Анықтама
Бастау бастауыш мектебінің бастауыш сынып
оқушылары 1 қазан қариялар күніне орай
«Қарттарым-асыл
қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырды.Мерекелік шарада
әннен де,биден де,тақпақтан да оқушылар өнерлерін
көрсетті.Итерактивті тақтадан оқушылармыз үйдегі ата-әжелеріне
көмектесетінін көрсетіп сурет пен видео ролик
жасады.
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер,
имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету
керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті
де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Мектепшілік шараға ауылымыздың қариялары және осы
мектепте қызымет жасаған ардагер ұстаз бен кіші қызыметкерлерде
қонаққа шақырылды.Жүре алмайтын ардагер ұстаз
Аманбаева Нина Александровнаны және Татияна
апайды елеусіз қалмасын деген мақсатпен оқушыларымызбен үйге барып
құттықтадық.
Ата-әжеге ән
арнау
Концерттен кейінгі
сәт
Шағын
дастархан
Оқушылармен бірге қол
өнер
Атадан немереге
үлгі
Татияна әжейді құттықтап
бардық
Тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам!» 1 қазан қариялар
күні
Мұғалімі: Искакова Аяжан
Ерболатовна
Күні: 01.10.2021 жыл
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер,
имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету
керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті
де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл
сөздер,гүлдер,итерактивті тақта,шарлар.
Барысы:
І.Кіріспе
сөз:
А)
Келген қонақтарды қарсы алу.
ІІ. Негізгі
бөлім:
Ә)
Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;
Б)
Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең
шумақтары;
В)
Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың
сұрақтары;
С)
Концерттік бағдарлама.
ІІІ.
Қорытынды.
Жүргізуші:
1-жүргізуші: Армысыз ауылымның
асылдары,
Жайналсын көңілдердің жасыл
бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен
би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты
аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай
құлпырған,
Біз
алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды
аталар! Ақ жаулықты аналар!
1- қазан қарттар күні мерекесі келіп жетті.
Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген
қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған
игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде
қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет
тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне,
еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы
ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді
қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен
мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-
апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас
қазына.
«Қазақ
биі»
2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын
қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен
арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың
ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік
қасиетімізді қалыптастыру көзделген.
Құттықтаймыз
мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің
бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш
етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл
мен қызың бағалар
Тақпақтар
Ән: «Әке
ана»
1-оқушы
Нұрасыл
Өміріңіз ұрпаққа өнеге
мың,
Тілейміз қуанышқа
бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып
отырыңыз,
Қылығына қуанып
немереңіз.
2-оқушы. Дария
Аман болсын
басыңыз,
Ағармасын
шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі
де,
Жүзге жетсін
жасыңыз
3-оқушы. Исмет
Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Ша
ішпесе, қоюлап.
4-оқушы: Виктория
Көп
жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
5-оқушы. Алимхан
Ата
отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!
6-оқушы.Эсмира
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім
жетпейді!
7-оқушы.Алмира
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
1-жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады
Той
деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Би «Қара жорға»
Слайд
Ән: «Ата әже»
2-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере
берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман
болып,
Қызығын бейбіт өмір көре
берсін.
1-жүргізуші: Алатаудай кейпі биік
қашанда,
Таң
сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр
қол,
Бір
биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден бата берулеріңізді
сұраймыз! (Бата).
1-жүргізуші: Бүгінгі «Қарттарын қадірлеген ел
ардақты» атты кешіміз осымен
аяқталды.
Жүргізуші. Құрметті
ата-әжелер сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй,
сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді
құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз
болсын!
Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Уақыт бөліп келгендеріңізге көп
рахмет.