400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым - асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттарым - асыл қазынам
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 30.09.2022 ж.

Тобы: «Балауса»

Тәрбиеші: Құлмағанбетова А.

Тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам»

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Түрі: Тәрбие сағаты

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Слайд, бейне көрініс

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, тәрбие сағатының мазмұнын түсіндіру

ІІ. Кіріспе: Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Бірінші қазан  қарттар мерекесі күні құтты болсын демекшіміз.

Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің.

ІІІ. Негізгі бөлім: Ортамызда жүрген қарияларымыздың келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
     Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.



Жұмбақ шешейік:

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?
(ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
(әже)

Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.Өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.

Оқушылар:

1)Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.

2)Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.

ІV. Қорытынды: 

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Қарт кісілерді сыйлаңдар, қадірлеңдер! 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі