«№7 мектеп – лицейі»
Сынып сағатыТақырыбы: «1 Қазан – Халықаралық қарттар күні»
Дайындаған: Сайынова Ә.Қ
2018 оқу жылы
Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынамМақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттарБарысы:І ҰйымдастыруІІ. Негізгі бөлімКөп жасаған қария,Ақылы теңіз-дария.Көп өнеге сөзі бар,Сөзі соқпақ, сөзі нәр.Ата салты ардақты,Әрбір сөзі салмақты.Сол сөздерді ұқпасаң,Тістерсің бір күн бармақты.Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 10-сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған
«Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!Көкіректен жыр төгілмей жата ма?Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,Кенеліп бір ілтипатты батаға. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі Аязбаев Жапбасбай атамыз және Жұбаназарова Ұлжан және Шәкірова Гүлжаһан әжеміз бүгін бізде қонақта.Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.І бөлім Ата-әжем мақтанышым ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймынІІІ бөлім Мен атамның жалғасымына/ Жұмбақ шешу:Айтары мол ғұлама,Көп жасаған бұл адам.Әкесі ол әкеңнің,Білер оны сұраған,Ол кім? (Ата)Аймалайды «Күнім»деп,Мейірімді жүзі күлім деп.«Тәтті-ақ» дейді немере,Бал шырындай үнің деп.Ол кім? (әже)І бөлім «Ата-әжем мақтанышым»Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер