Материалдар / "Қарттарым-аслы қазынам" бірыңғай тәрбие сағатының сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қарттарым-аслы қазынам" бірыңғай тәрбие сағатының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында өтетін бірыңғай тәрбие сағатының ҚМЖ ТІЖО және сынып жетекшілерге көмек ретінде қолдану үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2024
119
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының

«Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағатының сценариі

2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы:  «Қарттарым – асыл қазынам»

Мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, адамгершілікке, тұлға болып қалыптасуға ықпал ету;

құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру.

Құндылықтар: тәуелсіздік және отаншылдық

Барысы

Құзыреттер:

ұлттық мүддені ілгерілету;

тиімді қарым-қатынас және басқалармен ынтымақтастық орнату;

Фанфар дауысы.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бірыңғай тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының «Қарттарым – асыл қазынам» бірыңғай тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.)

1-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатының құрметті қонақтары:

Қош келдіңіздер!

2-жүргізуші Алғашқы сөз беріледі. (Сөз)

1-жүргізуші:  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.

2-жүргізуші:

Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

2024 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі алты құндылықтары енгізілді.Құндылықтарды насихаттау мақсатында оқу жылы барысында әр ай сайын бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізу жолға қойылды. Бүгін екінші тәрбие сағатында кездесіп отырмыз.

Ортаға оқушылар шығып, өлеңдер оқиды.

Тақпақтар: 4 – сынып оқушылары


Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.


Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.


Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман — есен жүр әжем. 


Айша

Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.


Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін

Ақбаян

Жұрттың бәрі мақтаған,
Менің атам жақсы адам.
Сыйлайды оны көршілер,
Құрметтейді ақ мамам.
Мен де жақсы көремін,
Екі етпеймін дегенін.
Көмектесем киінсе,
Таяғын ап беремін.
Айтып қызық ертегі,
Домбырасын шертеді.
Шыға қалса көшеге,
Мені-дағы ертеді.
Үйде тыныш жатпайды,
Бақты күтіп баптайды.
Қолындағы тәттіні
Маған арнап сақтайды.


2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, сіздермен бірге тапсырмалар орындаймыз.

2.Тыйым сөздерді аяқтаңыздар:

Бос бесікті ... (тербетпе)

Нанды бір қолмен ... (үзбе)

Жағыңды ... (таянба)

Су шашып ... (ойнама)

Пышақты шалқасынан ... (қойма)

Бас киіммен ... (ойнама)

Адамды .... (айналма)

Малды .. (теппе)

Отпен ... (ойнама)

Қазақтың құнды өсиеттері

3.Үш тәттіні атаңыздар:

Жан тәтті

Жар тәтті

Мал тәтті

4.Үш арсызды атаңыздар:

  1. Ұйқы арсыз

  2. Күлкі арсыз

  3. Тамақ арсыз

5.Жеті қазынаны атаңыздар:

  1. ер жігіт;

  2. сұлу әйел;

  3. құмай тазы;

  4. берен мылтық;

  5. жүйрік ат;

  6. ақыл-білім;

  7. қыран бүркіт.

6.Жеті ата, ата-бабаны атаңыздар:

  1. Жеті ата

  2. Түп ата

  3. Тек ата

  4. Баба

  5. Арғы ата

  6. Ата

  7. Әке

1-жүргізуші: Қандай керемет! Жауаптарыңызға рақмет! Бүгінгі оқушылар, сіздер Тәуелсіз елімізді биік белестерге жетелейтін жас өренсіздер.

2-жүргізуші: Отанымыздың болашағы сіздердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуларыңызға байланысты. Сіздерге үлкен жауапкершілік артылатынын ұмытпаңыздар.

Топтық жұмыс. Постер қорғау. /3 минут беріледі/

1-топ «Нағыз қазақ әжесінің бейнесі»

2-топ «Нағыз қазақ атасының бейнесі»

3-топ «Қарттарым-асыл қазынам» жақсы тілектер

Оқушылар топтық жұмыс жасап жатқанда би орындалады.

Ән «Сарыжайлау» «Шабыт» би тобының орындауында қазақша би

Топтар жұмыстарын қорғайды.

1-жүргізуші:

Дана халқымыз бала тәрбиесіне баса назар аударған. Өскелең ұрпақтың бойында құндылықтарды қалыптастыруды маңызды міндет деп санаған.

Назарларыңызға бейнеролик ұсынамыз.

Видео.

https://youtu.be/HVPcsYXifuA?si=E7mxa0ki1CzMJIXZ


2-жүргізуші:

Көрсетілген бейнероликте қандай құндылықтар туралы айтылды. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

(Залдағы оқушылар ойларын айтады)

1-жүргізуші: Дұрыс айтасыздар, балалар. Бейнероиктер бала тәрбиесінің маңызды құндылық екендігі айтылған. Отбасында қарттарға құрмет көрсетудің маңызы айтылған.


2-жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз.

Құрметті аға буын өкілдері, Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.


1-жүргізуші:    

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!


Ән «Әжетайым»


2-жүргізуші:   

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер нұр шашарда

Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз!  

(Бата).

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады.

Жарқын болашақтың кілтін іздеген оқушыларымызға білімді, озық ойлы адал азамат болсын деп тілек білдіреміз.

Қонақтардың қорытынды сөзі.

1-жүргізуші:  

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия бойынша «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағаты аяқталды. Мерекелі күндерде келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!


Соңы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!