400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттар күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне арналған мерекелік шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш



кеш мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Сагидуллин Алиби Сайынұлына береміз.


жүргізуші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ән: «Ата әже» орындайтын қыздарыңыз Назгүл мен Айым

жүргізуші:
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар, дей келе ендігі сөз кезегін береміз.

жүргізуші: Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар деп сөз кезегін ауылымыздың қарттар кеңесінің мүшесі
Биржанов Қансұлтан атаға сөз береміз.

жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз
Жібек апайға сөз береміз.
жүргізуші: Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Би: қазақ би «Аққу» қыздар би ансамблі


Жүргізуші:Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден
Ізгілікті он бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім дей келе ардагер ұстаздарымызға арналады.

Ән: мектебім орындайтындар Мереке мен Мадина

жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады

«Қазақ биі» бір топ бишілер


жүргізуші: Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Ту
ған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.

Ән: ата әже әнімен Мереке мен Мадина қарсы алыңыздар


жүргізуші: Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын өмірің
би: «өзбек» биі
жүргізуші: Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар

Би: хатуба

жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Би: бишілер тобы

жүргізущі:Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі