400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Қарттарым аман-сау жүрші /сынып сағаты/

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қарттарым аман-сау жүрші
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:                                

   І Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылар назарын сабаққа бұру

2.ҚР мемлекеттік Әнұранын айту

ІІ. Қызығушылығын ояту

Оқушылар ,сендерге жұмбақ жасырамын сол жұмбақты шешу арқылы біздер сынып сағатымызды жалғастырамыз. 
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімдіжүзікүлімдеп.
«Тәтті-ақ» дейдінемере,
Бал шырындайүніңдеп.
Олкім?    (әже)
ІІІ. Негізгі бөлім:

-Балалар 1 қазан қандай күн?Иә, дұрыс айтасыңдар, 1 қазан Қарттар күні екен.
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол
сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің
бір күн бармақты.
Қазіргі
кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отандеп, тынымсыз еңбектері мен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
 Қарттарды
құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәнімен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланыңата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бірсәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт
кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әркезде де бақытты. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамытабереді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.

Әжелер туралы мәлімет беру. Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы, аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқанана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жас өспірімді тәрбиелейді.
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немереніңбойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туғанбалаңжайғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.

ІV. Қорытынды:
«Немере» екентәттіекен.

Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызы ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!



Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ









Сынып сағаты

Қарттарым аман-сау жүрші
1-сынып





Өткізген: Отебаева А.С.

















2018-2019 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
1962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі