400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарт жауынгер ерлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Толықбайұлы Рақымбек атамыздың соғыста жасаған ерліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарт жауынгер естелігі


Ардагер Толықбайұлы Рақымбек 1926 жылы тамыз айында сол кезде Амангелді ауданына қарасты, қазіргі Науырзым ауданы Асан – қайғы ауылында дүниеге келген. Әкесі Толықбай ерте өмірден өткен, өзі ақ көніл, мейлінше қарапайым, кедей шаруалы адам болған.Артында қалған төрт баланы жұбайы Қарымбайқызы Мәрия асырап, бағып жетілдірді. Сол кісінің арқасында 30 – шы жылдағы аштықтан да шетінемей өтті Бертін келе, екінші ұлы Сәндібек есейіп, қолғабыс болды, қолын ұзартты. Ол 1935 – 1936 жылдары он үшінші ауыл, Жалаңаш деген жерде, қазіргі Дәмді ауылында мұғалім болып кызмет істеген. Рақымбек ата он жасында мектепке барып, бар болғаны үш жыл оқыды. Он төрт жасынан бастап колхоз жұмысына араласты. 1941 жылы соғыс басталғанда алдымен үлкен ағасы Әбдібек армияға алынып, Ленинград майданында қаза тапты. Бір жылдан кейін Сәндібек ағасы да майданға аттанды Көп ұзамай олда да Смоленск түбінде шайқаста ерлікпен қаза болды. Келесі кезек ұлдардың ең кішісі Рақымбектің өзіне келді. Армияға ол 18 – жасында 1944 жылы алынды. Майданға Белоруссия жерінде кірді. Жаяу әскери бөлімшесінде болды, кейін атқыштар қатарында талай қантөгіс ұрыстардың белортасында жүріп аман қалып, жаудың жері, Германияның өзіне дейін жетті. Соғыс аяқтағаннан соң 1950 жылға дейін армия қатарында өзінің әскери міндетін атқарып жүрді. Аскерден елге оралған кезде омырауында «Қызыл жұлдыз» үш дәрежелі данк ордені және «Ерлік үшін» «Берлинді ағаны үшін» варшаваны азат еткені үшін тағыда басқа медалдарын тағып келді

Елге оралғаннан кейін көп кідірмей аэропортқа орналасып, сонда жұмысшы болып жүрді. 1954 жылы байланыс жүйесіне ауысты. Сол жылы отау құрды. 1960 жылы ауылындағы колхозшылар қатарына кірді .Кейін совхозға айналғанда, ондада көп жылдары енбек еттіп, мал шаруасымен айналысты. Қазіргі танда балалары ер жетіп отбасы құрып 20 – ның үстінде немере көріп 3 шөбере сүйді. Кейін балашағасының ортасында және немере шөбере сүйіп кейін балашағасының ортасында, солардың қызығын қызықтай жүріп, аталы шаңырақтың иесі болып атанды. 2007 жылы 82 жасқа қараған жылы дүниеден озды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.12.2019
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі