400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қарттарым - асыл қазынам" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға тәрбиелік мәні бар
Материалдың қысқаша нұсқасы




С.Лапин атындағы №261 орта мектеп





Shape1





Shape2









Уақыты: 28.09.2018 жыл

Сыныбы: 2 «З» сыныбы

Сынып жетекшісі: Ембергенова Г.Т.






2018-2019 оқу жылы

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.


1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

2- жүргізуші: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1- жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар  бөліміне құлақ түрелік.

1-оқушы. Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы:  Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

3-оқушы. Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

4-оқушы. Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

5-оқушы. Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

6-оқушы. Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

7-оқушы.Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

8-оқушы.Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

9-оқушы.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.

10-оқушы. Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

2-Жүгізуші: Көрініс «карт пен немере»

Бірде бір кісінің қарт әкесі, жұбайы мен баласы болады. Қарт кісі кәріліктен қолдары дірілдеп алдына қойылған табақшадағы тамағын төгіп алып, ыдысты байқаусызда сындырып алады. Оған ашулы көзбен қараған келіні келесіде қартты бөлек отырғыздырды. Ал баласы сынбас үшін тамақты ағаш тостаққа салып апарып береді. Оны көрген қарттың немересі бір ағаш тауып әкеп жона бастайды. Әкесі таңырқап: Балам, сен не істеп отырсың? - деп сұрағанда, баласы: «Әке! Ертең сіз қартайғанда тамақ салуға сынбайтын ыдыс жасап отырмын» - деп жауап қатады. Оны естігенде бұл сөз әке жүрегіне қатты тиіп, абдырап қалады. Артынан өзінің қарт әкесіне жасаған зұлымдығын дереу түсініп, қайтадан өздерімен бірге ас құйып, бір дастарханда отыратын болады.

 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

1-Жүгізуші:  Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

2-Жүгізуші:  Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы ұлттық асиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді.

 1-Жүгізуші:  Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

№261 мектебінде оқып жатқан

Жеткіншектер өнерлі біз боламыз.

«Қамажай» биін қарсы алыңыздар!!!


2-Жүргізуші. Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.Ата-әжелерден бата сұрасақ:

 2-Жүргізуші. Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз. 

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейірі күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

1- Жүргізуші. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

  1. Жүргізуші. Хор «Асыл әжем»

1.Жүргізуші . Сөз кезегі директордың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Қырқынбаева Ләзат Сәйдіқызына беріледі.

1-Жүргізуші. Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.Ата-әжелерден бата сұрасақ:

1-жүргізуші. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет!

































1-оқушы. Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.


2-оқушы:  Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.


3-оқушы. Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.


4-оқушы. Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем


5-оқушы. Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.


6-оқушы. Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен





7-оқушы.Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.


8-оқушы.Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.


9-оқушы.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.


10-оқушы. Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
4145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі