
Қорытынды
Сабақты қортындылау «Бастағы
қалпақ» әдісі
бойынша
Рефлексия (Балалар ортаға
шығады, әуен ойнап тұрады да қалпақты бір – біріне кигізеді. Әуен
тоқтағанда қалпақ кімнің басындақалса сол осы сабақта не түйгенін
айтады )
-Бағалау ағашына сабақ
қалай өтті соны стикерға жазып
жабыстыру.
Красно – Поляна ЖОББМ
КММ
«Бір аймақ, бір
кітап»
Ашық тәрбие
сағаты
Қарлығаштың құйрығы неге
айыр?
3
сынып

Өткізген: Абжанова
А.М.
Шидербекова
А.Е.
2018-2019 оқу
жылы.
