Қарттарым – асыл қазынам! 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарттарым – асыл қазынам! 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне орай жасалған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы




53 мектеп-лицей













ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: Жол ережелері

Сыныбы: 5 В

Күні: 10.09.18 ж.

Сынып жетекшісі: Кусепова Г.Т.














2018-2019 оқу жылы




Тәрбие сағатының тақырыбы

Қарттарым – асыл қазынам

Тәрбие сағатының арқауы

Қарттар күні

Күні: 24.09.18

Сыныбы:

5 В

Сынып жетекшісі: Кусепова Г.Т.

Мақсаты:

Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру

Кешенді міндеттері

Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту

Үлкен кісілерді құрметтеуге шақыру

Ресімдеу

Ой қозғау сұрақтары

Үлестірмелі материалдар

Нақыл сөздер

Тәрбие сағатының кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Тәрбие сағатының басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Мотивация

«Интеллект картасы»

«Қарттар күнін» қалай түсінесің?

Әрбір елде, әрбір үйде қарттар бар. Қарттарды қалай қадірлеу керек екенін білеміз бе?

Мемлекетіміздегі қарттардың елімізге сіңірген еңбегі зор. Сіздер өз көмектерінді қарияларға қалай көрсетесіздер?

Оқушылардың ойын тыңдау.








Миға шабуыл сұрақтары

Мұғалім сөзі

Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Тәрбие сағатының барысы


Практикаға бағдарланған бөлім

«Жағдаяттан шығу жолдары»

  • Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?

  • Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

  • Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?

  • Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?

  • Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

  • Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?

Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасау.

Жағдаят парақшалар

Қорытынды

Рефлексия


« Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.


Зерттеу әдістері:

Қазіргі таңда «Қарттар үйінің» пайда болу себебі неде?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
940
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі