Қарттарым асыл қазынам.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарттарым асыл қазынам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты мақсаты оқушыларға қазынамыз қарттарымызды құрметтеуғе,шәкірттері үшін тер төккн ардагер ұстаздарды ұлықтауға тәрбиелеу.Ардагер ұстаздарды сыныбымызға қонаққа шақырып балалардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап алу.Сабақ барысында балалардың өздері дайындаған ән-шашуын тарту ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қарттарым , асыл қазынам»

Мақсаты: Даналық ұғымдар, мақал-мателдер, нақыл сөз , салт - дәстүрлерді дәріптеуге ,оқушылардың өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру , патриоттық тәрбие беру .

Атаның қасиетті сөздерінен бастау алып,халқымыздың әдет-ғұрыпын , салт-дәстүрін, тарихын біліп, бүгініміз бен келешегіміздің мән-мағынасын оқушыларға ұғындыру.

Көрнекіліктері:Слайд,видео ролик, қанатты сөздер, гүлдер шарлар,

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, дана қариялар, ұстаздар!

1 қазан халықаралық қарттаркүні мерекелеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі 4 «А» сынып оқушылары дайындаған «Қарттарым, асыл қазынам атты » атты кездесуімізге қош келдіңіздер!

Келесі сөз кезегі оқушыларда .

1.Жүргізуші:Ақжол Өмірбек .

2Жүргізуші:Ашықбаева Нұрайым

Ақжол- Арма –ағайын ,ұстаздар,оқушылар,студия қонақтары. «Сіз бен Біз» бағдарламасына қош келдіңіздер.

Неткен шіркін уақыт десеңші кешегі халық үшін тер төгіп келешек ұрпағы үшін игі іс жасаған,қарияларымызды қадірлеп,құрмет тұтамыз.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа таусылмас қазына.

Ауылыңның маңында төбе болса,

Ерттеулі тұрған атпен тең.

Ауылыңда ақылгөй қария болса ,

Жазып қойған хатпен тең –демекші,Бүгінгі бағдарламамызды «Қарттарым, асыл қазынам»атты тақырыпта өрбітпекпіз

Бағдарлама жүргізушілері:Нұрайым Ашықбаева.Және мен

Өмірбек Ақжол.

Нұрайым: - Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі –оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі.Ендеше осындай өрелі іс атқарып,талай шәкіртті қияға қанаттандыр-ған. Бүгінде әр шәкіртінің шыққан биігіне масаттанып,шын ниеттес болып,үйде тақымын қысып отырған.Үлгілі ұстаз-дар қауымын ортамызға шақырып отырмыз.Етене жақын әңгімелесіп бір емес екі бірдей мерекелерімен құттықтап ақ баталарын арқалап қайтпақпыз.Сонымен ортамызға Ақ жаулықты ана ,аяулы әжелер,ұлағатты ұстаздар Ермек Мырзабекова апа,Нұғаным Смағуловна,және Ақмарал Ах-метовна апаларымызға қошемет корсетіп қояйық.

Ақжол:Алдымен мына слайдқа назар аудара отырайық.Бұл слайдта қарашаңырақ М.П Русаков атындағы мектепте талай жыл маңдай тер төккен ұстаздардан хабар-дар етеді.( слайд көрсетіледі).

Нұрайым Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса ,бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Қазақ қариясын сыйлаған халық.Қарияның батасынсыз,даналығынсыз,қазақ қоғамында қордалы байламдаржасалыпіс басталмаған.атам заманнан келе жатқан игі дәстүр бұл.Ақсақалды қарттарды ел сыйлап қадір тұтқан..

Ақжол: Ендігі кезекті кешіміздің қонақтарына сөз тізгінін ұсына отырып азды-көпті сауалдарымызға жауап алып,көкейімізге туйген сұрақтарымызды қоя отырсақ.

Ермек апа:1 Өзіңіз жайлы ақпаратты толықтыра кетсеңіз,

2.Қасиетіне бас иер ұстаз деген ұлы есімге неше жасыңызда қол жеткіздіңіз?

3.Неше жыл қарашаңырақта еңбек еттіңіз?

4.Отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз.?

5.Бүгінде сонау еңбек еткен,от жылдарыңыз, қайтып келмес өткен шақтарға сағынышпен көз жүгіртесізбе?

6. Қаншалықты сағынасыз өткенді?

Рақмет апа қартаймаңыз жүз жасаңыз.Шәкірттеріңіз биіктен көрініп сізді әрқашан тек қуанышты сәттерімен бөлісісіп жүрсін.Аман болыңыз апа.

Нұрайым:Менің сұрағым кешімізге көрік беріп көктемдей құлпырып отырған Нұрғаным Смағұловнаға арналмақ.Амансызба апа .

1.Балалық шағыңыз жайлы қызықты әңгімелеріңізді ортаға сала отырсаңыз.

2.Өзіңізге сабақ берген ұлағатты ұстаздарыңызды есіңізге түсіре отырсаңыз.

3.Өзіңіз оқушы болған кезге,және оқытушы болған кезге,

саяхат жасап көрсеңіз.

4.Апа қазырғы оқу жүйесіне көңіліңіз толама.бұрынғы оқу қандай болған еді

5. Еңбек ету жайлы,біраз ақыл кеңес айта кетсеңіз,Бұрын барлығы қыруар еңбекпен келді,Ал қазыр басқаша.Қазырғы балалар жалқау,енжар болып кеткен жоқпа,Өзіңіздің сыни көзқарасыңыз.

Рахмет апа Алланың нұры жаусын. Ғасыр жасаңыз.

Ақжол:Аяулы қария ұстаздарымыздың құрметіне қабыл алыңыздар.

Ән. «Қыздар ай» тобының орындауында

Ақжол. Рахмет қыздар осы апаларымыздай ұлағатты ұстаз болыңдар.

Мен келесі әңгімемді Ақмарал Ахметовнамен байланысты болмақ.Армысыз Ақмарал апа.

1.Алғаш ұстаз болған сәтіңізді көз алдыңызға келтіріп көріңізші.Алғашқы оқушыларыңыз әлі есіңіздема.Аттарын еске түсіріп көріңізші?

2.Осы мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба,Ата –анаңыз жай-лы айта отырсаңыз,балалық шағыңыз қалай өтті,Қай жақта өтті?.

3.Отбасыңызда өз ісіңізді жалғасырып ұстаз болған жан барма.көңіліңіз толама?

4. Арқа көз жүгіртсек.Есте қалған қызықты естеліктен айта отырсаңыз?

5.Соңыңыздан ілесіп келе жаткан немере шөбере шәкірттеріңізге ақ тілегіңіз?

Көп рахмет аналар көнекөз қариялар,студиямызға кеп ақ жарма тілектеріңізді ақтарып, ой-бөлісіп,сұхбат беріп мерейімізді асқақтатып тастағандарыңызға.Енді студиямыз-дың көрермендеріне кезек бере отырсақ.Сіздерге арналған ақ тілегі,өлең жырлары болса бөлісе отырсын.

Жанел:

Мен қарапайым қарттарды сүйем.

Не деген керім еді.

Не біледі осы жұрт не біледі.

Бабалардың баласы қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Қанекей нелерің бар аталарым

Ұрпағыңа ұран ғып апарамын

Сенімдеріңді ақтаймын ақтаймын да

Сендердің мұрагерің атанамын.

Қарттар бізді тастайды ау күйінерім.

Ой,өмір ай неғылған қиын едің.

Сондықтан садақ болп иілемін.

Сауыт болам тек қана киіне біл.

Фариза:

Сілтейтұғын болашаққа бағытты

Білгір ұстаз тасты тілмен жарыпты

Жылы жүрек ықылас лебізімен

Тәрбиелеген баршамызды халықты.

Сан ілімді меңгерткен санасына

Жақын ұстаз әр адам баласына

Сабырлы салиқалы ұстаздарды

Кім теңемес дейсің ау анасына

Ұлағатты ұлы адам ұстаз деген

Ұлыларда санасқан ұстазбенен

Білмегенін үйреткен әр шәкіртке

Ұлы тұлға кім десе ұстаз дер ем

Жүрегіме тың ойлар шабыт берген

Қасқа жолды халыққа салып берген

Біле білсек айтарым ұстаз болар

Қазақты қайта өмірге алып келген.

Нұрайым:Рахмет өнерлеріңіз өрге жүзсін.

Құрметті қариялар,сіздер қандай құрметке болмасын лайық-сыздар.Еліміздің ертеңі болшақтың қолында .Ал сол бола-шақты қалыптастыруға сіздердің үлкен еңбектеріңіз сіңген талай түндерді ұйқысыз өткізіп,өз үлестеріңізді шектеусіз қоса білдіңіздер.

Кімде кімнің үйінде қарты болса атасы-апасы секілді мыз-ғымас қамалы болса онда ол үйдің құты артып берекесі мо-лаяды деген екен.

Ақжол. Солай әріптес әркімнің уйінде алынбас қамалы ақ жаулықты әже,ақсақалды атамыз ақ батасын беріп солар-дың тілеуін тілеп отырса нұр үстіне нұр емеспе.Алайда бізді алаңдатып қарттарымыздың көңіліне қаяу түсіретін жайттар да жоқ емес. Ендеше мына бейне таспаға назар аударайық-шы.( 2минуттық бейне таспа Қарттар үйі жайлы).

Міне көпшілік қауым мына бейне таспадан не жайлы ай-тылған (балалар түсінгенін айтады).

Ия дұрыс айтасыздар елімізде қарттар үйі деген жайт ра-сында да белең алып тұрған мәселе.Атаңа не жасасаң алды-ңа сол келеді. Сондықтан да өз қазынамызды аялайық.Ертең бізде қарт боламыз.

Нұрайым: Құрметті студия қонақтары сіздердің құрмет-теріңізге «Қыздар-ай » тобы тағы да бір ән шашу тарту етеді.Қабыл алыңыздар

Ән: «Қыздар-ай»тобы

Ақжол: Бүгінгі СІЗ бен БІЗ бағдарламасына арнайы келіп сұқбат беріп ой-пікірлерін ортаға салған қарттары-мызға бас иіп рахмет айтамыз. Бүгінгі бағдарламаны осы осы апаларымыздың ақ батасымен аяқтауды жөн көрдік.

Нұрайым: Рақмет сіздерге Алланың назарында. Бақыттың базарында болыңыздар.

Екі жүргізуші бірге: КЕЛЕСІ БАҒДАРЛАМАДА КЕЗДЕС-КЕНШЕ КҮН ЖАҚСЫ.АМАН САУ БОЛЫҢЫЗДАР.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар мереке құтты болсын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. 4 «А» сынып оқушылары-ның бүгінгі дайындамасы осымен тәмәм.Қарттарымыз аман сау болсын. Балаларымызбен әдемі сұқбат жүргізген,Келіп баршамызды қуанышқа бөлеген Ұлағатты ұстаздарымыз сіздерге көп рақмет.Бала-шағаларыңыздың қызығын көріп немереден шөбере сүйіп шөпшектеріңіздің қолынан су ішуді аллам нәсіп етсін.Аман сау болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
478
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі