Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым - асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттарым - асыл қазынам
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі- өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер

Жүрісі

І.Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе сөз

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 28 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырғы ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады. Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі біздің мерекелік кешке қош келдіңіздер!

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!- дей отырып әдемі әнге кезек береміз
Ән «Әкешім»

Жүргізуші:

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз.Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Бүгін сыныбымызда сіздермен сырласу өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші:

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Бүгінгі кездесуімізді қонақтарға сұрақ қою арқылы жалғастырсақ.

Жас кездеріңізде қандай қызықтар мен қиындықтар болды?

Мектеп қабырғасында болған ерекше есте қалған жағдайлар бар ма?

Отбасын құру, отбасы болу қиындықтары болды ма?

Өмірлік серігіңізді қалай таптыңыз?

Қазірде қанша балаңыз, қанша немере-шөберелеріңіз бар, қызығын айтып, мақтанып өтсеңіздер.

Туған жер сізге несімен ыстық?

Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба? Төбелесіп көрдіңіз бе?

Жарыңыздың қандай қасиеті ұнайды?

Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?

Алғашқы ұстазыңыз кім еді?

Мектепте қай пәнді сүйіп оқыдыңыз?

Ән салып беріңізші

Матембаева М. “Ана” - Ақжібек

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Би «Қара жорға».

Жүргізуші:

Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса .......

Сұрақтар :

1.Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?

2. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?

3. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?

4. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?

Көркем сөз. «Әке» оқитын Назым

Енді сіздерге «Тығырықтан шығу» деп аталатын жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.

1. Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

2. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.Сіз не істейсіз?

3. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

4.  Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

5.  «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?

Жүргізуші:

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ –ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Олай болса біз ендігі кезекті мақал-мәтелдерге берсек.

Жүргізуші:

Қымбатты да, қадірлі қариялар!

Ақылы асқан дариялар! Қазіргі уақытта немере мен шөберенің қызығын қызықтап отырған асыл жандар. Алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, әжелік, аталық асыл бақыт тілейміз. Немерелеріңіздің қызығын қызықтап осындай сұлу қалыптарыңыздан танбаңыздар дегіміз келеді.

Оқушы:

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Оқушы:

Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
.



Оқушы:

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін

Жүргізуші:

«Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші  ата-әжелер бата, ізгі ниет-тілектеріңіз болса,сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Жүргізуші:

Смайликтер арқылы алған әсерлеріңізді, көңіл – күйлеріңізді көрсетсеңіздер.

Жүргізуші:

Сіздерге арналған сыйлықтарымыз бар. Қабыл алыңыздар! Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!!!















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12