Материалдар / Қарттарым-Асыл Қазынам!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарттарым-Асыл Қазынам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне арналған тәрбие сағатының сабақ жоспары.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Мектеп: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ

Тәрбиешінің аты-жөні: Дайрбаева А.К.

Мерзімі:26.09.2024

Топ: 3

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:3

Тәрбиешілік сағатының тақырыбы:

«Қарттарым – асыл қазынам!».

Оқу мақсаты:

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Кәсіби даму мақсаты

Тәрбиеленушілердің бойында топтық тренингтер қолдану арқылы достық қарым-қатынас құру қабілетін дамыту.

Құндылықтарды дарыту:




Осы тақырыпта бойынша білімдерін жетілдіріп, ой пікірлерін дамыту ұлы адамдардың даналық сөздері арқылы ойлау қабілеттерін дамыту және адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байлааныс

Тәрбие сағаты психология, әдебиет, тарих пәндерімен байланыста.

Өткізілу формасы

Тренинг

Күтілетін нәтиже

Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Қайырымдылық тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Тәрбиешілік сағатының өту барысы

Тәрбиешілік сағатының жоспарлы кезеңдері (уақыты көрсетіледі)

Тәрбиешілік сағатында орындалатын іс-әрекеттер


Ресурстар




3 минут






















10 минут
























5 минут











Сәлемдесу.

Тренинг арқылы топқа бөліп алу. Ол үшін оқушылар стикерге жазылған қайырымдылық,қамқорлық,жақсылық тақырыптарын таңдап алады.

І топ. «Қайырымды»

ІІ топ. «Жақсылық»

ІІІ топ. «Қамқорлық»

Психологиялық сәт.

Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 3 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады.

Ой қозғау: Жоғарғы және төменгі дәрежелі сұрақтар қойылады.

Қазына деген не?

Отбасындағы ең қадірлі адамдар кімдер?

Қарты бар үйдің қазынасы бар” деп неге айтамыз, сен оны қалай түсінесің?

Ата мен әжеден қандай тәрбие аламыз?

Балалар, қазір назарларыңа шағын слайд ұсынамыз.

Тәрбие сағатының мақсаты мен сабақ барысын, күтілетін нәтижесін айтып өту.

І тур.Жағдаят(ситуация). Әр топқа шағын слайд көрсетіледі.Сол бойынша жағдаятты баяндау

1 Қайырымдылық тамшысы. (Автобустағы жағдай)

2. Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі)

3. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер»не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады?(Қарттар үйіндегі жағдай)

ІІ тур. «Кім ұтқыр?». Әр топ қайырымдылық,сыйластық,сыпайылық туралы мақал,нақыл сөздер,әңгіме айтады.(Қағазды суыру арқылы тақырып таңдайды.)

Қорытындылау.

«Ата-ана ақысы»фильмнен үзінді көрсету.(киноны көру арқылы сыни ойлап,постер жазажы)

ІІІ тур. Постер құрау.

1 топ. «Қайырымдылық»

2 топ. «Қайырымды істер»

3 топ. «Менің қайырымдылыққа қосар үлесім» тақырыптарына әр топ постер жазады.

Интербелсенді тақта, флипчарт, фломастерлер,стикерлер

Тәрбиелік сағатының кері байланысы


2 минут


Оқушылар матаға жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.

Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!


Жалпы бағалау:

Тәрбиешілік сағаттың қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болды ма, ойланыңыз

1:


2:



Тәрбиешілік сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1:




2:





Тәрбиешілік сағат барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі кураторлық сағатта неге баса назар аударылу қажет?

1:




2:









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!