Тақырыбы: «Қарттарым-асыл қазынам!»
Мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесу ,сұрақ-жауап, тақпақтар айтқызу, жапсыру жұмыстарын орындау.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Тәрбиеші:
-Балалар, қанекей бәріміз шеңберіне тұра қалайықшы.
Шаттық шеңбері:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар рахмет. Енді орнымызға жайғасайық.
Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, алдымен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.
Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
Күз мезгілінде қанша ай бар? (үш ай бар)
Атайықшы? (Қыркүйек, Қазан, Қараша)
Дұрыс айтыңдар.
Енді осы қыркүйек айында қандай мерекелер болады? (Білім күн)
Жарайсыңдар.
Ал қазан айында қандай мерекелер бар білесіңдер ме? (Ұстаздар күні, Республика күні)
Дұрыс айтасыңдар.
Қазан айында бұл мерекелерден басқа тағы да мерекелер бар.
Ол 1-қазан қарттар күні.
Сондықтан бүгін ата жолын жалғап келе жатқан ақсақал аталарымыз бен әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкесінің
Білер оны сұраған
Ол кім (Ата)
Аймалайды «Күнім» деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп
«Тәтті –ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп
Ол кім? (Әже)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? қарттар деп атаймыз.
Дұрыс айтасыңдар ,балалар — «Ақылды қария-ағып жатқан дария» деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса, біз соның жапырағымыз. Адам өмірдегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық,мейрімділк,түсіністік,сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта білуіміз керек.
Ендеше бірінші хат:
1.Қариялар – ақылды дариялар. Сіздер оларға құрмет көрсетесіз бе? Өзіңдеріңіз қарттарды қалай құрметтейсіз?
Балалар жауабы:
-Иә біз оларды сыйлаймыз, айтқандарын тыңдаймыз, жол береміз, құрмет тұтамыз.
Екінші хат:
2. Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Сен не істер едің?
Балалар жауабы:
-Барып сөмкелерін алып көмектесемін.
Үшінші хат:
3. Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Сен неғыласың?
Балалар жауабы:
-Амандасамын, хал-жағдайын сұраймын.
Балалар ата-әже туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Аянат: Менің әжем, жыр
әжем,
Шуағы мол нұр
әжем.
Ақ таяққа
сүйеніп,
Аман - есен жүр
әжем.
Расул: Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үкен сый бар біздерге,
Өзің берген батадан.
Жарайсыңдар балалар, өте жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.
Суреттер бойынша әңгіме.
Тәрбиеші:
-Дұрыс айтасыздар, сіздерді үнемі еркелетіп жүретін аталарың мен әжелерің. Бүгінгі мере- ке сол қарттарымызға арналған. Ендеше мына тақтадағы суретке назар аударыңыздар. Суретте кімдер бар? Төрде кім отыр, немен шұғылданып жатыр? Сол туралы айтып, әңгімелеп беріңіздер.
Сурет: «Отбасы мүшелері»
(тақтаға дастархан басына жиналған отбасы мүшелері суреті ілінеді)
Балалар әңгіме құрастырады.
Балалар шаршаған шығарсыңдар, ортаға шығып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ , (Екі қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керілер, (Қол ұстасып шегініп,шеңберді кеңейтеді)
Уықтары шаншылып, (Қолдарын сәл алға соза көтереді)
Өрімдей болып өрілер, (Білезік буындарын айналдырады)
Бәріміз жүрсек айналып, (Қол ұстасып шеңбер бойымен айналады)
Киіз үй болып көрінер. (Бөлініп киіз үй болып тұра қалады)
Ойын: «Кім жоқ?»
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау
қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап,
жасырынған отбасы мүшесін
табу.
(Балалардың жауаптары)
Тәрбиеші:
-Тамаша, енді оқу іс-әрекетімізді жапсыру жұмыстарымен жалғастырайық. Алдарыңызға назар аударыңыздар, алдарыңызда ақ парақ бетінде өсіп тұрған ағаш бейнеленген, сол ағаштың әр бұтағына қазір біз, алдын ала өзіміз дайындап қойған отбасы мүшелеріміздің суреттерін жапсырамыз. Сіздердің отбастарыңда жайқалып бір өскен ағаштай сондықтан ағаштың ең жоғарысына отбасындағы үлкен адамымызды жапсырып, әрі қарай жас шамасына, отбасында алатын орнына байланысты суреттерді орналастыратын боламыз. Содан кейін ағашымызды жапырақтармен толықтырамыз.
(Балалар жапсыру жұмыстарын орындайды)
Тәрбиеші:
-Жапсыру жұмыстарын ойдағыдай орындап шықтыңыздар, өте тамаша. Міне бүгінгі біздің «Қарттарым – асыл қазынам» - атты қарттар күніне арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде аяқталып қалды. Біз кімдер туралы әңгімеледік?
Балалар:
-Ұнады, біз ата-әжелеріміз, үлкен адамдар туралы әңгімеледік.
-Үлкендерді сыйлау керек деп айттық.
-Сурет бойынша әңгіме құрастырдық.
-Дидактикалық ойын ойнадық.
-Жапсыру жұмысымен шұғылдандық.
Тәрбиеші: Қазақтар-«Төріңнен қарт кетпесін»деп тілеген халық. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп, сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қарттарым-асыл қазынам!»

шағым қалдыра аласыз