400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Қарттарым аман жүрсінші

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты


Класс


Сабақтың тақырыбы:

Қарттарым аман жүрсінші

Күні:


Оқушы саны: 24

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Суреттер,нақыл сөздер,мақалдар,өлеңдер,бейнематериал «Өлең сөздің патшасы»

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды қарияларды сыйлауға ,құрметтеуге үйрету.


Сабақ кезеңдері


Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Picture 2 .

-Ата,апа деп кімдерді айтамыз?

- Өз ата-әжеңді сипатта...

Сабақтың ортасы

30 мин

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін колледжімізде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам » атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін колледжіміздің директоры Ахметов Болатбек ағайға береміз.

Ата-әжем мақтанышым 

Оқушылар өз ата –әжелері туралы әңгімелейді.

Мақсаттың орындауын да күй

Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)

Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек.

Қазір таңдағы жастар қарттарды құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды

 қалай құрметтейсің?
Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па?
Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды.
Сіз не істер едіңіз?
Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің?
Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?
Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?

Қарттарым аман жүрсінші

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.

Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.

Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.

Сондықтан ата-әжелеріміз аман болсын.Арамызда бас ие,басшы,ақылшы болып жүре берсін.

Сабақтың соңы

5 мин

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.06.2024
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі