400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым асыл казынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Улкенге құрмет кішіге ізет!
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін.

Тәрбие ісі жөніндегі

Орынбасары Аймурзина Г.А









«Қарттарым –асыл қазынам»

Сынып жетекші:Кенжебай Р.М





















2023-2024 оқу жылы



Сынып жетекшінің аты-жөні

Кенжебай Р.М

Күні:

02.10.2023

Сынып: 6 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Қарттарым –асыл қазынам»

Құндылығы

Бала тәрбиесіндегі қарттардың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынастың маңыздылығын, ата- әжеміздің құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату және де білуге, жаңаны тануға құштар болу;



Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


- 1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағатына
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 - қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің зейнеткер ұстазы химия пәнінен және тәрбие бөлімінің жетекшісі болған Райса Сұлтановна апайымызға сөз кезегін береміз.

1.Поэзия минуты.

Әр отбасында ата-әжеміздің орыны бөлек. Атадан әкеден ақыл, Әжеден, анадан мейірім алады. Ата – шаңырақ иесі.. Аже–отбасының ұйытқысы.

Балалардың асыл-әжем туралы өлеңдері (хор)

2. Ойын: «Біз екеуміз бірге…»

Бұл ойында бала ата- әжемімен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

3.Қариялар өсиеті:

4. Оқушыларға арналған жағдайларды талдау:

Ата-әженді мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

Сенің досың – шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-әжен «Досына қарап өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

Ата- әжен сапарға кетер алдында «Балам, менің бүгін сапарым 2-3 күнге созылмақ кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып,бауырларына бас көз бол, ата-ананды тында .»– деп кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап, дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 

IХ. «Менің отбасымдағы дәстүрлер» топтастыру.

Бауырласқан жанымыз

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз, - дегендей әр отбасында жақсы дәстүрлер сақталған. Соларды топтастырып жазсаңдар


Интер белсенді тақта

Қоры

тынды

10 мин


Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Оның ішінде ата-әженнің орны ерекше. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетедіАта-әжесінің кішкентай құлыншағы болып, еркелеп өседі.Қарты бар үйдің берекесі бар дейді сондықтан ата-әжелерімізді құрметтейік!

Бата

Бата менен ел - көгерер,жаңбыр менен жер- көгерер деп

ардақты асыл-әжелеріміздің оқушыларға деген батасы.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.11.2023
347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі