400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым -асыл қазынам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне орай өткізілген тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Тәрбие сағаты


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Байдуллина З.С.

Күні:

30.09.2024ж

Сынып: 2 «Е»

Қатысушылар саны 37

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қарттарым асыл қазынам


Оқу мақсаттары

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіреді,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиеленеді.

Құндылықтарды дарыту

Үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Бастал

уы

 Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)


Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз

Сұрақтарға жауап береді




Ортасы

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне, өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.


Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.

Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.


Ата – анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ

Әке – асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,

Қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеде не қымбат?

Не қатты?

Не тәтті?

Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші?


Балалар жауабы тыңдалады.

Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?


Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

6-оқушы: Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.

7-оқушы: Кәрі келсе асқа,

Жас келсе іске.



































Сұрақтарға жауап береді













































































Аяқталуы


«Бабаларым, рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Үйге тапсырма: Ата-әже туралы эссе жазу








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.06.2025
158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі