Сценарий!
Жүргізуші:1 Армысыздар! Қадірменді
көпшілік. Жиналған құрметті қауым! Сіздерді
келіп жеткен 1 қазан қарттар күнімен және де
баршамыздың төл мерекеміз ұстаздар күнімен
құттықтаймыз.
Жүргізуші:2 Халықаралық
қарттар күні - бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің
қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл - жан дүниенің
жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген
құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет
көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі
белгі.
Жүргізуші:1 Халқымызда
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Ендеше
сол ұлағатты ізді жалғастыра отырып, біздің бүгінгі ардагер
ұстаздарымызды құттықтау үшін сөз кезегін колледжіміздің
директоры
Гүлчехра
Камалқызына береміз.
Жүргізуші:
2 Рақмет! Ерекше лебізіңізге! Әдемі лебізден кейін Осындағы
барша ардагер ұстаздарымызға колледжіміздің жалынды жастарының
атынан жүрек жарды ықылас -ілтипатын ұсынғымыз келіп
отыр.
Жүргізуші:
1 Бәрекелді! Рақмет! -Ұстаз ұлы тұлға, ұлағаттық тәрбиесін өз
перзенттерінен бөлек, өзгенің өзегінен жаралған ұрпаққа дәріптеу
кез-келгеннің қолынан келе бермейтін дүние. Көзді ашып-жұмғанша
қаншама ғұмырын артқа тастап, ұстаздық жолмен бейнет кешкен аға
ұстаз, ардагер ұстаздарымыз да ортамызда біршама. Колледжіміздің
бетке ұстар ардагер ұстаздарының ыстық лебізіне кезекті бергім
келіп отыр. (Слайд қойылып
тұрады)
Тілектерден
кейін ( Музыка жәй ырғақпен. Хадиша ана, әке әні) Сыйлықтар
тарту етіледі.
Жүргізуші:2 Осымен бүгінгі біздің
шағын ғана ардагер ұстаздарымызға арналған мерекелік іс-шарамыз
аяқталды. Уақыт бөліп, ортамыздан табылған барша жандарға алғысымыз
шексіз! Қош, сау болыңыздар!