400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қарқаралы" атты авторлық өлең

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық ізденіс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарқаралы !

Хас сұлуы Арқаның Қарқаралы,

Айлы түнде жұлдызың жарқырады.

Заңғар тауың биіктен маңғазданып,

Жылғалардан өзен-суың сарқырады.



Таза ауаң шырақтай жарқ ұрады,

Маусымға дейін тасыңда қар тұрады.

Қалың ағаш жап-жасыл ну орманың,

Ой-санаңды әлдиге лезде батырады.



Мәди, Қасым жырлап өткен Қарқаралы,

Мейман келсе көркіңе тоймай таң қалады.

Құнанбай салған күмбезді мешіт азаны,

Бойыңа еніп имандыққа шақырады.



Шәйтанкөлің менмұндалап дөп қарады,

Небір тұлға сенен туып көп тарады.

Еліктері құшақ жая қарсы алатын

Тұғырым менің,киелі қалам Қарқаралы!



Самал желмен шоқ гүлдері қалтырады,

Қарағаймен табиғаты жалтырады.

Әсем әнмен,күмбір күймен ұштасатын,

Шұрайлы жері,шырайлы елі Қарқаралы!

Жер жүзінің қасиетті шамшырағы,

Көрік берген Үлкен көлге таң шуағы.

Қоршай біткен айналасын жүзім – жидек,

Бейне бір тағдыр тартқан тамшы бағы.



Жұпар иісі аңқыған Қарқаралы,

Кең даласы шалқыған Қарқаралы!!!

Авторы: Кашимова Айым Мухитбековна

Қарқаралы қаласы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
682
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі