ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫҚТАУ

Тақырып бойынша 12 материал табылды

ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫҚТАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!

Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Біз, әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.

Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.

Бүгінде ауданымызда 26 тыл ардагері және 2935 зейнет жасындағы абзал қарияларымыз бар.

Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Осыған орай ауданда "Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ жанынан ашылған "Белсенді ұзақ өмір сүру" бөлімшесі – зейнет жасындағы азаматтарға жан-жақты қолдау көрсететін орталыққа айналды. Бұл бөлімше 2024 жылдың 12 ақпанынан бері жұмыс істеп келеді және жыл сайын 800-ге жуық зейнеткерді қамтып отыр.

Бүгінгі күні 11 нысанда мәдени және спорттық бағыттағы үйірмелер — емдік дене шынықтыру (ЛФК), скандинавиялық жаяу жүру, массаж, хор, вокал, шахмат сынды іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл бағытта 16 маман халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Аталған бастама – аға буынның белсенді өмір сүруіне, қоғаммен тығыз байланыста болуына үлкен мүмкіндік беруде.

Құрметті Абзал ардагер ағалар, Қадірлі Асыл аналар!

Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.

Ақылы – дария, білімі – теңіз , өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.

Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы өздеріңіздей ақсақалдардың барында ел ішінде жөнсіз істер орын алмайтындығы белгілі. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2025
20
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі